Сенбі, 23 Қараша 2024
1955 0 пікір 10 Қараша, 2020 сағат 16:27

«Нұрлы жер» бағдарламасы 75,8%-ке орындалды

2020 жылдың 10 айында 10,7 млн м² тұрғын үй пайдалануға берілген. Яғни, биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында пайдалануға берілген баспана көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,7%-ке артқан. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар бүгінгі таңда 75,8%-ке орындалған. 

Жалпы, республика бойынша барлығы 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның 34 535-і жеке үй. Тұрғын үй саласы бойынша 15 өңірден өсім байқалады. Олар: Шығыс Қазақстан - 116,7%, Солтүстік Қазақстан облысы - 112,5%, Қарағанды - 110,3%, Павлодар - 109,6%, Қостанай - 109,5%, Алматы қаласы 108,5 пайыз, Түркістан облысы - 107,9 пайыз, Жамбыл облысы - 107 пайыз, Батыс Қазақстан облысы - 102,7 пайыз, Ақмола облысы - 101,6 пайыз, Маңғыстау - 100,9 пайыз, Ақтөбе - 100,5 пайыз болса, Нұр-Сұлтан қаласы 154,6 пайыз, Алматы қаласы - 103,6 пайыз және Шымкент қаласы 103,1 пайыз болған. Сәйкесінше, баспананы пайдалануға беру көрсеткіші екі өңірде бәсеңдеген. Олар Қызылорда - 91 пайыз және Атырау облысы - 88,4 пайыз.

Ал, ҚР индустрия және инновациялық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, 2020 жылы 150 мыңнан астам жанұя баспана жағдайын жақсартады.

«2020 жылы 15 миллион шаршы метр тұрғын үй салу туралы міндеттеме қабылданған. 150 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартады. Бұл мемлекеттік инвестициялар есебінен жасалмақ. Олардың ішінде 39 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі»,- деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде биыл «5-10-20» деп аталатын пилоттық жоба іске қосылған. Бұл тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешіп беруге бағытталған. Ол үшін Ұлттық банк 390 миллиард теңге бөлген. Оның 180 миллиард теңгесі кредиттік тұрғын үй салу үшін өңірлерге аударылған. Жалпы, 15,2 мың пәтер салу жоспарланыпты.

Сонымен қатар, Мархабат Жайымбетов биыл 5 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетінін айтты.

«Өткен жылы жылдық 2 пайызбен жеңілдетілген несие беретін «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды.Толық емес және көпбалалы отбасылардың, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылардың аталған бағдарлама бойынша қайталама және бастапқы нарықтардан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі бар.

2019 жылы 5 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Ал, 2020 жылы бұл мақсатқа 49,1 миллиард теңге бөлініп, 4900 жанұя қолдаумен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» азаматтардан 4769 өтініш түскен. Олардың 4074-іне несие берілді»,- деді Жайымбетов.

Комитет төрағасының айтуынша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатын, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер салынады.

Сонымен қатар, жалға берілетін 3 700 пәтерді сатып алу мен салуға 32,8 млрд.теңге бөлу қарастырылған. Ал, 2020 жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 4 222 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек.

Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанда 530 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр. Ал, 2020 жылы 4 835 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435