Елсерік. Көрдемше
Шегініс
Бұл тақырыпқа бекер барып отырған жоқпыз. Қазақта «ақырзаман боларда көрдемше көбейеді» деген аян бар. Мәселе - ақырзаманның болу болмауында емес, көрдемшелік науқанның белең алуында болып тұр. Атам қазақ оның алдын алып, талай тәмсіл мен тәсілді ұлттық салт пен дәстүрге, ырымға айналдырған.
Соны болдырмаудың бірі - көпәйелдік. Бұл қазақтың исламға дейін орныққан және рухани заңданған, дәстүріне айналған туыстық-қандық талапты қанағаттандыруға арналған далалық институты болатын. Көпәйелдік әйелзатты кемсітуден емес, оның басты миссиясын шынайы да әділ орнату үшін орныққан қоғамдық -әлеуметтік заңдалған нәтиже. Себебі, әйелдің қоғамдағы, мемлекеттегі, ортадағы, жанұя мен әулеттегі басты міндеті мен қызметі - баталы да таза қанды, адал жанды ұрпақ келтіру. Ол - еркектің де қолынан келмейтін Жаратқанға ғана жарасатын жасампаздық қасиет!
Шегініс
Бұл тақырыпқа бекер барып отырған жоқпыз. Қазақта «ақырзаман боларда көрдемше көбейеді» деген аян бар. Мәселе - ақырзаманның болу болмауында емес, көрдемшелік науқанның белең алуында болып тұр. Атам қазақ оның алдын алып, талай тәмсіл мен тәсілді ұлттық салт пен дәстүрге, ырымға айналдырған.
Соны болдырмаудың бірі - көпәйелдік. Бұл қазақтың исламға дейін орныққан және рухани заңданған, дәстүріне айналған туыстық-қандық талапты қанағаттандыруға арналған далалық институты болатын. Көпәйелдік әйелзатты кемсітуден емес, оның басты миссиясын шынайы да әділ орнату үшін орныққан қоғамдық -әлеуметтік заңдалған нәтиже. Себебі, әйелдің қоғамдағы, мемлекеттегі, ортадағы, жанұя мен әулеттегі басты міндеті мен қызметі - баталы да таза қанды, адал жанды ұрпақ келтіру. Ол - еркектің де қолынан келмейтін Жаратқанға ғана жарасатын жасампаздық қасиет!
Көпәйелдік - көшпелі қоғамның соғысқұмар тірлігінің нәтижесі емес, ол ең әуелі аса биік рухани сұраныс пен талапты қанағаттандыру үдерісінде пайда болған, аталық жалқылық негіз бен аналық жалпылық негіз қатысына сүйенген ежелгі ілімдік институт. Соның барысында қазақтың бәйбіше-тоқал құрылымы бір кіндіктен тараған ұрпаққа алаламай бірдей қарауы жалпыморальдық түркілік дәстүрлі тәрбиелік дағдыға ұласқан. Әрине, әулеттік миссияны атқара алмаған ішінара бәйбіше мен тоқал антагонизмі (күндестік) бұған қайшы идеология бола алмайды. Ол кез келген үдерісте болатын аздаған кемшіліктердің бір көрінісі ғана.
Аталған қазақы рухани идеология дағдарып, өмірді өгей саяси тұрпат билеген кезде қазақ әйелдері мен ерлерінің санасында бұл құрылымға деген экзотикалық көзқарас пен өшпенді өгей сана бой көтеретіні табиғи жайт. Десек те соңғы кезде көпәйелшілдікті исламмен байланыстырғысы келетіндер де, оның әлеуметтік пайдасын атаушылар да мәселеге үстірт қарап келеді. Осыған ылығып, намазға жығылған байлардың біршамасы бірнеше әйел алуға бет бұрғандары бар. Шын мәнінде бұл ұлттық үрдіс исламға дейін орныққан әрі идеологиялық жағынан әбден сіңген, бірақ жаңа да соңғы мұсылмандықпен әдемі ресмиленіп, қапталған ежелгі жантану мәселесіне қатысты тақырыпты қамтыйтын түркілік ғұрып еді.Әрине, көпәйел алу қоғамдағы діни әрі ұлттық құндылық ретінде мойындалып қоймай, оның жан жақты үйлесімге негізделген көрінісі ғана жағымды жеміс беретіні түсінікті. Алайда, көпәйелдік пен ойнастықты шатыстыру да қоғамымызда белең алған жайт. Енді сол жағына ойысайық.
