Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2265 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 09:51

Айхан ШӘРІП. «Халықтық жекешелендіру» басталады, ағайын!

«Халықтық жекешелендіру» күздің бел ортасында басталатын болды! Министрлер Кабинетінің кешегі жиынында осындай шешім қабыл алынды. Осылайша Қазақстан Көшбасшысы бастамашы болған «халықтық ІРО» аясында, биылғы қазан айында қазақстандықтарға «магистралды мұнай құбырларының қожайыны» - «ҚазТрансОйлдан» енші иелену мүмкіндігі туғызылмақ. Бір қызығы, үкіметтегілер бұл мүмкіндікті азаматтарды «МММ»-ның «қаржылық құрдымына» құлаудан құтқаратын құрал ретінде де қарастырады екен. Ел Үкіметінің осы отырысында өзге де елең еткізерлік жаңалықтар жария етілді.

Жаһандық дағдарыс жағадан ал­ғанда, жайрап қала жаздаған көптеген «жүйе құраушы» кәсіпорындар мен жетекші банктерді Үкімет жетекке алғаны мәлім. Осылайша мемлекет экономикаға дендей енді. «Енді, - дейді вице-премьер Қайрат Келімбетов, - Дүниежүзілік банктің, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму бан­кінің соңғы ұсынымы бойынша жеке сектордың үлесін және жеке ин­вестицияларды арттыру қажет. Осыған байланысты мен «халықтық ІРО» бағ­дарламасы дәл қазір ең дұрыс әрі өзекті деп санаймын. Соның арқасында Қазақстан азаматтары еліміздің ірі активтерінің, ұлттық компанияларының акционерлеріне айналу мүмкіндігіне қол жеткізеді».

«Халықтық жекешелендіру» күздің бел ортасында басталатын болды! Министрлер Кабинетінің кешегі жиынында осындай шешім қабыл алынды. Осылайша Қазақстан Көшбасшысы бастамашы болған «халықтық ІРО» аясында, биылғы қазан айында қазақстандықтарға «магистралды мұнай құбырларының қожайыны» - «ҚазТрансОйлдан» енші иелену мүмкіндігі туғызылмақ. Бір қызығы, үкіметтегілер бұл мүмкіндікті азаматтарды «МММ»-ның «қаржылық құрдымына» құлаудан құтқаратын құрал ретінде де қарастырады екен. Ел Үкіметінің осы отырысында өзге де елең еткізерлік жаңалықтар жария етілді.

Жаһандық дағдарыс жағадан ал­ғанда, жайрап қала жаздаған көптеген «жүйе құраушы» кәсіпорындар мен жетекші банктерді Үкімет жетекке алғаны мәлім. Осылайша мемлекет экономикаға дендей енді. «Енді, - дейді вице-премьер Қайрат Келімбетов, - Дүниежүзілік банктің, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму бан­кінің соңғы ұсынымы бойынша жеке сектордың үлесін және жеке ин­вестицияларды арттыру қажет. Осыған байланысты мен «халықтық ІРО» бағ­дарламасы дәл қазір ең дұрыс әрі өзекті деп санаймын. Соның арқасында Қазақстан азаматтары еліміздің ірі активтерінің, ұлттық компанияларының акционерлеріне айналу мүмкіндігіне қол жеткізеді».

Бағдарлама 2012 жылы басталып, 2015 жылға дейін жүзеге асырылуға жоспарланған, осы уақыт ішінде қо­лында жинағы бар азаматтар мем­лекет басқаруындағы көптеген ірі компаниялардың акцияларын иелене алмақ. «Ізашары» - «ҚазТрансОйл» болатын көрінеді, ал оның соңынан «КЕГОК» халыққа қарай бет алуы мүмкін. «Болашақта біз үлкен компаниялардан мұнай, газ, темір жол сынды салалардағы ірі компанияларды жекешелендіруге көшетін боламыз» деп сендірді кеше Үкімет басшысының орынбасары. Халықтың «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» сынды алпауыттардан үлес кесіп алуына 2014 жылдан кейін жол ашылмақ.

Үкімет басшылығы халық ағарту жұмыстарын күшейту қажет деген байламға келіпті. «Өкінішке қарай, бізде қаржылық сауаттылық мәселесі «ақсап» жатыр, - деді жиын кезінде әріптестеріне вице-премьер Қайрат Нематұлы. - Оның мысалын қазақстандықтардың әлі күнге «эм-эм-эмде» ойнап жүргендігінен, соған шын сенетіндігінен көреміз. Демек, түсіндіру жұмыстары уақытты, қаржыны, барлық мемлекеттік органдарды жұмылдыруды талап етеді».

Бұған дейін ел Үкіметі алғашқы қос компанияны «ай-пи-оға» қатар шығаруды ойластырған болатын. Бірақ әлемдік экономиканың даму беталысы белгісіз болуына байланысты, Экономдаму министрі Б.Сағынтаев Үкімет басшылығынан екеуін қабаттастырмай, «КЕГОК»-ты келесі жылға қалдыруды сұрады. Арнайы жалдаған кеңесшілер оны не 2012 жылдың 4-ші тоқсанына, не 2013 жылдың І-тоқсанына қалдыруға кеңес беріпті.

 

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бішімбаев алдағы сәуірде «ҚазТрансОйлды» кешенді бағалау процедурасын аяқтау жоспарланып отырғандығын жеткізді. Ал мамырда акциялардың құны белгіленбек, ол баға компанияның өткен жылдағы қаржылық табыстары мен жетістіктеріне байланысты болады деседі. Тамызда «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі жиынға жиылып, орналастырылатын акциялардың саны мен бағасы мәселесін қарайды. «Қыркүйекте акцияларды сатып алуға өтінімдерді жинау басталады. Қазанда қор биржасында «ҚазТрансОйл» акцияларын орналастыру бойынша сауданы бастау ұйымдастырылады» деді қор төрағасының орынбасары.

