Сейсенбі, 13 Қазан 2026
Жаңалықтар 7173 38 пікір 10 Ақпан, 2021 сағат 15:39

Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшеді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту мақсатында АҚШ-қа көшуге ниетті.

Әнші MTV USA бағдарламасында ағылшын тілінде сұхбат берді. Кевин Кеннимен сұхбатының тоғыз минуттық үзіндісін Димаш Instagram-парақшасында жариялады.

Әнші жанкүйерлер қарым-қатынасы мен ата-анасының қуанышы оны қаншалықты шабыттандыратынын, Қытайдағы шығармашылығы және ондағы тұрғындардың оны қалай қарсы алғаны туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген шығармашылығын одан әрі дамыту үшін уақытша АҚШ-қа көшуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Видео соңына әншінің жанкүйерлері оны қолдап, сәттілік тілеп, түрлі пікір қалдырған.

Дереккөз: Oinet.kz

Abai.kz

38 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 960
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1293