Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7916 0 пікір 20 Сәуір, 2012 сағат 05:32

40 жыл ел билеп 47 қала салған Қонаев

Марқұм Дінмұхаммед Ахметұлы туралы сөз бола қалса жұрт бір ауыздан «Қазақстанды 40 жыл басқарған Қонаев қой ол» деседі. Иә, Қазақстанды 40 жыл басқарған  елге ерекше сыйлы тұлға болды. Қапсағай денелі, еңселі адамның бойында қазақ халқының бас имейтін тәкаппар болмысы мен шиыршық атқан бұла күші буырқанып тұратын еді. Замандастары, республика басшылығында бірге қызмет жасасқан тұрғыластары Димаш ақсақалдың тұяқапты тірлікке мойын ұсынбай дүние-байлықтан жоғары тұрғанын, мәдениет пен парасатты, адалдықты, адамға деген сенімді биік бағалап, кісілік келбетіне көлеңке түсірмей өмірден озғанын әңгімелейді.

Ел іші жақсы көріп Димаш атаған Дінмұхаммед Ахметұлының туғанына биыл 100 жыл толуда. Артында ардақтаған жұрты, абзал інілері марқұмның мәңгілікке бет алған мерейлі жасын мереке етіп өткізбек. Осы ретте Қонаевты еске алу шараларының жалпы жиынтығын ұсынып, қалың қазақты құлағдар етіп қойғанды жөн көрдік. Сонымен, қараңыз:

  1. Республикалық  шахмат және бильярд турнирі.

Өтетін жері: Алматы қаласы, 27 сәуір, сағат 10.00

Ұйымдастырушылар: Асанәлі Әшімов, КСРО халық әртісі. Ғабит Мүсірепов атындағы республикалық қоғамдық қор - төрағасы Ғабиден Жәкеев.

  1. Марафон. Алматы-Бақанас маршруты.

Өтетін жері: Алматы облысы. Маусым.

Ұйымдастырушы: Алаш тарихи зерттеу орталығы. Төрағасы - Хайролла Ғабжалел.

  1. Туған жері Бақанаста 100 жылдық мерейтойға арналған үлкен ас.

Өтетін жері: Алматы облысы, Бақанас ауылы.

Ұйымдастырушылар: Д.Қонаев атындағы халықаралық қор.

  1. Қонаев атындағы бокстан Республикалық турнир.

Өтетін жері: Алматы қаласы.

Ұйымдастырушы: Амалбек Тышан, олимпиадалық дайындау колледжінің директоры.

  1. Қонаев атындағы жыр мүшәйрасы мен үздік көркем туындылар үшін ақын-жазушылар арасында бәйге.

Өтетін жері: Алматы қаласы. Уақыты: қазан-қараша айы.

Ұйымдастырушы: Ғабит Мүсірепов атындағы республикалық қоғамдық  қор - төрағасы Ғабиден Жәкеев.

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев  1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында дүниеге келді. Оның ататегі қазақтың дәстүрлі кәсіби мал шаруашылығымен шұғылданды. Олар Құйған деген жерде, Күрті және Іле өзендерінің жағалауында тұрды.  Қазіргі кезде аймақтық жағынан Алматы облысының Балқаш және Іле аудандарына жатады.

Д. А. Қонаев бастауыш білімді бүгінде Абдуллиндер көшесінде орналасқан Н.Г. Чернышевский атындағы №19 мектептің бірінші сатысында алды. Одан кейін №14 мектепте тәлім алған.

1931 жылы Д.А. Қонаев Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Мәскеудегі түсті металдар және алтын институтына оқуға түсті.  1936 жылы «Жылына 90 мың тонна қара мыс өндіру үшін Қоңырат карьерінің қуатын айқындау» деген тақырыпта диплом жұмысын қорғады.

Жас тау-кен инженері Д. Қонаев Қоңырат құрылысына жолдама алды. Оның жұмысы Балқаш мыс балқыту комбинатының Қоңырат руднигімен байланысты болды. Ол бұрғылау станогында машинист, мастер, ауысымдық инженер, цех бастығы, бас инженер, рудник директоры болып жұмыс істеді.

