Жұма, 29 Наурыз 2024
Дода 3607 16 пікір 24 Қараша, 2020 сағат 11:38

АҚШ сайлауы және біз

Күллі әлем көз тіккен АҚШ сайлауы мәресіне жетер емес. Құрама Штаттар тарихындағы ең даулы, жаңжалы көп сайлаулардың бірі ретінде есте қалатын сияқты. Электорат ерекше дамыған мына замаңда, сәт сайын даулы мәлімдемелер жарияланып, былайғы жұрт ақ пен қараны, шын мен өтірікті парықтаудан шатаса бастады. Қарашаның 7-і күні кімнің бүк, кімнің шік түскені айқындалады деген болжам расталмады. Сарапшылар әзірге Джо Байденнің алға озғаның мәлімдесе, жеңіс үшін өліспей-беріспеуге ниет қылған Трамп Қорғаныс министрің отставкаға жіберіп, дауыс санауда қаралық араласқаның сондықтан сотқа жүгінетінің мәлімдеді. Ал, сабырлы қалпын бұзбаған демократ Байден таңдауды Америка халқының жасайтының айтып, бірнеше маңызды кездесулерден соң Ақ Үйге орналасудың қамына кірісіп кетті. 

Қарашаның 16-і күні БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш мырза күтпеген жерден Джо Байденді жеңісімен құттықтады әрі БҰҰ-ның демократтар командасымен тығыз қарым-қатынаста болатындығына сенім білдірді. Мұның алдында Европадағы басты елдер Франция мен Германия басшылары Байденді жеңісімен құттықтаған. Ал Азиядағы Үндістан, Жапония, Корея сияқты АҚШ-пен ниеттес, тілектес елдерде ілгерінді-кейінді демократтардың жеңісің мойындады. Қарашаның 18-і күні алпауыт Қытай мен Ресейде сайлауға халықаралық қағида бойынша қарауды айтып көпшіліктің ортақ пікірінен кетары еместігін білдірген. БҰҰ-ның пікірі барлық мүше елдердің ортақ танымы екендігі айтпасақта белгілі. 

Бизнестен Президент тұғырына көтерілген Трамп төрт жыл билік құрғанда қандай жұмыстарымен есте қалды, әлемдік қауымдастық алдында абырой-беделі қалай? Енді осы төңіректе пікір өрбітейік.

Трамп ең әуелі мигрант заңын қатаңдатты. Шетелдіктердің жұмыс істеуіне, виза алуына кедергілер көбейді. Әсіресе, Азия, Африка, Латын Америкасынан келетін мигранттарға виза беруді қиындатты. Оны десең Мексикамен арадағы шекараға қорған тұрғызды. Мұсылмандарға қарата қатаң шектеу еңгізді. Қорғанның соңы дауға ұласты. Әуелі қорған тұрғызу үшін ақша сұраған-ды төмеңгі палата қабылдамай тастады. Қалған жұмысты жеке қорлар қолға алған еді соңы жемқорлық дауға ұласты. «Біздің Қорған» бағдарламасының басы-қасында жүрген бұрыңғы оңшыл бағыттағы «Breitbart News» ақпарат порталының атқарушы төрағасы болған кейін АҚШ президентінің бас стратегі, жоғары дәрежелі кеңесшісі Стивен Бэннон басы дауға шатылып түрмеге түсіп, кепілмен босап шықты. 

Құрылғанына 244 жыл болған Құрама Штаттардың өзі мигранттардан құралған ел. Өткен ғасырларда Еуропадан ауған жұрт ағылшын отарынан құтылып, Тәуелсіздік Декларациясын жариялап «Адам туылғаннан еркін, азат. Олар ешқашан түсіне, ұлтына, жынысына қарамастан терезесі тең өмір сүруге құқылы» деп жариялап, француз мүсіншісі сыйлаған «Азаттық мүсінін» Нью-Йорктің шағын аралына орнатты. Осыдан кейін АҚШ әлемдік экономиканың, саясаттың, мәдениеттің бесігіне айналды әрі Азия, Африка, Латын Американсындағы еркіндік сүйгіш, жасампаздық қуатқа ие, маңдай алды жастардың аңсаған арманының, тәу етер киесінің символы болды. «Мен Американдық» деген ұғым қырық рудан құралған халықты біріктіріп, ұйыстырып әлемдегі бірден-бір супер-держава деңгейіне жеткізді. Міне мұның бәрі мигранттардың немесе олардың бірнеше буын ұрпақтарының сайлаудағы көңіл күйіне әсер етері қақ. 