Көрдемшетану
Елдің жаңаша қоғам орнатуы тұсында, жаңа да ескі үрдістің бой көтеруі барысында жас астана перзентханалары алғашқы көрдемшелерді қабылдай бастады. Бұл ұғымға лингвистикалық жағынан мына анықтамаға иек артып қол жеткізейік.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі»,- Алматы: Дайк-пресс, 2008. - 968б.:
Көрдемше - некесіз туылған жас нәресте, бала.
Көрбала - көргені жоқ, білімсіз, надан, түйсіксіз.
Қысқасы, көрдемше қазақтың ұғымында жақсы мағынаға ие емес. Шынтуайтына келсек, ежелгі тәңірлік ілімге қатысты алғанда, көрдемше - Жаратқаннан жан ұрлау жолымен бала туғызу болып табылады.Бұл - жаңа сенімдерде де жаңғырған ілім. Алайда, таза жанды Тәңірден ұрлау мүмкін емес, ондай жандар жоғарғы әлемнің қоқысындағы Тозақтан ғана «ұрланады». Былайша, айтқанда, көрдемшеге таза жан қонбайды, таза жан бата мен әрі шынайы тілекпен ғана Ұшпақтан келеді дейтін ежелгі түркілік тәмсіл бар. Оны қазақтың жырларында талай бақ пен байлыққа кенелген далалық элитаның ағыл-тегіл жылап-сықтап жүріп, жалғыз балаға ие болатынынан ұғамыз. Ал, айуан құсап, көрінген жерді төсек, көрінген құшақты жар ету арқылы қонатын жан көрден бұйырады деген ұғыммен, қазақ оларды көрдемше «партиясына» әуелден-ақ жатқызған. Міне, жербетілік Тіршілік пен Өмір билігіне сол көрлік «партияның» ие болуынан әлемдік абыздар мен ғұламалар зәредей қорыққан. Ондай қадамға барған қарапайым адам мен орташалар өлімге кесілген, ал билеушіден халықты ажыратқан, «қазақ шыққан» кездері де болған. Сол себепті төрелердің кіндігі бақылауда болып, балалары қатаң тізім мен баталы болуы қадағаланған, одан туылған ұрпақ ерекше қамқорлық пен шайтанның шалығынан сақтап отырған. Себебі, билеуші Жаратқанның жердегі өкілі танылған! Сол талапты аяққа басқан алаяқ билеушіге үзілді-кесілді мойынсұнбау, ханталау секілді шаралар жүзеге асқан.
Қадағалу мен бақылау бірнеше институттар арқылы жүзеге асып, оның бәрін саралау мен бағалау бір мақалаға сыймайды.Сол институттың бірі - көпәйелдік. Бұл шара әйел алушы еркектің біржақты құзырымен болатын іс емес, билеуші болса, абыздар мен Көктің қас қабағын қараушы діндарлардың, ақсақалдардың батасымен болған, бертін келе оған қоса бәйбішенің келісімі маңызды орын алған. Қазақта мұның бәрі жымдасқан әлеуметтік үлгіге айналған еді. Күні кешеге дейін бір әулетте бір шалдың апалы-сіңлілі секілді қос кемпірінің болуы - сол ұлттық әдептің көрінісі мен нәтижесі болатын.
Көрдемше туғызудың өзі - күнәһарлықтың бір белгісі және Тозаққа кандидаттықтың нышаны әрі Сайтан мен Люцифирдің (Люци - нұр, фир - билеуші) қызметшісіне айналу тетігі болып табылады. Мұны дін қағазға айналмай тұрғанда -ақ, Жаратушыға мойын бұрған ата-баба жақсы білген әрі оның ырымын аяққа баспаған.
Көрдемшелету мәселесі
Кәзіргі қоғамда көпәйелдік тақырыбын алғаш көтерген демограф Мақаш Тәтім мырза «көк көрпе» ұғымын қолданғаны бар.Ол кісі мұны халықтың демографиялық санын молайту көзі ретінде ұсынды, бірақ ол жан жақты институтқа айналмағандықтан, жалаң ұран болып қалды. Десе те, ақаңның ауызына Алла салғанда «көк көрпе» дегенде, Көктің батасы айтылып тұрғанын біреу ұқса, біреу білмес.
