Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3794 0 пікір 4 Шілде, 2009 сағат 12:31

Шимон ПЕРЕС. Уранды байытқанша, бидайды байытайық

Дүйсенбінің түнінде Израильдің қарт Президенті Шимон Перес мінген Arkia әуе компаниясының арнайы жабдықталған ұшағы Астанаға табан тіреді. Ресми делегацияның құрамында жасы 90-нан асқан еврей халқының басшысынан басқа, өнеркәсіп министрі Биньямин Бен-Элиэзер, инфрақұрылым министрі Узи Ландау, ғылым және технология министрі Даниэль Хершкович, қос бас раввин - Йона Мецгер мен Шломо Амар, сондай-ақ әртүрлі 60 фирма мен компанияның өкілдері бар. Бір қызығы, израильдік кәсіпкерлер жолақысы - 1820 АҚШ долларын, делегацияның құрамына енгені үшін тағы да 1000 АҚШ долларын өз қалталарынан төлепті.

Шимон Перес кім?

Ол 96 жаста. Беларусь жерінде дүниеге келген. Бала кезінен тағдырдың жазуымен Таяу Шығысқа қоныс аударады. Асқан алғырлығы мен жоғары білімділігінің арқасында 24 жасында Израиль әскери-теңіз қарулы күштерінің қолбасшысы атанады. 1994 жылы Нобель сыйлығын иемденеді. Яғни еврей елінің іргесін қалаған қарымды қайраткер, тұғырлы тұлға десек, қателеспейміз. Онымен қоса, кәнігі дипломат, салиқалы саясаткер. Бәрінен бұрын Шимон Перес - әлемдік деңгейдегі нағыз мемлекетшіл тұлғалардың бірі.

Байқоңыр - көздің құрты

Дүйсенбінің түнінде Израильдің қарт Президенті Шимон Перес мінген Arkia әуе компаниясының арнайы жабдықталған ұшағы Астанаға табан тіреді. Ресми делегацияның құрамында жасы 90-нан асқан еврей халқының басшысынан басқа, өнеркәсіп министрі Биньямин Бен-Элиэзер, инфрақұрылым министрі Узи Ландау, ғылым және технология министрі Даниэль Хершкович, қос бас раввин - Йона Мецгер мен Шломо Амар, сондай-ақ әртүрлі 60 фирма мен компанияның өкілдері бар. Бір қызығы, израильдік кәсіпкерлер жолақысы - 1820 АҚШ долларын, делегацияның құрамына енгені үшін тағы да 1000 АҚШ долларын өз қалталарынан төлепті.

Шимон Перес кім?

Ол 96 жаста. Беларусь жерінде дүниеге келген. Бала кезінен тағдырдың жазуымен Таяу Шығысқа қоныс аударады. Асқан алғырлығы мен жоғары білімділігінің арқасында 24 жасында Израиль әскери-теңіз қарулы күштерінің қолбасшысы атанады. 1994 жылы Нобель сыйлығын иемденеді. Яғни еврей елінің іргесін қалаған қарымды қайраткер, тұғырлы тұлға десек, қателеспейміз. Онымен қоса, кәнігі дипломат, салиқалы саясаткер. Бәрінен бұрын Шимон Перес - әлемдік деңгейдегі нағыз мемлекетшіл тұлғалардың бірі.

