Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 7725 16 пікір 19 Қараша, 2020 сағат 14:58

Ресей бізде «араб көктемі» болғанын қалайды!

Қаны түркі десе, әлдебір нәрсені қоңырсытпай тұра алмайтын ресейлік БАҚ АҚШ жаңа Президентінің Орталық Азияға қатысты жүргізетін саясаты төңірегіндегі гөй-гөйлік марафонын бастап кетті.

Ukraina.ru медиа басылымында Кирилл Курбатовтың ТМД елдерінің Орта Азия мен Қазақстан бойынша бөлімінің жетекшісі Андрей Грозиннен алған «Орталық Азияда өз ойын жүзеге асыру үшін АҚШ-тың қауқары жетпейді//у США не хватит ресурсов, чтобы реализовать свои планы в Средней Азии» атты сұхбат жарық көрді.

Енді осы сұхбатты Abai.kz оқырмандарына қазақ еліне қатысты жерлерін ғана қамтып ықшамдап аударып ұсынып отырмыз. 

– Андрей Валентинович, АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты біртұтас концепциясы бар ма? 

– Арысын 1990 жылдардан бастайтын болсақ, тіптен жетіп артылады. Ең соңғысы  мемхатшы Помпеоның Белорус, Украина, Қазақстан және Өзбекстанға көктемде жасаған іссапары кезіндегі  ресми мойындалған «2025 жылға дейінгі Орталық Азия Стратегиясы» құжаты.

Ондағы басты ой АҚШ аймақ елдеріне бірлесе даму мен әріптестікті ұсынуынан тұрады. АҚШ Орталық Азия аймағын әлдебір антиқытайлық блок ретінде пайдалануға қам жасауда.

Орталық Азия олар үшін Шыңжанда Қытайға проблема тудыру үшін аса қажет.

– Жұрттың бәрі Нұрсұлтан Назарбаевты 50 млрд доллар америка инвестициясын тартқаны үшін жер көкке сыйдырмай мақтайды. Бұл «әндіжан топалаңы» туындамауы үшін кепілдік бола ала ма?

– Жоқ, бұл жеткіліксіз. Шындығында бұл аса мол қаражат емес. Жылға шағатын болсақ, ішкі өнім мұнай құны шарықтаған жылдардағы  220 млрд доллардан 2019 жылы  175 млрд долларға азайса, биылғы жылғы локдаун, коронавирус және шикізат құнының арзандауы кесірінен тіпті құлдырайды. 

Америка инвестициясының 90%-ы Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған жобасындағы мұнай мен газ өндіретін мұнай-энергетика кешеніне салынған. Одан басқа түк емес. 20 жылға созылған аралықта алынған осы қаржы түрлі түсті төңкеріске арқау болады дегенге сене қоюымыз екіталай.

Ірі америкалық мұнай компаниясы Chevron үшін бұл ірі ақша болса да, АҚШ экономикасы үшін мардымсыз тиын-тебен. Chevron-ның мүддесін қорғау жолында армерика Назарбаев немесе Тоқаев үшін саусағында қимылдатпайды. Әрбір түрлі түсті төңкеріс – үнемі суғарып отыруды қажет ететін ылғалды топырақ. Бұл ең бастысы.

Chevron бұл орайда екінші кезекке ысырылады. Оның үстіне Байденнің АҚШ-тағы  мұнай-газ лоббиін ит етінен жек көретінін де ескеруге тиіспіз.  Трап маңындағыларға қарағанда Байден төңірегінің қорғаштайтын бизнесі мүлдем бөлек. Ең алдымен олардың арасынан аспаннан ақша жасайтын Уолл-Стрит жылтақайларын іздеуге тиіспіз. Енді мұнайшылардың қарасы бұрынғы әкімшіліктегіге қарағанда мүлдем азаяды. Бұдан келіп шығатыны Chevron мүддесіне қауіп төнсе, оны жанын сала қорғауға ешкім де суырылып шықпайды. Тырысатын шығар, бірақ қазақ жеріндегі мұнай-газ компаниясының мүддесі үшін ешкімде бақанын ала жүгірмейді.

Егер сіз Қазақстандағы парламент сайлауында шартты түрде белорус пен қырғыз сценарийі орын алады деп санасаңыз, оған ешқашан америка инвестициясы кепіл бола алмайды.

– Бұл сайлаумен байланысты емес. Дәл осы дәйектемені қазақ сарапшылары жиі ауызға алады …

– Мейлі олар өздерін жалған елеспен алдарқата берсін. Бұл жағдайда олар Мысырға қатысты орын алған «Араб көктемі» әдісіне сүйенеді. Ол кезде исламшылар демократтарға бүйректері бұрып, демократиялық даңғазаны сәтімен пайдалана біліп, Мүбәрәк режімін құлатуға ат салысқантын. Штаттағылар соңғы жарты ғасырда өздері ақшасын қазақ мұнай-газына қарағанда молынан салған стратегиялық әріптесі болып табылатын Мысырда ондағы бой көрсетудің бұл бағытына көз жұма қарады. Олардың тіпті Мысырдағы демократиялық өзгеріске бөріктерін аспанға атып қуанғаны есіңде шығар?

Ақырында не болды, армия іске араласып бәрін өз орнына қойды. Бірақ американың өздері ақша салған әріптестерін бастарына қиын-қыстау түскен шақта тастай қашатыны да өтірік емес.

Сол себепті қазақ шынжыр балақ, апай төстері «азаматтық қоғам» оянып, биліктің іргесін шайқалтса, бізді АҚШ қорғайды деп дәмеленбесін. Олар бойын аулақ салады.. Демократтар іштей қанша жерден қарсы бола тұрса да «Араб көктеміндегідей» Қазақстандағы протесті  қолдайтын болады. 

Ой түйін. Біздегі «Сайлау» болмай жатып, оның протеске ұласатынын әлем жұртшылығы бек жақсы біліп отыр. Бірақ дәл қазір сайлау комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің бір партиядан ғана тұратын айсбергін ертіуге ешкімнің дауыс көтермеуін немен түсіндіреміз!? Пәленің бірі осы сайлау комиссияларындағылардың қадамы мен пиғылына тіреліп тұр. Осы ахуал өзгермесе «араб көктемі» бізде де қайталанады. 

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383