Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2789 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 09:43

Мырзан КЕНЖЕБАЙ. ТОЛЕРАНТТЫҚТЫҢ АРТЫҚ «ДОЗАСЫ» Ұлтты дертті етпесін

Алғаш Кеңес өкіметі орнасымен большевиктер Құдайға сенбеу, Құранды мойындамау ата-баба салт-дәстүрін тәрк етіп, жаңаша өмірге қадам басу туралы ұранды түркітектестердің ішінде ең әуелі қазақ даласына тастап кеп жіберді. Бүкіл қазақ уралап, ұлы дала қым-қуытқа айналды. Басорамалын лақтырып тастап, анадан безіп қыз кетті, атадан безіп ұл кетті. Бізбен тілі бір, діні бір, арғы тегі бір бауырлас ұлттар дәл қазақтарға ұқсап, адам танымастай өзгеріске түсе қойған жоқ.

Іле-шала интернационализм идеясы жүргізіле бастады. Және бір қызығы, интернационалист болу о баста тек қазақтың маңдайына жазылып, қазаққа жүктелген міндет сияқты болды. Әйтпесе, Қазақстанда тұратын орыстарға қазақ тілін, қазақ мәдениетін үйреніңдер, қазақ халқын құрметтеңдер деген сөз айтылған жоқ. Керісінше қазақ қана орысқа еліктеуге, орысша сөйлеуге, орыстың мәдениетін үйренуге, бүкіл басқа ұлт атаулыны төбесіне көтеруге міндетті секілді болды. Сонда ғана нағыз интернационалист боласың. Әлгі тілі бір, діні бір, арғы-тегі бір, бауырлас ұлттардың көбі тағы да мұндай өзгеріске түсе қойған жоқ. Сөйтсек, сол республикалардың басшылары сол кездің өзінде-ақ оның арғы жағында орыстандыру саясаты жатқанын түсініп, өз ұлтын одан аман-есен сақтаудың әртүрлі жолын қарастырған екен ғой. Оны кейін білдік.

Алғаш Кеңес өкіметі орнасымен большевиктер Құдайға сенбеу, Құранды мойындамау ата-баба салт-дәстүрін тәрк етіп, жаңаша өмірге қадам басу туралы ұранды түркітектестердің ішінде ең әуелі қазақ даласына тастап кеп жіберді. Бүкіл қазақ уралап, ұлы дала қым-қуытқа айналды. Басорамалын лақтырып тастап, анадан безіп қыз кетті, атадан безіп ұл кетті. Бізбен тілі бір, діні бір, арғы тегі бір бауырлас ұлттар дәл қазақтарға ұқсап, адам танымастай өзгеріске түсе қойған жоқ.

Іле-шала интернационализм идеясы жүргізіле бастады. Және бір қызығы, интернационалист болу о баста тек қазақтың маңдайына жазылып, қазаққа жүктелген міндет сияқты болды. Әйтпесе, Қазақстанда тұратын орыстарға қазақ тілін, қазақ мәдениетін үйреніңдер, қазақ халқын құрметтеңдер деген сөз айтылған жоқ. Керісінше қазақ қана орысқа еліктеуге, орысша сөйлеуге, орыстың мәдениетін үйренуге, бүкіл басқа ұлт атаулыны төбесіне көтеруге міндетті секілді болды. Сонда ғана нағыз интернационалист боласың. Әлгі тілі бір, діні бір, арғы-тегі бір, бауырлас ұлттардың көбі тағы да мұндай өзгеріске түсе қойған жоқ. Сөйтсек, сол республикалардың басшылары сол кездің өзінде-ақ оның арғы жағында орыстандыру саясаты жатқанын түсініп, өз ұлтын одан аман-есен сақтаудың әртүрлі жолын қарастырған екен ғой. Оны кейін білдік.

Ал «демократия» деп аталатын тәжірибенің арқасында бүгінге дейін Павлодар, Петропавл деген қазаққа үш қайнасы сорпасы қосылмайтын атауларды өзгертуге қорқып отырмыз.

Осындайда еске түседі. Сонау Кеңес заманында Мәскеу газеттері «өзбек, қазақ, түркімен, тәжіктер көбейіп барады. Олар баланы көп туады. Орыс азайып кетті» деген сыңайдағы жымысқы мақалаларды жиі жариялап тұрды. Сондайдың бірінде: бұл өзбек ұлты ешқашан дінін, тілін сатпайды.