Алайда, бұл ұранды қолға алмаса да, өзін нағыз еркек ретінде және ұлы сезім иесі екенін білдірген қазақта маңдайы жарқырай туған бір азамат болды, ол - қазақтың ерке қызы Мақпал әншіге ресми үйленген Заманбек еді. Бірақ бұны көпәйелдік нұсқасы деуге келмейді. Зәкеңнің алғашқы әйелін бәйбіше, Мақаңды тоқал деуге болмайды, себебі, Заманбек аға екеуімен де өзінің дара өмірін байланыстырмай кешті және екеуімен де Алланың батасымен әрі ресми тіркелумен ғұмыр кешті! Мақаңнан туған Мерей періште Алланың да, ата-анасының да баталы перзенті! (Елге үлгі ұстағанымызға Заманбек ағаның рухынан да, Мақпал замандастан да кешірім сұраймыз - бәрі де халық санасын жаңғырту үшін ғой!)
«Бәйбіше» дегенде оның аса маңызды миссиясы бар, «тоқал» дегенде оның кемсіту орны бар деуге келмейді. Әрқайсысының өмірде өз орны болған, ол өз алдына бір әңгіменің тақырыбы.
Қазақстанның жаңа дәуірінде көпәйелдік тақырыпты қайта қоздырған депутат Амангелді Айталы болатын. Алайда, ол кісі мұның түпкі сырын ашпай келеді. Біздің ойымызша, бұл мәселені депутаттың ауызына салған 2000 жылдардан бастау алған элиталық ортадағы ойнастық-көңілдестік үрдісінің қоза бастауы болар. Ал, бұл өз кезегінде елдегі жаңа астананың бойы көтеруімен және Алматының «бәйбішелер қаласына» айналуымен байланысты. Жаңа астанаға барған шенеуші әрі қанаушы топ, елді басқарумен ғана емес, қазынаға қол сұғумен де шектелген жоқ, қыз-қырқынның қойнына қол салумен де айналысты. Тіпті, бұл кәзір интернетке түсіп жатқан талай масқара ақпардың тасқынына ұласып отыр...
Осы жолдар авторы жуырда орыстілді Ермек деген ақмолалық қазақ таксист жігіттің өзін қос әйелдің күйеуі екенін және екеуіне де ресми үйленіп, қағаз алғанын, екеуінен бес қызы барын айтқанда естен тана жаздағанмен, оның қазақтың бар рухани салтын сол күйі сақтағанына риза болдым. Және де ол қыздарының шешесі кім екенін айтпайтыны әрі қаран қаларлық әрі олардың қос ананы бірдей тұту тәрбиесі! Басында теріс қараған бұрынғы мұғалім, бірінші қайын енесі кәзір жанұяның ең жанашыры көрінеді! Шамасы, оны өмірді шалқып сүріп, шайқап ішіп жүрген бай-бағыланға Жаратқание үлгі қылып отырғандай күй кештім. Міне, біз іздеген көрдемшеге жол бермеудің кепілі - Бата мен Келісім!
Аталмыш тақырыпты сөз қылу аса ауыр болса да, аңғал да періштедей таза халқымыздың қалпы таза күйінде қалса екен және ақ пен қараны ажыратып, тақырыпты тазалық пен ластықтың аласапыраны етпей; әр қазақ жігіт пен қазақ қызы халықтың құндылығына абайлап қарап, оны бүліну мен былығудың тетігіне емес, жаңару мен молаюдың заңды да табиғи жолына қайта түсудің реті деп қараса дейміз.
Ойымызға енді 10-15 жылда билік пен байлыққа көрдемшелердің келуі жан шошытады. Олар дүниеге батасыз келгенімен қоймай, сол үшін ел мен жерден кек алу кодын оятатын бірден бір жексұрындар мен сұмырайлардың, көрбалалар мен көржандылардың партиясына айналмай тұрып, қоғамдық орта есін жыйғаны абзал. Себебі, көз алдымызда көрдемшелер көзге түсіп, көлбеңдей бастады...
"Абай-ақпарат"