Сенбі, 23 Қараша 2024
Әліпби 5151 3 пікір 11 Ақпан, 2021 сағат 12:48

«Қ» дыбысына қысқаша тоқталғанда...

Ауылдарда ұл балаларды тоқтатып алып, қызық үшін «әй қыз, тоқта, махабатың жоқпа? мен саған тиспеймін, маңдайыңнан ійіскейін» деген сөздерді айтқызғанда, тілі енді шыға бастаған бала «әй қыж, тоқта, мақабатың жоқпа? мен шаған тишпеймін, маңдайыңнан ійішкейін» деп қайталайтын. Балалар «х»ның орнына «қ»ны, «с»ның орнына «ш»ны қолданып тұратын.

****          ****          ****

Тіл ғалымдары бір тілді зерттегенде басқа тілді білмейтін адамды арнайы тауып алып, сол адамның тіл қолданысын негіз етіп зерттейді, өз ана тілімен қоса басқада тілді меңгерген адамның дыбыс пернесі өзгеріске ұшырайтындықтан, жарамсыз болып шығады. Тілімізге әліпби түзгенде ертеректегі, өзге тілдердің ықпалына ұшырай қоймаған кездердегі сөйлеу дағдымызды негіз етуіміз керек. Ауылдағы аға буындарымыз «уран»ды «ұран», «университет»ті «үніуерістет», «харьков»ты «қаркөп», «рахмет»ті «рақымет», «дастархан»ды «дастарқан» дейтін, егерде «қалай жазылса солай оқылуы керек» қағидасына тым қатып -семіп алмаған болсақ, Қазекең «университет» болып жазылып тұрғанды «өнер-істет» деп те айта алар еді, бейне Орыс тілінде «молоком» деп жазып «малаком» деп айта беретіні сыяқты. «бір дыбысқа бір әріп» ұстанымы бейне өсіп – өніп тұрған ағашты суретке алып алғанмен ұқсас, бұтақтары шайқалса да, жаңа бұтақ өсіп шықсада шектеп тұрғысы келеді. Ал, А.Байтұрсынұлы бұндай шектеуді бұзып тастаған, А.Байтұрсынұлы қағыидасында «өте» сөзі «оте» болып жазылған, құрамындағы «е» дыбысының ықпалымен «өте» болып оқыла берген, «көл» сөзі де сондай, «кол» болып жазылып «көл» болып оқыла беретін еді. «у»ды «u», «қ»ны «x» әрібімен берер болсақ, осы қағидаға салғанда «uran» «universitet» «xarkov» «raxmet» «dastarxan»деп жазып «ұран» «үніуерістет» «қаркөп» «рақымет» «дастарқан» деп Қазақ тілінің әсілгі тәбиғатын сақтай отырып оқуға жол ашылар еді.  

****          ****          ****

Qazaqytoi.kz сайытында мынадай сөз беріліпті: Махаббат — Алланың адамдарға тартқан үлкен сыйы. «Махаббатсыз дүние бос» (Абай). Мах —көне латын тілінде де, көне парсы тілінде де үлкен деген сөз екен. Ал аббат — құдайшыл деген мағына береді. Өткен дәуірлерде монастырларда қызмет еткен құдайшылдарды аббаттар деп атаған. Осы сөзде шындық бар сияқты.

Бұнда «Мах» сөзі «үлкен» деген мағанада екендігін айтыпты, «Х» дыбысының Қазақ тілінде «Қ» болатыны жоғарыда айтылды, ендеше тіліміздегі «мақтан, мақтау» сөздерінің «мақ» түбірі осы «үлкен» дегенді білдіретін «Мах» сөзі деп айта аламыз, сонда «мақтау» дегеніміз «үлкендету, зорайту, ірі ету» болып шығады, біреудің көңілін марқайту, өсіру үшін «мақтау» керек, өзін кесек, ерек етіп көрсеткісі келген адам мақтанады. «Мақсат» сөзі де осындай, яғни «көңілге түйген үлкен нысана, ойға алған ірі жоба» дегенді білдіріп тұр, адам есімі «Maxim» (Орысша Максим) бізше «Мақсат, Асқар» деген адам аттарына сәйкес келеді. Жалғасты ізденер болсақ мағанасы әлі де ашыла қоймаған «Мықтың үйі» есімізге оралады, бірақта «Мық»пен «мақ»тың байланыстыратын дерекке қауқарымыз жетпеді.

Математика, Физика тәрізді түрлі - түрлі ғылым салаларында қолданылатын «ең үлкен шама» дегенді білдіретін «max» термині де осы «мақ» пен бірдей тілімізде бұрыннан бері бар болып шығаы, сонымен «х» таңбасының болмыс – бітімін қуарлай келе, тіліміздегі «қ» дыбысына ең лайықтысы осы «x» әрібі деп таныдық, ал, «q»ның босаған орынын «ғ» дыбысына берсе дейміз, сонда «г» болып оқылып кетуге шақ тұрған «ǵ» таңбасының қажеті қалмайды. 

****          ****          ****

Қазақ тілінде екі дауысты дыбыс қатар келгенде, бірі қысқарып айтылады, мысалы, қара ағаш ---- қарағаш, бұл тіл тәбиғаты. Тәбиғи заңдылықты жасанды теориамен өзгертуге ұрынуға болмайды, «juuǵа, quuǵа» дегендер «жуға, қуға» болып оқылып жатса, жобаның әу бастан жіберген жетерсіздігі болып саналады. Жазуымызды А.Байтұрсынұлы қағидасына қайта оралттып, сөздерді этимонға сәйкес жазып, буынға дұрыс бөлсек ұтарымыз көп болатынын бұдан бұрынғы мақалаларымызда үзіп - жұлып айтқан болатынбыз. Әзірге дейін тіліміздің табиғаты бұрмаланып келген еді, осы жолғы реформа арқылы жөнге келсе екен деп армандаған едік, сол үшін бір шетте қарап тұрмай, ойымызды ортаға салған болып жатырмыз, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген бар ғой.

Уәлихан Ғабиденұлы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415