Қазаққа ендігі жүргізіліп жатқан саяси тәжірибе - толерантты болу, яғни бәріне төзе беруді үйрету. Қалай түсінсеңіз, олай түсініңіз, бірақ бұл қазаққа жасалып жатқан соңғы тәжірибе болуы да мүмкін. Яғни бұған дейін «мың өліп, мың тірілген қазақ» енді мың бірінші рет тірілмей қалуы да мүмкін. Бұл тәжірибе түгел жүзеге асса, қазақ ұлт ретінде жойылып, «Казахстан» деген «общий дом»-дағы бір диаспораға айналары сөзсіз. Өйткені біз ешқашан қауіптің алдын алып, оның себебімен күресу дегенді білмейміз. Тек салдарымен ғана күресеміз. Ал салдармен күресу дегенімізді дана қазақ баяғыда-ақ «болар іс болды, бояуы сіңді», «жау кеткен соң қылышыңды боққа шап» деген.

Қазақтар Ресейден тәуелсіздік алдық деген соңғы жиырма жылдың өзінде қаншама «болар іс болдыны» бастан өткермеді десеңші. Келіспегендер келіспей-ақ қойсын, бірақ саналы қазақ «Казахстан - наш общий дом» деген сөздің астарында қандай пиғыл жатқанына ой бойлатса артық болмас еді. Мүмкін, бұл әлдебір ағеділ жанның риясыз көңілмен айта салуы да мүмкін. Егер Кеңес Одағы тарағаннан кейін өз алдына отау құрған өзге республикалар: бұл тек біздің ел емес, келген-кеткеннің бәріне ортақ ел деп жатса, бұлай дей алмас едік. Оны айтасыз, құрамында толып жатқан автономиялы республикалары бар, 130 емес-ау, әлемдегі ұлт атаулының өкілі түгел тұрып жатқан Ресейдің орыстары күніге көшеге шығып: «Россия только для русских», «Долой чужемцев!» деп шулатып жүрген жоқ па?! Әрине, тым артық кетіп отырғаны рас. Бірақ олар неге қазақтарға ұқсап «толерантты» болайық, бәріне шыдап, бәріне төзе берейік демейді?!.

Сонымен, қазақ өзі айтқандай «болар іс болып, бояуы сіңгесін» барып, соның салдарымен күресе бастайды. Оны күрес деуге де келмейді. Онысы тәттіге өкпелеген балаша «өз елімізде өгей болдық», «тіліміз өгей бала сияқты», «теледидарымызда тек түн ортасы ауғанда ғана қазақша беріледі», «жер байлықтарымыз кім көрінгеннің қолында», «шетелдіктер басынып жүр» деген сияқты аузын томпайтып, қабағын кіржитуден әрі аспайды. Керек десеңіз, соның өзін қазақша басылымдар батыл айтуға қорқып, он айналып орағытып, сипақтатып, бірнәрсе айтқан болады. Мысалы Қазақстандағы телеарналарды алып қараңыз. Сонау жылдары телеарналардағы қазақ тілінің үлес салмағы 50 пайыздан төмен болмау керек деген заң қабылданды. Күндер өте келе бұл тілдің күндізгі эфирдегі үлесі орысшадан мүлде кем түсіп, сол азын-аулақ қазақша көрсетілімдердің көбі түн ортасы ауғасын ғана көрсетілетін болды. Қазақтар енді үкі, жапалақ, байғыз тәрізді түн ортасында көк жәшікке көз тігіп отыратын түн құстарына айналды. Әлі де солай. Тек «Қазақстан» телеарнасы ғана қазақша десек, оның да біраз көрсетілімдері мен фильмдері орысшадан тәржімаланған. Біз біраз уақыт сол солақай телесаясаттың салдарымен күрескен болып, бүгінде оған да етіміз өліп кетті. Яғни толерантты ұлтқа айналдық. Қазақ - қиыншылыққа, небір ауыртпалыққа төзімді ұлт.

