Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6526 6 пікір 26 Қазан, 2020 сағат 13:05

Қытайдың ұлттық идеологиялық саясаты

Қытай анағұрлым көп халқының санымен ғана емес, әлемдегі геосаяси, экономикалық әлеуетімен, тарихи бай мәдениетімен, әлемдегі ықпалды держава статусымен өзінің экономикалық миссиясын жүргізіп отырған алпауыт ел.

Ал, Қытайды экономикалық держава етіп отырғаны – оның ұлттық идеологиясы мен экономикалық идеялары. Сондықтан да бізге ғана емес, әлемнің ірі ықпалды елдерінің өзіне Қытайдың 21-ші ғасырдағы экономикалық әлеуетін, әлемдік экономикалық саясаттағы позициясын тану, зерттеу аса маңызды болып отыр. Біздің Қытайды қаншалықты танитынымыз да белгілі. Ал, сырттағы алпауыттардың өзі Қытайды терең зерттеумен айналысып, қыр-сырын талдап, саяси-экономикалық байланыста болып отыр. Менің де ұстанымым – Қытайды терең танып, құдайы көрші болғаннан соң саяси-экономикалық мүдде қайшылығына бармай, сауатты дипломатиялық қарым-қатынасты орнату маңызды деп қараймын.

Қазақстан үшін өз мүддесін сауатты ойлау, дұрыс ымыра жасау әрқашан да тиімді. «Ойбай, Қытай басып алады, ойбай, қытай бәрін тартып алады» деп үрейге бой алдыру қорғаныс пен қару емес. Керісінше, Қытайды терең танып, мүддемізден ұтылмай өтетін жолды табу біздің ертеңімізге де керек. Нақ қазіргі сәтте бізді, яғни қазақ тілді ортаны орыс тілді ақпараттық орта Қытай пропагандасы арқылы қорқытумен келе жатыр. Орыстілді ақпараттық пропаганданың жетегінде кеткеннен гөрі, бізге саяси, экономикалық майдандағы реали жағдайға көз тіккен әлдеқайда тиімді. Ол – қай көрші болса да оқып білу, зерттеу. Оған аса үрейленіп қараудың керегі де жоқ. Себебі, қорқыныш пен үрей өзіңді құтқарудың жолы емес. Осыны айқындап алу керек.

Қытайдың ұлттық идеологиялық саясаты негізінен діни-философиялық, дәстүрлі діни-моральдық, тарихи құндылықтардың жүйесінен тұрады. Қытай идеологиясы – бұл жалпықытайлық ортақ құндылық. Осы құндылықтарды заманауи құндылықтармен байланыстырып отырған Қытай елі дәл қазіргі уақытта ғылымды да, технологияны да, экономиканы да көтеріп жатыр. Идеология деген жалпыұлттық құндылық, бағыт, мемлекет болудың мән мағынасы. Ал, дәл қазір Қытай бұл құндылықтарды ғаламдық құндылықтармен алмастыра отырып, ғаламдық интегралды дәстүрлі саясатқа көшіп отыр.

Қытайды зерттеудің астарында не жатыр?

Қытай десе біздің қоғам үрейленетіні рас. Себебі де жоқ емес. Жалпы, Қытайдың геополитикалық, экономикалық, саяси идеологиялық миссиясын тану біздің де ұлттық иммундық жүйемізді қорғауға нысан қалыптастырады. Себебі терең таным үрей мен қорқынышты жеңе алады. Бізге өзімізді білімді, қуатты, әлеуетті ету үшін ұлттық идеологиямызды күшейту керек. Ұлттық идеологиясы ақсаған ұлт өзінің иммундық жүйесінен де ажырайды. Рухсыз, қорқақ, қуатсыз болып қалады. Кімнен үрейленсең, бойыңды соған билетесің. Кімнен қорықсаң, соның құлы боласың. Себебі, біз көрші тұрғандықтан өз территориямызды бөліп алып, басқа жерге апарып жайғастыра алмайтынымыз анық. Сондықтан оқу керек. Іздену керек. Оның негізі – ұлттық идеология мен білімде жатыр. Ұлттық идеология мен білімнің соңына ерген елде ғана бірлік болады.

Жалпы, Қытай идеологиясының негізі – адамды философиялық танымға жеткізу. Олар өздерінің адам факторын дамытудағы Конфуцийдің: «Аспан мен Жер жаралғанда жаратылған адам баласының өмірінен құнды дүние жоқ» деген ұстанымды ұстанады. Адам капиталын дамыту ғана мемлекетті дамыту деп біледі. Ал, екінші кезекте соғыс философиясын терең қарастырады. Қытайдың жалпыұлттық идеологиясы өзінің мәдениетімен, дәстүрімен сабақтаса қатар жүреді. Қазіргі заманның ой санасы мен құндылықтарын өткенімен терең байланыстарады. Идеология осылай жасалғандықтан, Қытай жұрты өзінің тарихи, мәдени өзегінен ажырамай келе жатыр. Мүмкін, бұлардың ғасырлардан ғасырларға жетіп келе жатқанының құпиясы осында жатса керек. Идеологиялық ұстынға Конфуций қағидаларын көп қолданады.