Байқоңыр - көздің құрты

Сейсенбіде Ақордада Шимон Перес­ті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, қос мемлекеттің басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді. Осы жүздесудің нәтижесінде ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялық желілер, биотехнология, ауыл шаруашылығы, медицина, химия және қорғаныс сияқты салаларда бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Жоғары деңгейдегі кездесулер кезінде екі елдің басшылары ағынан жарылып, бір-біріне зор құрмет көрсетті. Әуелі мемлекет басшысы: «Израиль - Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі. Израильдің ғылыми-технологиялық әлеуеті, жақсы дамыған өндірісі мен ауыл шаруашылығы және инвестициялық мүмкіндіктері екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың ауқымын кеңейте түседі», - деп мәлімдеді. Іле-шала сөз тізгінін алған еврей елінің басшысы да: «Біз Қазақстанды Израильдің сенімді досы деп білеміз!» - деді.
Бір анығы, екі елдің арасындағы қарым-қатынастар былтырдан бері жақсы дамып келеді. Мысалы, өткен жылы тауар айналымы 2,5 млрд долларға жетсе, биылғы жылдың қаңтар-сәуіріндегі көрсеткіш - 346 млн АҚШ долларын құраған. Алыс-берісті алатын болсақ, біз еврейлер еліне шикі мұнай мен химия өнімдерін, құрал-жабдықтар мен түрлі тетіктер жіберсек, оның орнына жер, әуе, су көліктерін, қару-жарақ, оптикалық-фотографиялық құрылғылар аламыз. Нұрсұлтан Назарбаев сәтті жүздесуді пайдаланып, израильдік компанияларды мұнай, химия, биоотын өндірісі, электр қуатын үнемдеу технологиялары салаларындағы жобаларға инвестиция салуға шақырды. Бұл ұсыныс еврейлік 50 компания басшыларын түгелдей дерлік елең еткізді. Ең бастысы, әлем бойынша ең мықты жерсеріктерін құрастыратын израильдіктер біздің Байқоңырдан бірлесіп жерсерігін ұшыру туралы ұсыныстарын жасырмай айтты. Израильдің ғылым және технология министрі Даниэль Хершкович сөзінің астарында егер біз Байқоңырдан спутник ұшыруға келіссек, өздерінің ғаламат технологияларын әкелетіндерін жеткізді. Жылышырайлы жүздесулерден кейін Израиль каспийлік энергоресурстарды Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне тасымалдауда негізгі оператор болуға ниет білдірді.

Білектің күші емес, ақылдың ісі

Ақордада өткен бірлескен баспасөз мәслихатында  Шимон Перес «Қазақстан Израильдің мұсылман әлемімен байланыс жасаудағы басты әріптесі болады» десе, өз кезегінде, Нұрсұлтан   Назарбаев еврейлердің бейбітшіл бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді. Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы жанжалды бейбіт жолмен шешу жөнінде мәселе қозғап, жарты ғасырдан бері мәмілеге келе алмай жатқан Израиль мен Палестинаны келіссөздер үстеліне шақырды. «Кінәні өзгелерден іздеу әрқашан да жеңіл. Сол себепті екі тарап та бейбітшілікке бірдей талпынуы тиіс. Соғысты әдетте ел басшылары бастайды, бірақ оның қашан бітетінін ешкім де білмейді. Қазіргі Таяу Шығыстағы ахуал осындай. Бір тараптың айтқанына екінші жақ құлақ аспаса, түсіністікке жету мүмкін емес. Сол себепті кез келген дау-дамайды келіссөздерге келу арқылы шешуге болады. Егер де ол аймақта бейбітшілік салтанат құрса, одан араб елдері, Израиль, біз және күллі әлем ұтады. Бұл ғасырда әртүрлі жанжалдар зеңбіректің күшімен емес, ақыл-оймен шешілуге тиіс. Израиль басшылығы осыларды ойластырып жатқанына сенімдімін!» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ал Перес Н.Назарбаевты өз еліне үшінші рет шақырып: «Мен Президент Назарбаевтың ойлары мен көзқарастарын тыңдауға әрқашан да әзірмін. Соның ішінде, ол Таяу Шығыстағы шиеленісті шешуде маңызды рөл атқара алады деп есептеймін», - деді.

Еврейдің қаруы қауіпсіз бе?