Қазаққа жасалған тағы бір тәжірибе - оны діни төзімділікке, яғни толерантты болуға үйрету. Бұл саяси тәжірибе 1992 жылы 12-ші қаңтарда «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылдана салысымен, ең әуелі қазақтарды 13 ғасыр бойы ата-бабасы ұстанып келе жатқан қасиетті дінінен алшақтатып, өзге діни секталарға бет бұрғызу басталды. Сол жылдары ішер ас, киер киімге жарымаған қазақтың қыз-жігіттері өлместің қамымен басқа діндерге кіріп кетті. Осы заңның «Миссионерлік қызмет» деп аталатын 4-1 бабына сәйкес еліміздің азаматтары да, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да Қазақстанда миссионерлік қызметті тіркеуден өткізіп алып, жүзеге асыра беруіне еркіндік берілді. Ал осы заңның 1-1 бабының екінші тармағында миссионерлік қызметтің не екеніне нақты анықтама берілген. Яғни миссионерлік қызмет - мазмұндап айтсақ, Қазақстандағы бұрынғы діни бірлестіктердің жарғыларында жоқ діни сенімдерді уағыздау және тарату екен. Бұнымен қазақ даласында бұрын-соңды болмаған, қазақ естіп-көрмеген келімсек діндерді уағыздауға кең жол ашылды. Соның арқасында 70 пайыздан астам мұсылман тұратын қазақ елінде бір ғана протестанттық бағытты тұтынушы шетелдіктердің 40-тан астам ағымдары, сол ағымдардың 1400-ге жуық ұйымы өз «тәжірибелерін» бүгінге дейін жүргізіп келеді. Олардың көбі католиктер мен протестанттар. Бұлардың елімізде, әсіресе қазақ жастары арасында жүргізіп жатқан діни де, ахлақи да (моральдық) арандату, азғындату жұмыстары туралы қазақша басылымдар талай-талай жазды. Амал не, биліктегілердің қоғамдық пікірмен, әсіресе қазақтың пікірімен санаспауы келімсектерді дегеніне жеткізді. Жеткізгені емей немене, мыңдаған қазақ қаракөздері келімсектердің арамзалық жетегіне түсіп кетті. Әлі де түсуде. Бірақ кейбір биліктегілер мұны түсінсе де түсінгісі келмейтін сыңайлы. Олар кімге жарамсақтанатыны белгісіз, «біз ислам мемлекеті емеспіз», «біз ислам дініне басымдық бере алмаймыз» деп, біресе «біз зайырлы мемлекетпіз» деп, Еуропа мен Америка жаққа қулана қарап қояды. «Солай десем, сіздерге ұнаймын ғой, ә?» дегені шығар.

Ресейге келген мигранттар орысша білуі керек. Ресей Федерациясының құрамындағы ұлттық республикаларда да іс қағаздары орысша жүргізілуі міндет. РФ заңында солай жазылған. Ал Қазақстандағы іс қағаздарында орыс тілі әлі өз күшінде. Оны айтасыз-ау, әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте көптеген құжаттама, іс қағаздары орыс тілінде екенін көргенде, не дерімізді білмедік. Бұл ұлт болмаудың басы емес пе? Ресей біз тек правасловиелік елміз деп ашықтан-ашық айтады. Ал енді соның бәріне төзімді, бәріне толерантты, бәріне еркіндік беріп қойған Қазақстан атқамінерлері орамал тартып, ұзын көйлек киген қазақ қыздарына ғана төзімсіз. Олар орамал тартқан қыздардан неге қорықты? Керісінше, көшеде жартылай жалаңаш жүрген, ауыздарынан арақ пен темекінің иісі мүңкіген қыздарды неге көрмейді? Мұндай сорақылық қай елде бар екенін білмейміз... Білетініміз - Қазақстандағы көпшілік орындарда намазханалар жабылып, орамал тартқан қыздарға мекеме, оқу орындарының басшылары қырғидай тиердің алдында Англия, Франция, Бельгия және басқа Еуропа елдерінде мешіттерге, орамал тартқан әйелдерге (мұсылмандарға) осындай қысым көрсетіліп жатқан еді.

Әрине, мемлекет болғасын оның заң-зәкүніне бас ию дұрыс. Алайда соның бәрі қоғамдық пікір, халықтық оймен санасып барып қабылдануы тиіс қой. Қазақта «жаны күйген адам Жаратушыға да тіл тигізеді» деген сөз бар. Олай болса, әлдебір мұнайшылар мен шахтерлер немесе малшылар мен егіншілер жалақысын ала алмай, үйінде бала-шағасы ас-сусыз, жалаңаш-жалпы отырғанына шыдамай ереуілге шықса, оларды сендер толерантты болмадыңдар, бұзақысыңдар деп айыптау қалай болар екен?! Сол сияқты егер бір топ адам жерімізді, жер байлығымызды шетелдіктер иемденіп алды, олар біздің елімізде жүріп бізді адам деп есептемейді, олар айлықты бізден әлдеқайда көп алады деп наразылық білдіріп жатса, оларға толерантты болмадыңдар деп су шашу, резина оқпен атуды да қолдау қиын. Сондай-ақ, біз пәлен деген үлкен мерекені тойлап, думандатып жатқанда сендердің жалақы сұрап ереуілге шығуларың толеранттылыққа, яғни, төзімділікке жатпайды деудің өзі де сыймсыз болар. Өткендегі Жаңаөзен уақиғасы кезінде бір полицей бір жігітті сабап жатып: «Сендейлердің кесірінен «комендантский час» деген шығып, Жаңа жылды тойлай алмайтын болдық» деп айқайлапты... Ол полицейдің ойынша әлгі мұнайшы жігіт алдымызда христиандардың жаңа жылы - 31 желтоқсан келе жатыр, сәнді сарайда, тайпалған көлікте, ішкені алдында, ішпегені артында ғұмыр кешіп жүргендердің мазасы кетер, толерантты бола тұрайын деуі керек екен.