Бұдан сырт Дүниежүзі Денсаулық Сақтау Ұйымымен дәм-тұзы жараспады әсіресе, бүкіл әлемді пандемия алқымынан алған кезде бұл ұйымнан шығып кетті әрі бүкіл жауапкершілікті осы ұйымға аударғысы келді. БҰҰ-ы төлеуге тиісті АҚШ-тың жарнасы қордаланып қалған, ал Трамп болса бұл жарнаны төлеудің орнына «Керек болса БҰҰ-дан шығып кетемін» деп доңайбат көрсетті. Мына заман ғаламдасу және ақпарат ғасыры. Бүкіл әлем әрбір ақпаратпен құлақтанып, сарапқа салып отыр. Адамзат үшін жоғарыдағы екі халықаралық ұйымның беделі зор. Өз миссиясын шамасынша атқарып келеді. Дәл қазір олардың орнын баса қоятын балама ұйымды көре алмай отырмыз. Трамптың энергиясы қанша күшті болса да АҚШ-тай алып елді басқаратын кісі ақыл-парасатқа жүгінері сөзсіз әсіресе, Джордж Вашингтон, Джон Аддамс, Томас Джефферсон сияқты мемлекет аталары қалыптастырған билік құлағына жабысып алмайтын қасиетті дәстүр миллиондаған американдықтардың санасында сайрап тұр. Қазір Трамптың әйелі Мелания мен күйеу баласы Кушнердің жүйкесі сыр бере бастады. Басқада жақындары мен жанкүйерлері өз жолын табуда. Кейбір медиалар мынандай жаңалықты жарыса жазуда, Трамп бұл жолғы сайлаудағы жеңілісін мойындаса 2024 жылы қайтадан сайлауға түседі-міс. Сол арқылы үлкен Буштан кейінгі жалғасты сайлауда жеңіліске ұшыраған Республикашыл президент деген жаман аттан құтылмақшы. Әрине, мешкей деген ат жақсы емес қой, егер бұл хабар шындыққа айналса «қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресін» дегенің өзі болайын деп тұр. Тікең ол кезде 78-ге келеді де 80 жастағы төменгі палата спикері Нэнси Пелоси және 73 жастағы Клинтонмен қарсылас болмақшы. Ортақ жастары 80-ге таяған серкелердің сайысы әлемді бір желпіндіріп тастайтын шығар. 

Әрине, американдықтар үшін президент жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры сияқты қызмет. Оның артында акционерлер қоғамының акционерлері тұрады. Мәселені шешіп, АҚШ-тың бағыт-бағдарын белгілейтін сол кісілер. АҚШ құрылғалы демократтар мен республикашылардан  құралған 20 алып отбасы осы кеменің бағдарын бақылап келеді. Өткен ғасырлардан бастап Кеннеди отбасысы осы отбасылар қауымдастығына қосылды деген сөз бар. Қара нәсілден шыққан тұңғыш президент Барак Обама ең алғаш осы отбасының мүшесі сенатор Эдвард Кеннединің көзіне түсіп, сеніміне ие болған. Ал президент болған кісі солар белгілеген саяси экономикалық бағыттарды шамасының келісінше, парасатының жетіуінше атқарады. Додаға түскен президенттер өз рөлін жақсылап орындап шығады. Ойын қызған кезде акционерлердің көңілінен шықпауы, ойламаған жүріс жасауы мүмкін әрине, мұның бәрі еркіндік, демократия, еркін сайлау деген әдемі, тәтті сөздердің тасасында немесе шаңында көміліп қалады. 

Еліміздің президенті Қ. Тоқаев мырза Джо Байденді өз кезегінде құттықтап үлгерді. Отыз жылдан бері көп векторлы саясатты негізгі қыбылама етіп аса сақтықпен, шеберлікпен жүргізіліп келе жатқан еліміздің сыртқы саясаттағы бағыты АҚШ-тың билігіне мейлі кім келсе де өзгере қоймайтыны анық. Совет Одағы ыдырап Ресей билігіне Ельцин келген кезде Нұрсұлтан Әбішұлы әрі-сәрі болмастан халықты нарыққа бастады. Көптеген жеңілдіктер арқылы шетелден инвесторлар шақырды. Көрші елдермен шекараны анықтап, келісімге қол қойды. Шетелдегі қандастардың Отанға оралуына жағдай жасаса, сірескен бюрократиялық кедергілерді ретке келтіріп ауыл халқының қалаға шоғырлануына, нарықпен айналысуына жол ашты. Ядролық қарудан бас тартып, ядролық қаруға ие елдерден кепілдеме алды, осы негізде АҚШ және Еуропадағы басты елдер қазақ мұнайын және басқа да қазба-байлықтарды игеруге ат салысып өз үлестерін алды. Соңғы кезде жарыққа шыққан ақпараттар қазақ мұнайында Буш отбасының, кіші Буш кезіндегі мемлекеттік хатшы Кондолиза Райстың және ерлі-зайыпты Клинтондардың мүддесі қамтылғаны растап отыр. Әрине, демократтар мен республикашылдарда ет пен сүйектен жаралған адамдар, олардың да нәпсісі, бала-шағасы бар. Кей кезде АҚШ-ты билеп тұрған ықпалды отбасылардың сызығынан аса алмайды. Кезінде КДТ құрылып Ғалымжан Жақиянов бастаған жас түркілер саясат алаңына шығып, билікке өз талаптарын қойғанда Қазақстан бір дүрлігіп барып басылды. Соңы саясаткер Ғ. Жақиянов облыс әкімінен босап, қуғынға түскенде Франция елшілігіне барып паналайды. Қазақ билігі шетел дипломаттарына қатаң ескерту жасап, кейбір келісімдерді қайта қарайтынын ишаралайды. Соңында Франция, Италия сияқты елдер билікпен үш жақты келісімге қол қойып          «Ғ. Жақиянов қамауға алынбайды, әділ сот болады» деп уағдаласып Жақияновты шығарып салады. Соңында саясаткер 7 жылға сотталып кетті. Батыс үнемі айтатын кісілік құқық, демократия, сөз еркіндігі қазба-байлық үшін жасалған келісімдердің көлеңкесінде қалып қойды.