Қытайдың ұлттық идеологиясы соңғы кезде нарықтық экономика мен жоғары технологиялардың қарқынды дамумен сабақтасатын болды. Бұл үрдіс Цзян Цземинь, Ху Цзинтао төрағалық еткен кезеңдерде өте жылдам жүрді. Шын мәнінде бұлардың ұстанған бағытының негізі атақты Дэн Сяопиннің «Төрт модернизациялық тапсырма» идеологиясымен тікелей байланысты. Ал, Қытайдың тарихи идеологиялық өзгерісіне себепші болған Дэн мырзаның өзі де Қытайдың дәстүрлі мектептерінің өкілі. Байқадыңыз ба, бәрі де өзінің болмысы мен тамырынан қуат алған тұлғалар. Дэн Сяопиннің «Сяокан» концепциясы мен идеологиялық принциптері Конфуцидің құндылықтарымен тікелей астасып жатыр. Соның арқасында ұлттық идеологиялық сабақтастықты сақтап, Қытайды дамытудың жолдарын заманауи және тарихи негіздегі копцепциялармен байланыстырып, іске асырған. Қытайдың қазіргі уақытта ұлттық экономикалық державаға айналуына ұлттық идеологиясы ықпалын тигізіп отыр. Дэн Сяопин идеологиясының негізгі шарты «Билеуші барлық халықты керек-жарақпен қамтамасыз ету керек» деген темірдей тәртіпті ұстанады.

Біздің басшыларға да осындай ұлттық идеологиялық ұстаным керек. Қазақ ұлты өзінің жаратылған болмысы мен тамырынан, негізінен сусындаса ғана ұлттық идеологияны өзіне тірек етеді. Ұлттың дамуы мен өркендеуі өзінің тілінен, ділінен, тамыры мен тарихынан, дәстүрі мен құндылықтарынан бастау алғанда ғана іске асады. Себебі, оның түпкі ақпараттық гені өзінің танымын қалыптастырады. Талғамын тереңдетеді. Ғылым мен білімге, дүниені тануға жігерлендіреді. Бізге ұлттық идеология жетіспей, артта қалып отырғанымыздың да себебі осында.

Қытайдың каммунисттік партияларының бірінші төрағалары да тарихи сабақтастықтан ажырамаған тұлғалар

Қытайдың каммунисттік партиясының төрағалығына келген Цзян Цземин, Ху Цзинтао сияқты басшылары да елді билеуді Конфуций айтып кеткен қағидаларға сүйеніп, ұлттық құндылықтарға жұмыс жасай отырып, идеологиялық ұстынды бұзбаған. Олардың басқаруындағы ең негізгі аспект – бұл заң. Заң орындалуы керек. Тәртіп сақталуы керек. Заң орындалмаса жаза да күшті. Қытайдың ұлттық идеологиясы ұлттың философиясы мен прагматизмге, ұлт мәдениетіне, конфуцизм-марксизмге, ұлттық құндылықтарымен сабақтасқан. Бұл соңғы тарихи буын идеолог-реформаторы Дэн Сяопиннің «Сяокан» концепцисясына негізделген идеология арқылы Қытайдың тарихи держава ретіндегі геосаяси бағытын да айқындайды. Сондықтан да қытайлықтар: «Империя сыртқы жаудың емес, ішкі жаудың қытайлықтар ішкі жауды жою кезінде сыртқы жауға қарағанда ішкі жаудың қауіпті екеніне аса назар салған. Себебі, адамзаттың тарихындағы балық мемлекеттер мен империялар ішкі жаудың пиғылы мен әрекетінен қираған.

Біздегі біртекті идеологиялық бағыттың болмауы қоғамды ортақ мемлекеттік құндылықтарға жұмыс жасауға біріктірерде, ортақ ұлттық идеяларға жұмыс жасауда өте кедергі болып тұр. Біздің қоғамдағы идеологиялық әртектілік тілге бөліну, дінге бөліну, басқа да ұлттық құндылықтардан, тарихи тамырдан ажыраған жат идеологиялық ұстанымдар біздің келешегміз үшін аса қауіпті. Бұл жарылмаған бомба сияқты. Уақыты келгенде соғыссыз-ақ ұлтты жойып жібереді. Елді басқару, ұлтты ұйыстыру идеологиясы сол ұлттың тамырынан, болмысынан, тарихы мен ұлттық құндылықтарынан нәр алмаса, ол ұлтты ұйыстыру, ортақ мақсатқа жұмылдыру, ортақ идеяға жұмыс істетуге, елде ғылым мен білімді, ағарту саласы мен мәдениетті дамытуға орасан зиянын тигізеді. Себебі, ұлттық өзегіне вирус кірген ұлтта регресс болады, өзін өзі ұстауға, өзін өзі басқаруға қауқарсыз болып қалады. Мұндай ұлт қолындағысынан да, жолындағысынан да айырылып қалады. Кейде біз осындаймыз ба деп ойланамын. Ойланыңдар, ағайындар!

Бекболат Қаржанның әлеуметті желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364