Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2694 0 пікір 20 Ақпан, 2012 сағат 04:45

Сайын Бөлек. Ерген ерледі

Таяуда сайланған Мәжілістің құрамына қарап отырып қазақ журналистері «Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, мәселе қозғайтын депутаттар санаулы ғана екен. Енді заң шығарушы органнан ұлттың жанайқайын жария ететін жанды табу қиынға соғар-ау» дескен болатын. Әрине, Алдан Смайыл, Нұртай Сабльянов, Мұрат Әбенов сияқты тісқаққан кәнігі депутаттардың текке отырмасын журналистер  жақсы біледі, бірақ, ұлтжанды халық қалаулыларының қатары сиреп қалғанға қынжылып жүрген.  Алайда, тілжанашырлары 5-ші шақырылған Мәжіліс депутаттарының арасында да бар болып шықты. Олар тіл мәселесінің талабын күн тәртібіне жаңаша қоямақшы. Мысалы, депутат Ерген Дошаев (суретте) Үкімет тарапынан Парламент Мәжілісіне келіп түсетін заң жобаларының мемлекеттік тілдегі мәтіні сын көтермейтіндігін айтып Премьер-министр Кәрім Мәсімовке сауал жолдады.

Расында еліміздегі қандай заңның қазақшасын алып оқысаңыз алдымен  орысшасымен салыстырып, ежелеп түсінуге тура келеді. Бұның басты себебі - заң жобасы әуелі орыс тілінде жазылып, содан соң барып қазақшаға қотарылады. Депутат Ерген Дошаев қазақшаланған заңның жобасына Үкіметтің өте салғырт қарайтынын сөзіне дәйек ете отырып, «сол себептен де Заң жобалары мен ратификацияланатын халықаралық құжаттарға қатысты проблемалар ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатыр» дейді.

- Құрметті Кәрім Қажымқанұлы,- деді депутат Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында, -  өзіңізге мәлім,  Конституциямыздың 61-бабына сәйкес Үкімет заң шығару бастамасы құқығының үш субьектісінің бірі болып табылады. Сондықтан оған аса зор жауапкершілік жүктелген. Алайда, атқарушы билік бұл жауапкершілікті толық сезінеді деп айту қиын. Заң жобалары мен ратификацияланатын халықаралық құжаттарға қатысты проблеманың ондаған жылдар бойы шешімін таппауы осы сөзімізге негіз бола алады. Әріге бармай-ақ, өткен ІҮ сессияны алайық.

Өткен сессия ішінде Үкіметтен Парламент Мәжілісіне барлығы 568  заң жобасы келіп түскен еді. Олардың қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерінің түпнұсақалары тең болмағандықтан  ғана 140 заң жобасы Үкіметке кері қайтарылды. Сонда мемлекеттік тілде дұрыс дайындалмауының салдарынан әрбір төртінші заң жобасы кері қайтарылған болып шығады. Ал  осы сессияға келіп түскен небары 2 заң жобасының 1-еуі тағы да  келген ізімен кері қайтты.

Депутаттың пайымдауынша, әңгіме еліміздің барлық азаматтары сөзсіз бағынып, мүлтіксіз орындауға тиісті Заңның сапасы туралы болып отырғанда Үкімет күш пен қаржыны аямауға тиіс. Сондықтан жеткілікті адам санымен (15-20 адам) бір құрылымдық бөлімше жасақтап, Үкіметтің бас ауруына айналған  мәселеге нүкте қоятын кез келді.

- Ал, атқарушы билік тарапынан сөз болып, бірақ аяқсыз қалған    ведомствоаралық комиссия да, қазір жұмыс істеуге кіріскен лингвистикалық орталық та бұл міндетті атқара алмасы анық.

Міне, сондықтан Үкімет заң шығару бастамасы құқығымен ұсынатын заң жобалары мен ратификацияланатын халықаралық шарттарға өзі жауапты болып, олармен жұмысты тек өзі жүргізуі керек. Мәселенің тап осындай жолмен шешілуге тиіс екенін айтып жатудың басы артық. Ендеше, бұл мәселені ендігі жерде сөзбұйдаға сала бермей, нақты шешім қабылдау қажет. Оған Үкіметтің құзыреті де, шамасы да жетеді, - деді Ерген Дошаев.

Әзірге байқағанымыз жаңа сайланған депутаттар әліптің артын бағып, бұрынғы-соңғылардың аузын аңдып отырғанға ұқсайды. Әйткенменде, ортасын жарып шығып, өзінің кәсіби заңгерлігін іс жүзінде пайдаланып, ілкімді ой айтып, пікір білдірген Ергенді ерледі десекте болғандай екен.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2274
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3591