1938 жылдың қарашасында Балқаштың алғашқы мысы балқытылып, Қонаев өзінің тұңғыш медалін алды.

1939 жылы Дінмұхаммед Қонаев КОКП мүшелігіне қабылданды.  Осы жылы Д. Қонаевтың Зухра Шәріпқызымен үйлену тойы болып өтті.

1942 жылдың сәуір айында отыз жасында Қонаев Қазақ КСР Халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1952 жылдың сәуір айында Д. А. Қонаев Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесі - академик және осы ҒА-ның президенті болып сайланды. Оның басшылығымен институттардың ғылыми қызметін жақсарту, оларды кадрлармен нығайту, Қазақстанның өндірістік күш  қуатын дамытудың кешенді проблемаларын  шешуге арналған кесек кесек қызметтер атқарылды.

1955 жылы 30 наурызда Д. А. Қонаев республика Жоғарғы кеңесінің сессиясында Қазақ КСР министрлер Кеңесі Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ал, 1960 жылы бірауыздан Қазақстан Компартиясы ОК-нің Бірінші хатшысы болып сайланды.

Бірақ, 1962 жылдың желтоқсанында КОКП ОК басшысы Н.С. Хрущевпен Қазақстан жерінің бір бөлігін Өзбекстанға өткізу жөніндегі келіспеушілікке байланысты Д. А. Қонаев қызметінен босап, Қазақ КСР Министрлер Кеңесін басқаруға жіберілді.

Хрущев қызметінен босап, билікке Л. И. Брежнев келгеннен кейін 1964 жылы Қонаев Орталық Комиттеттің бірінші басшылығы қызметіне қайтып оралды.

Д.А. Қонаев Қазақстанның дамуына аса зор үлес қосты. 1955-і жылдан 1985-і жылға дейін республика өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,9 есе, ауыл шаруашылығы 6,2 есе, құрылыс 8 есе өсті. Республиканың игерілмей жатқан аймақтарында мыңдаған елді мекендер, 47 жаңа қала пайда болды.  Қазақстанның ғылыми күш қуатының қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Қазақстанда қолайлы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың орнауы  демографиялық дамуға әсер етті. Республика халқының саны 1955 жылдан бері екі есеге артты, 1987 жылы 16 миллион, 244 мыңға жетті.

1986 жылы 16 желтоқсанда ҚКП ОК-нің пленумында Д. А. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Бірінші хатшы қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Д. А. Қонаев Қазақстан тарихындағы ең үлкен қоғам қайреткерлерінің бірегейі. Оған тотаритарлық жүйеде әлемдегі ірі державаның бірнеше басшысы - Сталин, Хрущев, Брежнев, Андропов, Черненко, Горбачевтармен жұмыс істеуге тура келді. Қонаев мінез-құлқының, ақылының, зиялылығының арқасында 20 ғасырдағы бірқатар саясаткерлер арасында ерекше көзге түсті.

Д. А. Қонаев «Менің уақытым туралы», «Сталиннен Горбаечевқа дейін» деп аталатын естелік кітаптардың авторы.

Қазақстанның көпсалалы экономикасын, мәдениет пен ғылымын дамытуда ерекше еңбек сіңіргені үшін Д.А. Қонаевқа Социалистік Еңбек ері атағы 8 рет берілді.

1993 жылы 22 шілдеде 82 жасқа қараған шағында жүрек қан жүру жетімсіздігінен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қайтыс болды.

«Абай-ақпарат»

Қонаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар туралы қосымша мәліметтерді Ұйымдастыру комитетінің мүшесі Ғабиден Жакеевке (байланыс телефондары: 8 701 777 1969; 8 707 811 3007) хабарласып білулеріңізге болады. Іс-шаралардың ақпараттық демеушісі www.abai.kz  ақпараттық порталы мен www. masa.kz интернет газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394