Сенбі, 23 Қараша 2024
3098 1 пікір 2 Шілде, 2021 сағат 12:46

Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілі жалғасып жатыр

Жаңаөзенде сәрсенбіде басталған "ӨзенМұнайГаз" компаниясының мердігері "КЕЗБИ" мекемесі жұмысшыларының ереуілі жалғасып жатыр. Жұмысшылар 30 маусым күні болған келісім комиссиясы өкілдерімен келіссөзден ешқандай нәтиже болмағанын айтады.

Жұмыс толық тоқтаған. Ереуілдегендер кешке қарай түнгі ауысым жұмысшылары келіп ереуілді таң атқанша жалғастырғандарын айтты.

Жаңаөзенде 1 шілде күні "КЕЗБИ" компаниясының ереуілдеген 600-ге тарта жұмысшысы кеңсе алдына қайта жиналды. Сәрсенбі түнінде түнгі ауысымның жұмысшылары компания ғимараты алдында таңды атырған. Компанияда жұмыс толық тоқтаған.

- Мәселе өте көп. Осы жігіттердің еңбегін табельге түсіремін. Біздер басшылардың айтуы бойынша, 440-760 сағат үшін 15% үстеме қоюымыз керек. Бірақ іс жүзінде жоспарды 700-800 сағатқа орындаймыз, сол себепті 60% үстеме қоямыз, оны төлемейді. Адамдардың ақысы төленбей отыр, - дейді өзін 20 бригада шебері Бақытжан Байжанов деп таныстырған жігіт.

Жиналғандарға облыс әкімі Серікбай Тұрымов келді.

– Құзырлы орындармен құрылған комиссиямен отырып қазір жұмыс жасаймыз. Сіздерге шешімін айтамыз, - деді ол наразы жұмысшыларға.

30 маусымда еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, жұмысты тоқтатқан "КЕЗБИ" мекемесі жұмысшыларымен келіссөз комиссиясы құрылған. Оған наразы жұмысшылар өкілі ретінде Азамат Жапаров, Жолмұрат Ұлықпанов, Баймұрат Әжекенов, Сәбит Молдабеков кірген. Кешкі тоғыздарда аяқталған комиссия жұмысына жиналғандардың көңілі толмады. Олар талаптарының бірде-біреуінің шешілмегені айтады.

Жұмысшылардың талаптары төмендегідей:

  • Жалақыны көтеріп, сыйақы төлеу жүйесін қайта қарастыру;
  • Мереке күндерінде жасалған жұмыстар мен зиянды аймақтағы жұмыс үшін ақы төлеу;
  • Жұмысшыларды еңбек өтіліне қарай қызмет жағынан көтермелеу;
  • Еңбек демалысына қосымша сауықтыру орындарына баруды қамтамасыз ету;
  • Ұңғымаларды жөндейтін шеберлерге жағдай жасау;
  • Бұрғышылардың қасына көмекші беру;
  • Стандартқа сай құрал-сайманмен қамтамасыз ету;
  • 2019 жылдың қаңтарынан бастап жұмысшыларға берілетін қаражат туралы есеп беру.

1992 жылы құрылған "Кезби" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Маңғыстау облысындағы мұнай компанияларына ұңғымаларды жөндеу бойынша қызмет көрсетеді. Ол Жаңаөзендегі ең ірі мұнай компаниясы "ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамының мердігер мекемесі. Мұнда жалпы саны 27 бригада бар. Компанияда 1200-ге жуық адам жұмыс істейді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383