Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4535 2 пікір 24 Мамыр, 2021 сағат 16:25

АҚШ Ресейді мазақтап отыр

Байден Путинмен кездесер алдында кезекті сальто жасауын қояр емес - ол тағы да кеше Нордстрим-2 газ құбырына санкция салды. Әдетте екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсаруы үшін қарсы тараптар бір-біріне жылышырайлық танытып, кейбір визавиге жақпайтын қылықтардан бас тарта тұруына болар еді, алайда АҚШ пен РФ жағдайында олай болмай тұр.

Мұның себебі мынада деп ойлаймын - АҚШ РФ-ны шындығында масқара етіп мазақтап отыр. Біріншіден, мұндай кездесу Байденге емес, Путинге керек. Өзін АҚШ-пен тең дәрежеде сөйлесе алатын фигура етіп көрсету үшін. Сол үшін де ол әскерлерін Украина шекарасына шоғырландырып, үлкен соғысты әне бастаймын, міне бастаймын деп қорқытты. Шындығында террорлық әрекеттерге барды. Есуастан бәрін де күтуге болатынын сезген Байден Путинді кездесуге шақырды. Ананың да күткені сол екен, бірден келісімге келіп, енді болашақ кездесуде не айтатынын талқылай бастады. Әрине, онысын білдірмеуге тырысып бірнеше күнге шейін жауап бермей жүрді. Бірақ Путинді әбден зерттеген Байденнен қулық артылған ба - көздеген нысанасына дәл тигізгенін білсе де ол да білмеген болып өз ісімен айналыса берді. Ақыры Мәскеу шыдамай кездесуге қызу дайындала бастады...

Негізі мынадай санкциядан кейін РФ бұрқан-талқан ашуланып, кездесуден бас тартуы керек қой? Алайда бір сөтке өтсе де Мәскеу тарапынан әзірге үн жоқ! Мұны Мәскеудің масқара жеңілісі деп бағалағаннан басқа не деуге болады? Қайда әлгі симметриялық жауаптары? Ондай қорлыққа шыдағанша өлсейші. Сонымен, АҚШ Қаржы министрлігі Нордстирм 2-ге қандай санкция қолданды?

Қара тізімге мынадай ұйымдар енгізілді:
Мемлекеттік федеральдық бюджеттік "Морская спасательная служба" учреждениесі;
ООО "Мортранссервис".
"Самарский теплоэнергетический имущественный фонд" АҚ.
"Коксохимтранс".
Сондай-ақ Нордстрим-2 құрылысына қатысып жатқан 13 кемеге санкция салынды. Олар мыналар:
"Академик Черский".
"Балтийский исследователь".
"Спасатель Карев".
"Юрий Топчев".
"Владислав Стрижов".
"Артемис Оффшор".
"Бахтемир".
"Финвал".
"Капитан Беклемишев".
"Мурман".
"Нарвал".
"Сивуч".
"Умка".

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1443
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5199