Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4076 0 пікір 24 Қаңтар, 2012 сағат 10:01

Ерлан АРЫН, Павлодар облысының әкімі:«Павлодар атауына қатысты мәселені алдағы уақытта ескеретін боламыз»

- С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарып жүріп, бірден облыс әкімі болып тағайындалуыңыз шыны керек, жұрт күтпеген жаңалық болды. Рас, қалың көпшілік сізді Кереку аймағындағы бірден-бір ұлтжанды, қазақ ғылымының, руханиятының жанашыры ретінде таниды. Әйткенмен, «ғалым, ұстаз болған адамның бірден облыс әкімі лауазымына көтерілуі мүмкін бе еді?» деген сауал бәрібір алдымызды кесе-көлденеңдейтіні рас. Сіз бұған не дейсіз?
- Әрине, министр немесе облыс әкімі болу өте лауазымды қызмет және кәсіби жағынан жауапкершілікті қажет етеді. Меніңше, ең бастысы, мемлекет басшысының сенімін ақтап, елге абыройлы қызмет ететін азамат болу керек. Қазір барлығы мен туралы «Ғалым, ұстаз болған адам қалай әкім болды екен?» деген қалың ойдың құшағында отырғанын ішім сезеді. Өзіме қатысты мұндай сауалдарға бұрынғы ректор ретінде айтарым: біріншіден, мен облыс орталығында 11 жыл ректор болып қызмет етіп келе жатқаннан кейін аймақты бір кісідей білемін. Екіншіден, мен басқарған университет облыстағы барлық мекемелер мен зауыттардың кадрларын дайындап келеді. Сондықтан біз өз түлектеріміздің қай жерлерге еңбек етуге баратынын жақсы білеміз. Біздің университетті бітірген түлектердің 60 пайызы болашақ энергетиктер, металлургтер мен құрылыс саласының мамандары.

Білім-ғылым саласында жүргеніңізбен, бұрындары Үкімет құрамында біраз уақыт қызмет еткен екенсіз. Яғни, үлкен саясатқа кездейсоқ келе қалмағаныңызды байқап отырмыз.
Ең алдымен, мен осыған дейін үш мәрте облыстық мәслихаттың депутаты болдым. Сол кездерде облыстық комиссияны басқарып, бюджет мәселелеріне араластық. Соған байланысты үнемі өз пікірімді де айтып жүрдім. Тіпті, осы мәселеге қайта-қайта өзгерістер енгізіп, негізгі инвестициялар, бюджеттік жобаларды талдап отырған сарапшы маман болдық. Басқасын айтпағанда, мені көпшілігі университет ректоры ретінде таниды. Өткенге оралсақ, 11 жыл бұрын университетке ректор болып тағайындалғанша, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Спорт және туризм министрліктерінде вице-министр әрі екі рет бірінші вице-министр қызметін атқардым. Осы жағынан қарасақ, қазір елімізде әлеуметтік мәселелер бірінші орында тұр. Ал әлеуметтік мәселе халықтың мүддесімен тікелей байланысты. Облыста жұмыссыздық, жаңа жұмыс орнын ашу  өткір мәселе.
- Билікте ұстаздықтан министр, облыс әкімі лауазымына жоғарылағандар баршылық. Елді кім басқарса да, халықтың хал-ахуалын жақсы білетін, ел мүддесін қара басының қамынан жоғары қоя алатын, елшіл, ұлтжанды адам басқарса екен дейміз ғой.
- Әрине. Мысалы, мен жұмыс істеген министрлікті басқарған Қырымбек Көшербаев кейін екі облысқа басшы болды. Иманғали Тасмағамбетов мұғалім болып бастап, министр, одан кейін әкім болды, тіпті Премьер-министр дәрежесіне дейін барды. Одан бөлек, ұстаз болған Бердібек Сапарбаев қазір үшінші мәрте облыс әкімі болып отыр. Кеше ғана Ақтөбе облысының әкімі болған Елеусін Сағындықов та кезінде ректор болған. Енді міне, кеше ғана вице-министр болған Ерлан Арын Павлодар облысының әкімі болып шыға келді (күлді).
- Павлодарда жер-су, көше атауларына қатысты мәселе көп, біздің білуімізше. Қала атауына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жағы да ескерусіз келеді, әлі. Осы жағына облыс басшысы ретінде қаншалықты мән бересіз?
- Меніңше, осы мәселелерді ақылмен таразыға салып барып орындау керек. Жер-су, тарихи атауларға қатты мән беретіндердің бірі менмін. Жалпы, атам қазақ бұған ерекше қараған. Бұл қазақтың қанында бар, керек болса, ұлттық идеясына кіретін мәселе. Біздің ең үлкен байлығымыз  жеріміз. Сол жеріміздегі жота-қыраттың, өзен-көлдің өзіндік атаулары бар. Тарихи атауларды қайтару «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Құдайға шүкір, тәубә дейік, жиырма жылда талай тарихи этнографиялық атаулар қайтып оралды. Атауларды қайтару ол бүгінмен тоқтап қалатын мәселе емес. Біздің облыстың атауына қатысты мәселені кезінде мемлекет басшысы: «Ойланып, ортаға салатын мәселе»,  деп айтқан болатын. Алдағы уақытта ол жағын да ескереміз. Одан бөлек көше, ауылдардың да атауы бар. Мысалы, мен Ленинск деген атауы бар облыстағы бірнеше ауылды білемін.
- Павлодар қаласының іргесінде осы аттас бір ауыл бар еді...
Иә, иә. Соның барлығын қазір ойлап отырмын. Кезінде қазақтың Қазыбек бидей билері болған. Керек болса, басқа да атауларын қарастыру керек. Мұндай ономастикалық мәселелерді мемлекеттік дәрежеде жүйеге келтіріп, орындауға тиіспіз. Жер-су атауларын өзекті мәселе ретінде тіл мәселесімен бір қатарға қояр едім. Негізі, біз мұндай шаруаларды бұған дейін де атқарғанбыз. Халық арасында идеямызды айтып, қолдан келгенше жүзеге асырып, батасын алып жүрдік.
- Әңгімеңізге рахмет, жаңа қызметіңізде табыс тілейміз!
Әңгімелескен  Жанкелді ҚАРЖАН
«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552