Сингапурдың жемқорлықты жою тарихы
2017 жылы Сингапур Транспаренси Интернешнл (Transparency intrnationals) -дің бағалауы бойынша сыбайлас жемқорлықпен табысты күрескен 10 елдің ішінде 7-ші орынға ие болды және Азиядағы алғашқы ондыққа кірген жалғыз мемлекет.
Сингапурда 1959-1990 жылдар аралығында премьер-министрі болған Ли Куан Ю сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте аса ауқымды міндет атқарды деп бағаланады. «Informate Peru» ұйымы бұл іс-шара төмендегі 5 фактор арқылы нәтижелі жүзеге асты деп көреді.
Сингапурдың бұл жүйесі халықаралық нарықтағы жоғары позицияның тамаша мысалы, сонымен бірге нақты экономикалық дамуға алып келген социализмнің сәтті бір формасы деп қарағаны қызықты.
Ендеше басқа елдер Сингапурдан үлгі алуы керек емес пе?
1. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА НҮКТЕ ҚОЮ ШАРАСЫ
Сингапур 1965 жылы Малайзиядан бөлінген кезде, оның тұрғындарының көпшілігі кедей және жемқор болды, ал Ли Куан Ю:-«Егер еліміз бойынша жемқорлықтан құтылғымыз келсе, сіздер барлықтарыңыз отбасы мүшелерін, және дос-жарандарыңды түрмеге жіберуге дайын болуларың керек»,-деп турасын айтып, үндеу жариялаған екен.
Бірінші шара - басқа пайда табуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіргенімен соншалықты нәтижелі болмады. Сондықтан жемқорлықтың желілерін анықтау үшін күтпеген тексерулер жүргізуге және бұқаралық ақпарат құралдарына сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы халыққа хабарлап тұратын арнайы бағдарлама ашты. Жоғарғы органның рұқсатынсыз мемлекеттік қызметкерлердің және олардың байланысты тұлғаларының, оның ішінде отбасыларының, туыстарының, тіпті достарының есепшоттарын тікелей тексерудің ерекше құқығын берді.
Жемқорыққа байланысқандарды жұмыстан, лауазымдардан, зейнетақылардан және басқа да төлемдерден мерзімсіз алып тастауға шешім шығарып, бірқатар министрлер мен кәсіподақ қызметкерлері жемқорлығы үшін түрмеге қамалды. 1989 жылы сыбайлас жемқорлық үшін айыппұлды 10,0 - 100,0 сингапур долларына дейін ұлғайтты.
2. СОТ РЕФОРМАСЫ
Сингапур адам басына шаққандағы ең жоғары өлім жазасына ие елдердің бірі. Әсіресе есірткі, кісі өлтіру қылмысы бойынша өлім жазасы өте жоғары. Басқа қылмыстарға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру және дүре соғу жазасын қоллданды. Бұл жазалар қатал деп таңқалдырады. Сингапурлықтар бұл мәселеде екіге жарылып, жазықсыз адамды өлім жазасына кесу орны толмас қателік болар еді дейді, ал дүре соғуды өте қолдайды.
Сингапурдың қылмыстық заңнамасы тым қатал болып көрінуі мүмкін, бірақ адамдардың санасына ненің болатынын, ненің болмайтынын түсіндіруді бірінші кезекке қойғаны көрініп тұрады.
Өлім жазасы, түрме, дене жазасы, мүлкін тәркілеу және ауыр айыппұлдардың барлығы елдегі заң мен тәртіпті сақтауға бағытталғанын Сингапур билігі өз халқына түсіндіре алғаны таңқаларлық нәтиже болды.
3. ЖҰМЫС ОРНЫ
Маоның мәдени төңкерісі Қытайдан шетелдік инвесторларды Гонконгқа, Тайванға және Сингапурға тартты, мұнда алғашқы фабрикалар 1960 жылдардың аяғында салынған, алғашқы электроника 1970 жылдары, Ал 1980 жылдары Сингапур әлемдік технологиялық өнімер орталығына айналды.
Шетелдік инвесторлар үкіметтің инвесторлардың қызметіне қатыспауға жағдай жасау, сондай-ақ арзан жұмыс күші мен төмен салықтар үшін жағдайлар жасауына байланысты ағыла бастады деп айтуға болады. «Біз инвесторларды қолдап қана қоймай, оларды бастауға көмектесу үшін көп жұмыс жасадық», - деді Ли Куан Ю.
Алайда, біздің мақсат оларды тарту емес, сингапурлықтарды шетелдік компанияларда оқыту және бәсекеге қабілетті өздерінің ұлттық компанияларын құру. Себебі ол кезде бізде үлкен фабрика немесе ұлттық компания салуға ақшасы мен тәжірибесі бар адамдар болмады. Сондықтан біз жастарымызды технологиялар, маркетинг және менеджмент саласында осылай дайындадық және бұл жастар біздің ұлттық индустриямызды құратын жас мамандар болады деп күттік ».
4. БІЛІМ БЕРУ РЕФОРМАСЫ
1960 жылдардың соңында Сингапур жұмыссыздықпен күресте шетелдік компанияларды сәтті пайдаланды. Сонымен қатар, шетелдік компаниялардың барлық қызметкерлерінен өзін-өзі ұстай білуді, ұқыптылықты, жауапкершілікті және жоғары сапалы өнім өндіруді үйрену талап етілді.
Оқу бағдарламасын өзгертуден басқа, жалпы академиялық пәндерден басқа оқулықтағы біліммен қатар, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға, терең ойлауға бағытталған бағдарламалар жасалды. Сингапурдың инновациялық даму және экономикалық дамудағы өнімді іс-қимыл жөніндегі кеңесінің бұрынғы президенті Филипп Йо: «Бізге ежелгі тарих пен әдебиет сарапшыларынан гөрі ғылым мен технология мамандары қажет. Халық осының нәтижесінде қанағаттанып өмір сүретін болады”,-деп үнемі насихаттау бүгінде жүзеге асты.
5. МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ ҚҰРДЫ
Үкімет құрған алғашқы компаниялардың бірі - қазіргі уақыттағы Сингапур авиакомпаниясы (Singapore Airlines). Бұл әуе компаниясының бұрынғы бас директоры Лим Чен Бен: «Біз әуекомпанияны бедел үшін емес, ақша табу үшін құрдық. Сондықтан, шығын болған жағдайда, күмән ойланбастан жабатын едік. Бірақ олай болмады»,-деп мақтанышпен айтыпты. Әуекомпания қызметтерді даяшылық әдісіне түбегейлі өзгеріс жасады, жолаушылардың жайлылығы,сусындары мен тамағынан бастап құлаққаптың дауысына дейінгі нәрселерді қайта есептеп жаңалаған екен. Нәтижесінде жүздеген жұмыс орындарын құрып, әлемдегі жетекші авиакомпанияға айналды.
Амантай Тойшыбайұлы
Abai.kz