Осы орайда Премьер-министр К.Мәсімов халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы тапсырма берді. Тіпті депутаттардың өздері Үкімет басшысына бағдарламаға қатысты қажетті ақпараттың аздығына шағымданыпты. Кәрім Қажымқанұлының мойындауынша, қоғам да мұның не екендігін әлі түсінбей отыр. «Осы олқылықтың орнын тезірек толтыруымыз қажет» деді ол. Мемлекет «Қазпошта» бөлімшелерін «халықтық ІРО» туралы ақпарат тарату пункттері ретінде де пайдаланбақ. Барлық түсіндіру жұмыстарының екі тілде жүргізілетіндігі айтылды. Шалғайдағы өңірлердің тұрғындарына дейін акция сатып алу мүмкіндігін туғызу үшін «Самұрық-Қазына» қоры «Қазпошта» бөлімшелерін техникалық жете жарақтандыруға, қызметкерлерін оқытуға және баспаханалық өнімдермен қамтамасыз етуге 408,7 миллион теңге бөлетін болды.

Бұл жерде бұқара халыққа құнды қағаздар жайын қарапайым мысалдармен жеткізу қажет етілмек. Мәселен, U2 ирландық тобының әншісі Боно (Пол Дэвид Хьюсон) осыдан екі жылдай бұрын 210 миллион долларға интернеттегі Facebook әлеуметтік торабының акцияларын сатып алыпты, содан акциялар құнының бірнеше есе артуы арқасында, жақында Боно миллиардер атанды. Рас, оған дейін әншінің қор нарығында бірнеше рет аузы күйген: ол құрған Elevatіon Partners компаниясы 2006 жылы шамамен 290 млн долларды «Forbes-medіa»-ға салыпты, кейін ол компания құнсызданып қалған. Елімізде «халықтық ІРО»-ға шығарылатын компанияларда мұндай тәуекел, әрине, шамалы. Сонымен бірге біздің қор нарығында, шетелдегідей, миллионер атану да қиын. Демек, билік халыққа алдағы «ай-пи-о» кезінде неге акциялар сатып алғаны жөн екендігін нақты түсіндіргені абзал.

Үкіметтің кешегі жиынында қызықты бірнеше мәлімдеме жасалды. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов АЭС мәселесін ары созбай, биыл бір жақты ету қажеттігін білдірді. Оның айтуынша, премьер бір байламға келу жөнінде Индустрия, Экономдаму министрліктеріне және басқа да жауапты мекемелерге тапсырма беріпті. «Біз биыл атом электр стансасы мәселесіне «жуан нүкте» қоюға тиіспіз, - деді С.Ахметов. - Қуат жүйесін дамыту бағдарламасына сәйкес, өндірілетін жалпы электр қуатының шамамен 4,5 пайызы АЭС-тің еншісіне келуі керек. Сондықтан бұл мәселені біз биылғы жылы түпкілікті түрде шешкеніміз жөн».

Бұдан бұрын «Самұрық-Қазына» басшысы Өмірзақ Шөкеев АЭС бойынша шешім қабылданбағандығын хабарлаған еді. Нәтижесінде, оның жұмыстарына бөлінген 8 миллиард теңгедей қаражат биылғы жылғы бюджетті нақтылау кезінде басқа шараларға қайта бағытталған. Кеше журналистерге «шешімнің әлі қабылданбағандығын» растаған Ә.Исекешев сонымен бірге «Қазақстанның атомнан қуат өндіруден де бас тартпағандығын» қосты. Оның айтуынша, бұл - болашақтың ісі. «Қандай типті реактор, қандай станса болатындығы, халық үшін қауіпсіздігі және ең озық технологиялары тұрғысынан әлі ұзақ талқыланатын болады» деді Әсет Өрентайұлы. Қазақ елінің тұңғыш АЭС-ін салуға Ресей, Корея қатты құлшынып отыр. Ұлттық ядролық орталықтың бағалауынша, ШҚО-дағы Курчатовта АЭС салуға шамамен 3 миллиард доллардай қаржы қажет болады. Әйткенмен алғашқы атом электр стансасын тұрғызуға жарайтын тағы төрт жер белгіленуде: бұлар - Балқаш өзенінің маңы, Ақтау, Қостанай және Тараз қалаларының аудандары көрінеді.

Тағы бір жаңалық: Қостанай өңірінде қуаты жөнінен Балхаш ГРЭС-інен кем түспейтін электр стансасы салынбақ. Осы орайда кеше Үкімет 2020 жылға дейін, мейілінше ертерек, Торғай бассейнінің көмірін өндіруге кірісетіндігі туралы жоспарын жария етті. Ол жерде разрез, жылу-электр стансасы салынбақ. Мамандардың бағалауынша, көмір қоры 20 миллиард тонна көрінеді, оның 5,6 млрд тоннасын ашық тәсілмен алуға болады. Торғай алабының көмірі аса тиімді отынға жатады екен, барлық қуат өндіру қондырғыларында пайдалануға келеді.

Үкіметтің кешегі отырысында Индустрия министрі Ә.Исекешев 2030 жылғы келешекті қарастыратын, 2020 жылға дейінгі Қазақстанның электр энергетикалық саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Оған сәйкес, көмір өндіру жылына 150 миллион тоннаға, электр қуатын өндіру жылына 150,2 млрд. кВт/сағатқа жеткізілмек. Сонымен қатар оның Қазақстанның көрші елдердегі ірі ГЭС-тер құрылысына белсенді қатысуын қарастырылғандығы мәлім етілді.

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396