Кезінде Иран журналисті былай деп жазған еді «Әттен, еліміз қазба-байлыққа көз сүзген ойыншылардың құрбанына айналып кетті. Егер бұл қазба-байлық болмаса, Отаным бай тарихы және керемет қол-өнерімен Жапония, Корея сияқты дамыған елдердің біріне айналар еді» деп. Бізде де мұнай, газ бар, қазба байлықта Менделеев кестесі тұтас қамтылған, сондықтанда жағдайымыз күннен күнге күрделеніп келе жатқан сияқты. Қытай мен Ресей екі бүйірден қысқанда, АҚШ өз құндылықтарын таңып әлек. Алдағы өзгерістерге дайынбыз ба? Халықтың әл-ауқаты жақсарғанмен білім-білігі, таным-түсінігі жоғарлады ма? Халқымыздың саяси, заңдық сауаты қаншалық деңгейде? Бұл сұрақтардың жауабын ел болып іздеуіміз керек.  

Қазіргі Украина, Грузия, Арменияның жағдайына үнілсеңіз, отыз жылдан бері ұлт көшбасшысының сыртқы саясатының дұрыстығына көзіңіз толық жетеді. Әсіресе, Армения 90 жылдардағы соғыста өзінен екі есе көп Әзірбайжанды жеңіп Таулы Карабахты тартып алған еді, қазір билікке келген көлдеңен көк атты журналист батысқа арқа сүйеймін деп Ресейдің шамына тиді. Қалыптасқан ойын тәртібін бұзды, абырой беделден айырылып ұзақ жыл тұрақты саясат жүргізіп күш жиған Әзірбайжанға төтеп бере алмай Ресейдің қанжығасында кетті. Нақты мүддеге келгенде дінің, тілің, ділің ойнамай қалады. 

«Ақылды адам басқаның қатесіне қарап, өз қатесін түзейді. Ақымақ қателескенде ғана жанталасады бірақ кеш қалады» деген ақылияны санаға сіңіріп, тереңнен толғасақ мемлекеттің де тағдыры сол қисыңға барып саяды. Біз ғибрат алатын, тәжірибе-сабақ қорытындылайтын нақты мысалдар айналымызда жетіп артылады. Кешегі Иран, Ирактың, Ауғанстан мен Сирияның,  тұтас Африканың тарихын парақтасақ көзіміз жетеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, ұлт мүддесі үшін шығыспен де, батыспен де ымыраласқан, саудаласқан бірақ билікті қолдан бермей күрескен сол үшін батыстың жазғыруына, шығыстың қоқан-лоқысына тап болған Мұстафа Кемаль Ататүрік, Ганди, Мүбәрәк, Ли Куан Ю, Дэн Сяопинь, Махатхир Мохаммад, Пак Чон Хи қатарлы саясаткерлер сахнаға шықты. Олар отарлықтан құтылып ұлт тұтастығын, дербестігін сақтай отырып дамудың сара жолын көрсетіп кетті.

Өткен мен бүгінді екшеп, оң мен солға назар аударсақ ұлт көшбасшысының ерең еңбегіне тәнті боламыз. Тізгінді берсе де, шылбырды мығым ұстап өткенге есесі кеткен, бүгіннен алары бар, үш ғасырлық отарлықтың кесірінен берекесі кетіп, ерегесі көбейген, жан-жақтан анталаған діндер мен измдерге сәбидей сенген бейуаз халқын төңіректің төрт бұрышымен теңестіремін деп табанынан тозды. Жер жәннаты Жетісуға хош айтып, арқаның аязында қала салды. Енді міне мұнайлы өлкені курорт аймағына, түстіктегі киелі мекенді руханы орталыққа айналдырамын деп алпарысуда сол үшін сөз де естіді, сөгіске де ұшырады... Армандар шындыққа айналды. Өзгені сөз қылғанда, өзімізге де осылай бір үңіліп қояйық, ағайын! 

Омарәлі Әділбекұды

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563