Біле-білсеңіз, Батыс Еуропа елдерінен келіп, біздің Алла тағала жаратқан жаратылысымызға жат дінін, өз тілін, небір адам жиренерлік үрдістерін, дөрекі мәдениет-сымақтарын таратушылар осы толеранттылық дегенді өз ыңғайларына әдемі пайдаланып жүрген сияқты. Олардың осы ыңғайларына құлап, толерантты боламын деп өз еліне ойдан келген ойыққұлақ, қырдан келген қиыққұлақ келімсектердің тілін, дінін, салт-дәстүрін, жабайылық махаббатын төбесіне бұлайша көтере берсе, қазақ ұзаққа бармай жер бетінен жойылып кетері анық. Қазір қазақтарға қызу жүргізіліп жатқан «толеранттық» деп аталатын тәжірибені дереу тоқтату не «дозасын» азайту керек-ақ.

Ұтыры келгенде айта кетейік, осы толеранттық идеясын көтеріп, оны әсіресе Қазақстан сияқты «үшінші әлем» елдеріне таратып отырған Батыс Еуропа елдерінде сол толеранттықтың «он екіде бір нұсқасы» жоқ сияқты. Сенбесеңіз, сіз Англияға барып «ағылшынша білмеймін, бірақ мені бір тәуір қызметке алыңыздар» деп көріңізші. Мазақ қылып, қуып шығады. Керек десеңіз, көше сыпырушылыққа да алмайды. Ал олар Қазақстанға келіп кез-келген шонжарға кеңесші не көмекші бола салады. Қазір Батыста да, АҚШ-та да өзге елдердің мәдениетін көрсету, насихаттау тоқтатылып жатыр. Бұрынғыдай «мультикультуризм», «көпмәдениеттілік» дегеннің күні бітті. Францияда - француз, Англияда - ағылшын, Германияда - неміс, Италияда - итальян, Испанияда - испан мәдениеті уағыздалады. АҚШ-та өзге елдің мәдениетін насихаттау мемлекеттік сатқындық болып саналады. Ал Қазақстан мынау жақсы, мынау жаман деп талғап, таңдап жатпастан небір мәдениет деуге келмейтін кір-қоқысты жинай беруі қалай? Оны Қазақстанда 20 жылдан бері қысы-жазы, күндіз-түні дүрілдетіп, улатып-шулатып өткізіліп жатқан той-томалақтың бір-екеуіне қатысқан адам өз көзімен көреді. Солардың бірде-бірі Еуропадан, Ресейден, арғы жағы Америкадан келген жын-жыпырсыз өтпейді. Олардың келу-қайту жолпұлы, мейманханасы, ішім-жемін түгел көтереміз. Қайтарда қалтасына салып беретін «сый-ақымыз» және бар. Ал қазақ басылымдары мен теледидар журналистері олардан «Қазақстан Сізге ұнады ма?», «Астана қалай?», «Біздің еліміздің қонақжайлығы қандай екен?» деп сұрақ қойып, олардың «жағымды» жауап бергеніне мәз болып, соны жұртқа жар салып жариялайды.

