Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3084 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 10:30

ҚР Үкіметінің қаулысымен бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385  қаулысымен бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары бекітілді.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 385 қаулысы

Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 111-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №385 қаулысымен бекітілген

Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385  қаулысымен бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары бекітілді.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 385 қаулысы

Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 111-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №385 қаулысымен бекітілген

Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Бала асырап алу жөнiндегi агенттiкттердi аккредиттеу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 111-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі қызметті филиалдар және (немесе) өкілдіктер құру жолымен жүзеге асыратын агенттіктерді аккредиттеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының (бұдан әрі - уәкілетті орган) бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы;
2) Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктер - өз мемлекетінің аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес шетелдік ұйымдар.
3. Аккредиттеу туралы өтініш берген сәтте өз мемлекетінің аумағында аталған салада өз қызметін кемінде он жыл жүзеге асыратын бала асырап алу жөніндегі агенттіктер (бұдан әрі - агенттіктер) аккредиттеуге жатады.
4. Аккредиттеу филиал және (немесе) өкілдік есептік тіркелгенге дейін жүргізіледі. Агенттік өз филиалын және (немесе) өкілдігін Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бірінде құрады.
5. Филиалдарды және (немесе) өкілдіктерді есептік тіркеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметкерлері, олардың жұбайларын және жақын туыстарын қоса алғанда, филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметкерлері бола алмайды.

2. Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу тәртiбi
7. Агенттіктерді аккредиттеу, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселені уәкілетті орган қарайды.
8. Агенттіктің сенім білдірген адамы балаларды асырап алу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) құрылтай құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелерін;
2) оның тиісті салада қызметті жүзеге асыруға өкілеттігін растайтын, агенттік орналасқан мемлекеттің құзыретті органы берген құжаттың көшірмесін;
3) агенттіктің өкілеттігін растайтын құжатты берген немесе агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында тиісті қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органының ұсыным хатын;
4) бала асырап алуға үміткерлерге агенттік ұсынатын, құны көрсетілетін қызметтердің тізбесін;
5) асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесіне бақылауды жүзеге асыру және белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі міндеттемені;
6) бала асырап алушылардың өздері тұратын мемлекетке келген соң асырап алынған баланың Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесін;
7) агенттіктің сенім білдірген адамға берген нотариатта куәландырылған сенімхатты қоса тіркей отырып, өтініш береді.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында санамаланған құжаттар олар берілген күннен бас­тап алты ай бойы жарамды болады.
9. Барлық ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Рес­публикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен заңдас­ты­рылуға тиіс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылуға жатады.
10. Сенім білдірілген адамның аккредиттеу туралы өтінішін уәкілетті орган осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
11. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді уәкілетті орган өз құзыреті шегінде аккредиттеу мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар беретін Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрліктерімен, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) келісім бойынша қабылдайды.
Уәкілетті орган жеті жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органнан құжаттар мен сұрау салу түскен сәттен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды ұсынатын мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды,
12. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартуды уәкілетті орган ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді, бас тартылған жағдайда оны негіздейді.
13. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім жоғалған кезде, өкіл тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органда оның телнұсқасын алады.
Бұл ретте, агенттікті аккредиттеу туралы шешім түпнұсқасының күші жойылды деп танылады.
14. Агенттіктер бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Агенттікті аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайды және басқа адамдарға беруге жатпайды.
15. Агенттікті аккредиттеуден, оның қызмет мерзімін ұзартудан және (немесе) оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтатудан бас тарту негіздері:
1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болмауы;
2) өз қызметі туралы дәйексіз мәліметтер ұсынуы;
3) агенттіктің немесе оның филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қызметі туралы шет мемлекеттің құзыретті органдарынан, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан келіп түскен келеңсіз ақпараттың болуы;
4) агенттік орналасқан мемлекеттегі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық, саяси, экологиялық ахуал, әскери іс-қимылдардың жүзеге асырылуы;
5) агенттіктің филиалы және (немесе) өкілдігі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы;
6) агенттіктің асырап алынған балалардың тұрмыс жағдайлары мен тәрбиесін бақылау және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті есептер және ақпарат беру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
7) агенттіктің асырап алынған баланың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінде есепке қойылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі өз міндеттемелерін бұзуы;
8) агенттіктің өз мемлекеті аумағында қызметінің тоқтатылуы болып табылады.
16. Өз қызметін аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді алған агенттік уәкілетті органға алты ай өткен соң қайтадан жүгінеді.

3. Филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің қызметін ұзарту,
тоқтата тұру және (немесе) мерзімінен бұрын тоқтату
17. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту үшін ол аккредиттеу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға мерзімді ұзарту туралы өтініш береді.
Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті уәкілетті орган өтінішті қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы дәлелді шешімді уәкілетті орган қабылдап, агенттіктің филиалына және (немесе) өкілдігіне шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.
18. Егер олар агенттікті алғашқы аккредиттеуден кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық талаптарды сақтаған болса, осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген мерзім өткен соң аккредиттеу мерзімі өздігінен ұзартылады.
19. Уәкілетті орган:
1) Кодекстің және осы Қағидалардың нормалары сақталмаған;
2) уәкілетті органға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметіне негізделіп шағымдар жасалған жағдайда, агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұрады.
20. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір ай ішінде жойылған кезде уәкілетті орган оны қайтадан қолданысқа енгізеді.
Егер агенттік қызметін тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар (мән-жайлар) белгіленген мерзімде жойылмаса, уәкілетті орган агенттік қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды.
21. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату, оның қызметін ұзарту туралы шешімді уәкілетті орган негізделіп қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.
22. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметі мынадай жағдайларда:
1) балаларды асырап алу жөніндегі қызметін агенттіктің құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырмаса;
2) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтарды бір ай ішінде жоймаса;
3) филиал және (немесе) өкілдік қызметін тоқтату туралы өтініш берсе;
4) агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі өтсе және аккредиттеу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкін болмаса тоқтатылады.
23. Агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметін тоқтату мәселелерін уәкілетті орган осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетiлген мән-жайлар анықталған (туындаған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
24. Қызметін тоқтата тұру немесе тоқтату туралы дәлелді шешім қабылданғаннан кейін уәкілетті орган филиалды және (немесе) өкілдікті бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
25. Филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызметін тоқтата тұру немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы дәлелді шешім оны бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында таратылады.
26. Агенттік басшысының тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аккредиттелген агенттiктер аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдеу туралы уәкілетті органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып өтініш береді.
27. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде агенттiктерді аккредиттеу туралы шешімді қайта ресімдейді.
Бұл ретте, агенттiктерді аккредиттеу туралы бұрын берілген шешімнің күші жойылды деп танылады және уәкілетті органға аккредиттелген агенттiктердің деректер банкісіне тиісті ақпарат енгізіле отырып қайтарылады.

Қазақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317