Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3891 0 пікір 2 Шілде, 2009 сағат 19:04

Күмісжан БАЙЖАН. АТЫ-ЖӨНІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ РУХ БОЛСЫН

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдас¬тырған “Ономастика және қоғам: антропонимдер” атты семинарда кісі есімдері, яғни ұлтымыздың аты-жөнін жазуда –ов, -ев, - ова мен – ева сияқты аффикс¬терден арылу мәселелері сөз болды. Көптен көкейде жүрген, айтылып “сүрленген” ой-пікірдің көтерілгеніне қуандық. Өйткені, адам атында ұлттық рух, өзіндік бейне, мән-мағына, керек десеңіз ерекше қасиет бар екені айтпаса да белгілі.
Жиында облыстық әділет департаменті өткен жылы өмірге келген ұлты қазақ сәбилердің тегін қазақ¬ша жазу барысына талдау жасапты. Онда дүниеге келген 39699 баланың 29337-сі қазақ ұлтының өкілі болғанымен, осылардың тегі мен аты-жөні қазақша дұрыс жазылғаны 19289, яғни 65,7 пайызды құраған. Сонда қалай кемшілік ата-анада ма, жоқ өз қызметіне немқұрайлы қарайтын азаматтардың хал-актілерін жүргізетін бөлім қызметкерлерінде ме, әлде ұлты мен ұрпағының келешегіне деген жауапсыз көзқараста ма? Әрине, екеуі де бар.
Өмірде қаншама адамдардың тағдырына байла¬нысты мәселелермен бетпе-бет келесің. Сондайда бір кездері қазақтың аты мен тегі дұрыс жазылма¬ған¬дықтан, кейде тіпті бір қарпіне бола зейнеткерлікке шыға алмай, әуре-сарсаңға түскендер қаншама. Елі¬міз егемендігін алған тұста ұлылардың бас әріптері¬нен құралған МЭЛС, Совет, Союз, тағы басқа есім¬дерден бас тартқандар кейіннен өзгертіп, әбігерге түсті.

Әлі де аты-жөнді жазу жайы бей-берекетсіз жүр¬гізілуде. Былай қарағанда, оны тіпті кейбір жандар “өгіз өліп, арба сынатындай” емес қой деуі де мүм¬кін... Бірақ әр ұлтты танып-білу атымыз бен тегімізді жазудан басталады ғой. Қазіргі кезде көпшілігіміз әкеміздің атына “ұлы”, “қызы” сөздерін қосып жазып жүрміз. Мұның өзі қазақ екендігімізді дәлел¬дейтін, әп-әдемі орынды бастама.
Бүгінгі жаһандануға беттеген тұста ұлттық салт-дәстүрімізді, тіліміз бен дінімізді сақтау Қазақ деген қасиетті халықтың жер бетінде мәңгі жасауын тұрақ¬тандыру кепілі екендігі сөзсіз. Демек, аты-жөнімізді ұлттық қалыпқа түсіріп, оның төлқұжатқа сауатты жазылуын қадағалаған жөн. Бұл бүгінгі егемен еліміздегі әр азаматтың санасындағы тәуелсіздікке қол жеткізудің негізі дегім келеді.

Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.
«Егемен Қазақстан» газеті 2 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1538
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3321
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6042