Қазақ шетелдіктердің ғана емес, өз ішінен шыққан шіріген жұмыртқалардың өз тілі, өз ұлттық бет-бейнесі туралы айтқан небір жүгенсіздіктеріне де толеранттылық байқатып келеді. Қазақ сондайлардың: «қазақ тілі - дастарханның ғана тілі (язык застолья), отбасылық тіл, ол ғылыми және саяси-халықаралық ойды жеткізуге қабілетсіз, кедей тіл» деп аузына келгенін сандырақтатқанына да төзіп келеді. Қазақ «бұрын қазақта мемлекет болмаған, қала болмаған» дегенге де, қазақ түгелге жуық сауатсыз болған, олардың 2 пайызы ғана жазу-сызуды білген деген өтірікке де, қазақ орыстың арқасында адам болды дегенге де төзіп шыдап келді. Әлі де шыдап келеді. Қазақ қазір өз еліндегі КТК деген телеарнаның күндіз-түні Ресейдің әншілерін насихаттап, «наша казаша» дегенінің шалақазақты мазақ қылған болып, қазақ тілін орыс тілінің аудармасы қып, толып жатқан киім-бұйымның қазақшасы жоқ (мысалы носки-нәски, скорая помощь -скорый помощь, ящик-жәшік) дегендей қып, тіпті үй болып отау тігіп жатқан екі жасқа беретін ақ батасын да орысша өңін айналдырып мазақ қылуына да, оны күн сайын қайталап отыруына да «толерантты» болып келеді. Бұл «передачада» жоғары білімді, жас қазақ ғалымның бір қора қойдың ортасында тұрып алып, қойлармен әңгімелесуінің өзі қазақ ұлтын қорлау екенін есі түзу адам бірден байқайды. Және КТК осының бәрін қостілді қазақтарға жүргізіп қойған. Сол көрсетілімді жүргізіп жүрген 2-3 жігіт шынымен-ақ әуелі өздерін-өздері, сосын өз ұлтын күлкі қып тұрғанын түсінбейтін байғұстар болғаны ма? Қазір орыс газеттері мен орысша телеарналар қазақты осылайша қазақтың ішінен шыққан осындайлармен масқаралаудың әдісін өте жақсы меңгеріп алды. Қазақ осының бәріне «толерантты» болумен келеді. Ал осы КТК-ның «Мәссағанын» жүргізетін жігіт қазақшаға ылғи орысшаны араластырып отырады. Жалпы бұл «Мәссаған» әрі арзан да әрі айтары жоқ, жеңіл-желпі күлуге тұрмайтын нәрселерді әзіл-қалжың деп көрсетеді. Қазір қазақ телеарналарындағы қазақша көрсетілімдерді егер басқа ұлт адамдары аңдып көрер болса, олар мына қазақ деген халық арзанқол да түкке тұрмайтын әзіл-қалжыңнан, әдепсіз күлкіден, басқалардан көшіріп алған «Екі жұлдыз», күндіз-түні ән салып, өлең айтудан, сосын билік басындағыларды мақтаудан, 20 жылда тұтас бір ғасырдың шаруаларын тындырып тастадық деп бөсуден басқа ешнәрсе білмейтін халық екен деп қалуы да мүмкін.

Иә, қасиетті Құран адам баласын фәни-жалғанда жиі кездесетін небір қиыншылыққа, жанды да, тәнді де қинайтын небір ауыртпалыққа, аш-жалаңаштыққа төзімді болуды уағыздайды. Бірақ солай екен деп ата-бабаңнан қалған тіліңе, ғасырлар бойы ұстаған дініңе, ұлттық намысыңа, ұлттық болмысыңа жасалып жатқан қиянат, кесапаттың бәріне сіздердікі жөн, «ләббай тақсыр» деп, құлдық ұрып, жүре беру ездің ғана тірлігі шығар.

Меніңше, бүгінгі қазақ өз елінде мынадай, жағдаяттарды орынсыз деп тауып, оған төзімді болмауға толық хұқы бар. Ол үшін һешкім де жауапқа, жазаға тартылмауы керек. Бүгінгі қазақ егер Қазақстанда өзге елден келген басқа бір ұлт өкілі:

1.Қазақты құрметтемесе;

2.Оның тілін, ата-бабасы тұтынған дінін құрметтемесе;

3. Жерін, жер асты, жер үсті байлығын төгіп-шашып рәсуалап жатса;

4.Сол байлықтарды әлдебір шонжарлар шетелге сатып жатса;

5.Қазақстанның кез-келген қаласында, ауылында тым еркінсіп, мәдениеттілік сақтамай, аузына келгенін сөйлейтін болса;

6.Өзен-көлдерді, су көздерін ластап бүлдіріп жатса, оған төзбеуге, яғни, толерантты болмауға хұқылы болуы керек.

Ия, төзімділік, шыдамдылық жақсы қасиет. Бірақ оған қоса ар-ұят, ұлттық ар-намыс деген киелі ұғымдар да бар. Төзімді болу - қорлық-зорлық атаулыға көне беру, ұлттық намыстан айрылу емес. Әрине, біздің заманымызда, әсіресе Қазақстанда ұлтыңның ұлттығы үшін, ұлтыңның намысы үшін күресу қиын. Бірақ ұлт үшін, ұрпақ үшін барлық қиындыққа төзудің өзі азаматтық қой... Бүгінгі ұрпақ соны жан-дүниесімен түсінсе дейміз.

Толерантты болсақ та, ар-намысты ұлт болғанға не жетсін!

 

Мырзан КЕНЖЕБАЙ, журналист

«Түркістан» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395