Семсер Сақбай. Айбергеновтың атағы мен Шахановтың шатағы
12-нші наурызда жазушылар үйінде ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған «Жалғасын сен айт, бұл асқақ әннің...» деп аталатын жыр кеші өтті. Кеш ақынның 75 жылдығына арналған мәдени шаралардың дабыл қағар алғашқы жиыны іспетті болды. Ақынның үлкен қызы Салтанат «Айбергенов әлемі» атты журнал шығара бастапты. Жас журналдың тұсауын ағалар кесіп, әдемі әңгімелер айтты. Әсіресе, Смағұл Елубай - «Жазғанын түгел жатқа оқитын Төлеген сахнадан жыр сапырғанда зал қазандай қайнап, бұрқырап кететін еді. Ол - орысша айтсақ «поэт-трибун» (сайып қыран ақын, сахна ақыны) еді» деп басталған естелігі әдемі шықты.
Жыр кеші жас ақындар мүшәйрасына жалғасуымен жарасым тапты.
Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның.
Көкірегіңе құйып ап әлемнің асқақ бар әнін,
Қосудың арпалысы бұл - тоғыспас жолдар торабын.
Нақақтан күйіп баратса нұрлы күн үшін бір тұтқын,
Кес -кестеп барып кеудеңді оғына тосу мылтықтың.
Қалдырмау үшін ұятқа күнәсіз мынау дүниені,
Жамау қып басу өзіңді аузына барлық жыртықтың.

Осынау әйгілі өлеңімен ақындыққа, өлеңге деген асқақ сезіммен, шексіз жауапкершілігін әйгілеген ақын жас күйінде, жас ақын атты жалынды топтың ортасында мәңгі жасайтыны шүбәсіз.
Кеште Айбергенов атағына шек келтіретін асқан сөз де айтылып қалды. Ақынның кезіндегі досы, кейінгі насихатшысы Мұхтар Шаханов:
«Орыстар өлеңнің техникасын Пушкиннің кезінде шешіп алды. Ал біздің қазақ өлеңінің техникасы шешілген жоқ, оны шешкен осы Айбергенов, Ізтай Мәмбетовтер. Мен одан бұрынғы өлеңдерді оқи алмаймын, себебі ұйқас жоқ» деді. Біз не айтарымызды білмей қалдық.
Сонда кемінде «Күлтегіннен» басталатын тас кітаптар қайда? «Он ғасыр жырлаған», «бес ғасыр жырлаған» жырау бабалар қайда?! Он томдық ғашықтық жырын қайда қоямыз.
Бұхар, Ақтанберді, Қазтуған, Дулат, Жүсіпбек қожа, Махамбеттерді кім дейміз?
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма» деген,
................
«Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап,
Даланы жым - жырт дел-салғып,
Түн басады салбырап.
Немесе:
Көңілдің күйі тағы да
Өмірсіз жанның алды ішін.
Аударды өлең жағына
Нәпсінің сынған қайғысын.
Дейді Абай.
Бұдан артық қандай тереңдік, қандай техника керек. Немесе, Шәкәрімнің
Өлең күміс
Ән өлшеуіш
Қоспаңыз мыс аралас.
артық алу
тартып алу
Қапы қалу жарамас.
Осы жолдарда ұйқас, екпін кем соғып тұр ма?!
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш.
Емеспін жемісі мол тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқа мен сенікі
Ала бер, керегіңе жараса Алаш, - деп толғаған Міржақыпты, замандастары Мағжан, Ілиястарды, онан бергі «өлеңі өртке тиген дауылдай» Қасымдарды, біздің Мұхтар Шаханов оқи алмайтыны болғаны ғой. Одан бері қарайғы Мұхтар Шахановтың өзі «Әбділда, Сырбай басқа, мен басқамын» деп өлеңге қосқан үлкен буын қайда! Жұмкеннің өзін де құбылысқа қосар едік біз.
Бұл сөзді көлденең көк аттының біреуі айтса пысқырмас едік.
Ал, ақын ретінде миллион оқырманы, тұлға ретінде миллион тыңдарманы бар Мұхтар Шаханов айтса ше?
Біз үшін «қазақ поэзиясында техника болмады, ұйқас болмады» деген сөз «қазақта мемлекет болмаған, шекара болмаған» дегенмен бірдей сөз...
Шахановтай азаматтың Айбергеновтей әйдік ақынды шексіз бағалағаны, даралағаны дұрыс-ақ. Қайсар ақынды биіктету үшін қазақ өлеңін содан бастау парықсыздық болар еді.
Ақын Төлеген Айбергеновтың қапысыз шабыттан туған қайсар жырлары әрқашан қазақ даласын желдей есіп, аспанда құстай қалқып жүретіні сөзсіз!
«Абай-ақпарат»