«Қазақстан ешкімге де ядролық материал сатпайды», - деп мәлімдеді израильдік журналистердің сауалдарына жауап берген Нұрсұлтан Назарбаев. - Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау - біз үшін аса маңызды, аса өткір мәселе. Өйткені біз ядролық сынақтардың барлық ауыртпалығын сезінген, одан зор қасірет шеккен елміз. Әлемдегі ең ірі полигондардың бірі - Семей ядролық полигоны 1991 жылы менің жарлығыммен жабылды. Ол жерде 49 жыл бойы жүргізілген ядролық сынақтардан 1 миллионнан астам қазақстандық зардап шекті.
Бұл саладағы халықаралық құқық әлсіз жұмыс істейді. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарт өз құзырын жүргізе алмай келеді. Өйткені әлемдік қауымдастық бұған ықпал жасай алмауда», - деді мемлекет басшысы. Оның пікірінше, ядролық қарудан бас тартуы арқылы Қазақстан ядролық державалардан өзінің қауіпсіздігіне кепілдік алды. Есесіне, Батыс елдерімен қарым-қатынасымыз жақсарды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев өз саясатын Тегеранға үлгі етіп отыратынын атап өтті. «Біз Иран басшылығымен тығыз қарым-қатынастамыз. Президент Ахмадинежад сәуірде Астанаға келіп кетті. Мен бес немесе он ядролық бомбаны сатып алу кез келген мемлекеттің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын жиі айтамын. Ал біз болсақ ядролық қарудан құтылу арқылы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі озық экономикасы бар елге айналдық», - деп сөзін түйіндеді ол. Сондай-ақ Қазақстанның ешқашан Иранға уран сатпағанын да атап өтті.
Бір атап айтарлығы, Қазақстаннан кейін Израиль де өзге елдермен бірге ядролық сынақ жасамау жөніндегі келісімшартқа қол қойыпты. Шимон Перес дипломаттығына салып, қазақ Президентінің шешімін қуаттайтынын жеткізді. Оның айтуынша, еврейлер елінің ядролық әлеуеті туралы пыш-пыш әңгіме көп. «Алайда ядролық қару Израильге қажет. Бірақ... біз ылғи да зор қауіп-қатердің үстінде тұрсақ та, ядролық қаруымыз ешкімге зиянын тигізбейді», - деді Израильдің қарт Президенті.

Сенім мен саясат

90-нан асса да қауқары қайтпаған кәрі тарлан Перес біздің Елбасын «Бүгінгі заманның ең айтулы құрылысшыларының бірі» деп атады. «Ол тәуелсіз мемлекет құруда. Өз елінің әрі жаңа, әрі тамаша астанасын салды. Ол Қазақстанның болашағын қалауда. Ең бастысы, Қазақстан мәдениеттер мен өркениеттердің арасындағы астанаға айналды», - деді ол ағынан жарылып. Перестің Астанаға тұңғыш ресми сапары 1-2 шілдеде өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайымен тұспа-тұс келді. Онда да жай келмей, осынау алқалы жиынға қатысып, сөз сөйлеуге де дайындалып келіпті. Онысын Ақордадағы жиында жасырмай айтты. «Мен Н.Назарбаевтың бұл бастамасын толық қолдаймын. Себебі дін саясатқа ықпалын тигізе алады. Егер де дін бейбітшілікке қызмет етсе, онда ол барлық жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуге септігін тигізер еді», - деді Ш.Перес жұрт алдында.

Қазақ-еврей ынтымақтастығы

Сейсенбі күні Қазақстан-Израиль бизнес форумы өтті. Алқалы жиынға Ш.Перес пен Премьер-министр Кәрім Мәсімов қатысып, екі жаққа да маңызды бес құжатқа қол қойды. Атап айтқанда, екі елдің дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелері үшін визалық режимді алып тастау туралы, стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта игеру мен пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісімдерге қол қойылып, мөр басылды. Сонымен қоса, екі елдің сауда-өнеркәсіптік палаталары іскерлік кеңес құру туралы келісімге, KAZNEX экспортты дамыту және жетілдіру жөніндегі корпорациясы және Израильдің экспорт және халықаралық ынтымақтастық институты өзара көмек туралы келісті. Отандық DETA AIR мен израильдік Israel Airspase Industry компаниялары стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

Төлен ТІЛЕУБАЙ,

«Жас қазақ» газеті, №26 (03.06.2009)

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347