Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2418 0 пікір 23 Сәуір, 2012 сағат 08:55

Азат ПЕРУАШЕВ: ЖАҢАӨЗЕНДЕ ҚИРАҒАН ҒИМАРАТТАР ӘЛІ КҮНГЕ ЖӨНДЕЛМЕГЕН

Азат ПЕРУАШЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» партиясының төрағасы:

Мәжіліс депутаттары аз күн үзіліске шығып, аймақтарды аралап қайтты. Сәрсенбідегі жалпы отырыста қайта қауышқан халық қалаулылары түймешікті басып, заң жобаларын үнсіз қолдағаны болмаса, сауал жолдауға аса құлықты бола қойған жоқ. «Үш партиялы Мәжіліс» деп ауыз толтырып айтқанымызбен, кейінгі кездері коммунистер мен ақжолдықтардың да үні шықпай қалған сыңайлы. Осыған орай, «Ақжол» партиясының жетекшісі, төменгі палата депутаты Азат Перуашев мырзамен сұхбаттасқан едік.

-  «Ақжол» партиясынан сегіз адам Мәжілістен депутаттық мандатты иеленгелі «үндері көп шықпай жүрген» сияқты. Белсенділіктеріңіз неге төмен?

-  Мен бұл пікірмен келіспеймін. Біздің депутаттар белсенді түрде өз сауалдарын қойып жүр. Мәжілістің бір отырысының өзінде біздің партияның үш бірдей депутаты сабақтастыра сауал жолдады. Осы аптадағы отырыста үнсіз қалған себебіміз,  біз екі күн бұрын ғана аймақтағы сапардан оралдық. Сегіз депутаттың әрқайсысы екі облыстан аралап, ел жайымен танысып қайтты.

-  Сіз қай өңірлерді аралап қайттыңыз?

-  Менің үлесіме Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстары тиді. Жаңаөзенге арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездестім. Ақтауда өтіп жатқан сотқа қатыстым. Осы сапарда жиналған ақпараттарды жүйелеп, алдағы отырыстарда көтеретін боламыз. Мысалы, кешегі отырыста бес сауал қоямыз деген едік. Сауал жолдау деген базардағы әңгіме емес, ол - заңдық мағынасы бар құжат. Сондықтан  оған дайындалу керек. Себебі, жолдаған сауалда өзіміздің пікірімізді ғана айтпай, сол мәселені шешудің жолдарын көрсету қажет. Шығыс Қазақстандағы газдандыру, Жаңаөзендегі кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі бағдарламаны біраз өзгерту қажет деп есептеп отырмын. Бұдан басқа да пісіп жетілген сауалдарымыз бар болғанымен, оларды құжаттық негізде жүйелеп алуды жөн деп шештім. Мысалы, Аягөз қаласының моноқалалардың тізіміне кірмегені бөлек мәселе. Шығыс Қазақстандағы газдандыруға келсек, бұған қатысты үлкен бағдарламалар бар. Алайда аталған облыс бұл бағдарламаға кірмей қалған. Бұл бюджетке қанша салмақ түсіреді? Осының барлығын анықтау үшін бізге уақыт керек. Осы сапарымызда жиналған мәселелердің бірін де қалдырмай, Мәжіліс мінберінде көтеретін боламыз.

-  Жаңаөзенде зардап шеккен кәсіпкерлердің кездесуде айтып отырған негізгі мәселелері қандай? Кәсіпкерлер тиісті өтемақыны толығымен алғаны рас па?

-  Бұған қатысты туындап отырған мәселе көп. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары: «Жаңаөзенде зардап шеккендердің жағдайы шешілді. Арнайы құрылған мемлекеттік комиссия өз жұмысын бітіріп, бәленбай мың теңге ақша жұмсалды», - деп жатыр. Бірақ мен аралап шыққан Жаңаөзенде қираған ғимараттар әлі күнге жөнделмеген. Тиісті қаражаттардың берілгенін нақты білмедім, бірақ өртке оранған мекемелер сол қалпында тұр. Жергілікті кәсіпкерлермен кездескенде олар: «Кейбір банктер мемлекеттің аударған ақшасы әлі келмеді дегенді айтып жатыр», - дейді. «Даму» қоры арқылы берілетін пайызсыз несие мерзімін де ұзарту керек. Мысалы, берілген несиені төлеу мерзімі бір жыл болса, биылғы екінші жарты жылдықтан бастап кәсіпкерлер төлемдерді қайтара бастауы тиіс. Егер, бес млн. теңге несие алса, 1 шілдеден бастап 500 мың теңгеден төлей бастауы керек екен. Егер олардың өртенген ғимараттары әлі күнге жөнделмесе, олар ақшаны қайдан табады?

-  «Ақжолдан» өткен депутаттар кәсіпкерлердің мәселесін көтереді деп айтып едіңіз. Осы уақытқа дейін сол төңіректегі мәселені қаншалықты қозғай алды?

-  Үш ай ішінде депутаттық жұмыс барысында ресми түрде жиырмаға жуық сауал жолдаппыз. Одан бөлек, жалпы отырыста жарияламай-ақ, сексеннен астам түрлі хаттарды тиісті орындарға жібердік. 1991-93 жылдар аралығында атқарылған жекешелендіру бағдарламасының нәтижесін біле алмай отырмыз. Сол кезде біздің мыңдаған отандастарымыз жекешелендірілген мекемелерге иелік етсе, солардың дивидендтері мен акциялары қайда екендігі әлі белгісіз. Осыған қатысты Үкіметке сауалымызды қойдық. Қаржы пирамидаларының жұмысы, басқа да нақты салалар бойынша жұмыстарды атқарып үлгердік. Біздің фракциямыз тек кәсіпкерлікке байланысты емес, мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңіту туралы да заң жобасын дайындап, Үкіметке жіберді. Бұл біз үшін үлкен жұмыс.

-  Құпия болмаса, «Ақжолдан» сайланған депутаттардың жеке кәсіптері бар ма?

-  Кез келген депутаттың кәсіпкерлікпен айналысуына болмайды. Заң бойынша тыйым салынады. Сондықтан олар қазіргі кезде кәсіпкер емес, қарапайым депутат қана. Бірақ депутат болғанша олардың барлығы жеке кәсіппен шұғылданды.

-  «Ақжолдың» қатарындағы Аманкелді Айталы, Қазыбек Иса секілді азаматтар жеке кәсібінің жоқтығынан депутаттыққа өтпей қалды ма сонда?

-  Мәселе кәсіпкерлікте емес. Ең алдымен экономика саласын жетік білетін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алатын азаматтарды фракцияға өткізуді жөн көрдік. Бұл менің ғана емес, партияның ортақ кеңесінің шешімі. Оған Аманкелді Айталы, Қазыбек Иса мырзалар да қатысты. Сондықтан бұл мәселе әу бастан өз шешімін тапқан. Өкпе-реніштер болғанымен, Аманкелді Айталы ағамыз кезінде Мәжілістің екі шақырылымының депутаты болып, Мәжілістің мінберінде ұсыныс-ойларын айтқан. Қазіргі кезде біз жастарды алға шығаруымыз керек. Жастарды тәрбиелемесек, саясаткерлер қайдан шығады?..

Әңгімелескен - Жанкелді ҚАРЖАН

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371