Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4339 0 пікір 1 Ақпан, 2012 сағат 05:26

Шәміл Әбдісаматов. Ақыл – азбас байлық

Бір жігіт қазының алдына келіп, әкесінің үстінен  «малымды алды», «байлығымды тартып алды» деп, арызданыпты. Қазы оған әкеңді ертіп кел депті.  Бала әкесін ертіп келіпті. Қазы баланың әкесінен бұл істің мән-жайын сұрапты. Сонда баланың әкесі терең күрсініп, баласына былай деген екен:
- Балам, сен дүниеге дүние-мүліксіз, ештеңесіз келген болатынсың. Мына мал-мүлікке еге болдық. Сен жігіт боламын, ат жалын тартып азамат боламын дегенше, қанша бейнет шектім, сенің салмағың менің мойнымда болды. Іштің, жедің, кидің, ешнәрседен таршылық көрмей, азамат болып өстің. Бір күні сен қатты науқастандың. Сенің емделуің үшін көп қаражат керек болды. Көрші-қолаң, ағайын, жақын-жуық, жора-жолдастардан көмек сұрауға мәжбүр болдым.
Жиналған қаражатқа сені емдеттім. Кейін 2-3 жыл бойына осы қарызымды қайтару үшін тынбай еңбек етуіме тура келді. Сен жазылдың, денсаулығың түзеліп,  ел қатарына қосылдың. Сені ел қатарына қосылсын, азамат болсын деп, қанша бейнет шектім, бар еңбегім босқа кеткен екен. Сен менің қадіріме жетпедің. Сонша мейірімімнің бір мысқалын да қайтаруға жарамадың, балам, - деп, ұнжырғасы түсіп, отырып қалыпты.

Бұл хикая ата-бабаларымыздың кейінгілер үлгі алсын деп қалдырған ғибрат сөздерінің бірі ғана. Ақылды адам ата-анасы үстінен арызданады ма?! Ата-ана әрбір адамның баға жетпес байлығы, асылы  емес пе? Ол бар байлықтан жоғары тұруы керек. Үлкен байлық-ата-ана. Біз мұны ешуақытта ұмытпауымыз керек.
Кейде көпті көрген үлкен кісілер: - «Е, құдайым, малдан жарлы етсең де, ақылдан жарлы етпе»,-  деп отырады. Десе дегендей, малдан жарлы болған кедей емес, нағыз кедей - ақылдан жарлы адам. Біреудің атын айтып, күлгенді ұнататын адамдар болады. «Ата-анасын сыйламайды т.б.», деп. Сол кемшіліктер өз басында да бар екенін  ұмытып кетеді. «Алдымен өзіңе бақ, кейін данғыра қақ» деп осындайда айтылған, бәлкім.

Тағы бір хикая

Бір замандарда бір асқан бай адам өмір сүріпті. Оның үш баласы бар екен. Қартайған бай балаларын сынамақ болып, алдына шақырыпты. Байлығынан үш баласына да қыруар байлық бөліп беріп, «жүрген жерлеріңе қорған салдырыңдар» депті. Үш бала өзіне тиісті байлығын алып, жан-жаққа тарап кетіпті. Арада біраз уақыт өткен соң, балалар ауылға оралыпты. Енді бай балаларының салған қорғандарын, қалаларын тамашалау үшін балаларымен бірге жолға шығыпты.
Бай тамашалауды үлкен баласы құрған құрылыстан бастапты. Ол өзіне берілген байлыққа үлкен қорғанды қала тұрғызған екен. Қала тұрғындарының бірі мал бақса, бірі егін егіп, бау-бақшасын өсіреді, қол өнерімен айналысады екен. Бай ауыз ашпапты, кезек екінші бала-ортаншы баласына келіпті. Ол бар қаражатына мал сатып алған екен. Жол-жөнекей мал бағып жүрген кісілерден «Бұл кімнің малы, кімнің сиыры, түйесі»,-деп сұраса:   
-Бұл пәленшенің малы, түйесі,-деп ортаншы баласының атын айтады. Бай бұл жолы да дұрыс немесе бұрыс деп ауыз ашпапты.
Кезек кенже ұлына келіпті. Жол-жөнекей кездескен ауыл тұрғындарынан жөн сұраса, олар: -О, Сіз пәлен деген аға екенсіз ғой,-деп барын базарлап, жібермей сый-сияпат, ерекше құрмет көрсетіпті. Кенже ұлы әкесі «балам болды» дегенше ауыл-ауылды аралап жүріп алыпты. Сонда ғана бай сөйлеп.-Балам, сенің салған қорғаның кәне?-деген екен.
-    Менің салған қорғаным міне, осы достарым, сіз берген қаражатқа мал жинаған жоқпын, қала да салдырмадым, дос арттырдым, әке, ойыңыздан шыға алмадым, айыпқа бұйырмаңыз, -депті кенже ұлы.
Әке кенже баласының ісіне риза болыпты.
-Мен қорған салыңдар дегенде, осыны айтып едім «Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп». Байлық бір жұттық, жұтамайтын, сарқылмайтын байлық-абырой, сенім, ақыл, қиналғанда қол ұшын беретін достарың. «Досы көпті жау алмайды». Бақытты бол, дегеніңе жет, балам. Сен менің ойымды дәл таптың, -деп кенже баласына ақ батасын берген екен.
Кейін сол баласы асқан бай, ақылды, парасатты адам болыпты дейді. Бұл-даналар өсиеті. Дана бабаларымыз сарқылмас мұра қалдырған. Ақиқат шындық бабалар насихатында. Одан үлгі алып өскен азамат ешқашан қор болмайтынына иманым кәміл.                                                       
Шәміл ӘБДІСАМАТОВ,
Өзбекстан республикасы,
Навоий облысы,
Тамды ауданы,
Жаңа Тамды ауылы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560