Ресей елшісі: Никоновтың мәлімдемесі орынсыз!
Ресей мен Қазақстан арасында шекараға қатысты ешқандай шағым жоқ. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Ол 2020 жылы ресей депутаттарының қазақ жеріне қатысты даулы мәлімдемесі туралы сұраққа пікір білдіріп, депутаттардың сөзін орынсыз деп бағалады.
«Мен бұл мәлімдемелерді күрделендіргім келмейді. Менің ойымша, бұл оған тұрмайды да. Бірақ мен бұл орынсыз мәлімдемелер Ресейдің ресми ұстанымына қайшы келетінін атап өткім келеді. Біздің елдеріміздің шекарасы келісімшартпен бекітілген. Ол сонымен бірге шектелген. Ресей мен Қазақстанның күн тәртібінде шекараға қатысты шағымдар мүлдем жоқ. Бұл талқыланбайтын мәселе», - деді Бородавкин.
Оның айтуынша, Ресей Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын құрметтейді.
Сонымен қатар елші әскери ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, Қазақстан мен Ресей бір-бірінің аумақтық тұтастығын өзара қорғауға міндетті екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін «Первый канал» телеарнасындағы «Большая игра» бағдарламасында Ресей мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никонов «Қазақстан территориясы – Ресей мен Совет одағының берген сыйлығы» деген болатын.
Abai.kz