Сенбі, 23 Қараша 2024
3493 17 пікір 7 Шілде, 2021 сағат 11:18

Назарбаев: Оларды қызметке тағайындауым қателік болыпты

Күні кеше тұсаукесері өткен режиссер Оливер Стоунның «Qazaq: history of the golden man» атты деректі фильмінде экс-президент Назарбаев бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев пен бұрынғы банкир Мұхтар Әбіләзов туралы пікірін білдірді. 

Назарбаев аталған сұхбатта, өзінің күйеу баласын қызметке тағайындауы қателік болғанын айтқан.

- «Қаржы полициясы оның қарамағында еді. Осыны пайдаланып, өзгелердің бизнесі мен ақшасын тартып ала бастады. Бір уақытта оған: "Тоқта" деп ескерту жасадым. Ол кезде менің күйеу балам, үш кішкентай немеремнің әкесі болды. Қызым, үш немерем мен оның әкесі маған келді. "Мен не істей аламын? Ол - қылмыскер" деп жауап бердім.

«Мен үшін өте ауыр болды. Егер басқа біреу болса... Ал бұл жерде өзім сенім артқан адам... Мен Дариғаның басынан не өткенін түсінемін. Оны аяймын»,- деді Назарбаев.

Ал, Стоун Дариға Назарбаеваның бұл тақырыпты талқылағысы келмегенін айтады.

Айта кетейік, Рахат Әлиев экс-президенттің бұрынғы күйеу баласы. Әлиев 2008 жылы билікті тартып алмақ болған әрекеті үшін ұзақ жылға соттау туралы сырттай үкім шыққан.

2015 жылы Австралиялыық БАҚ Әлиевтің түрмеде өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Назарбаев экс-банкир Мұхтар Әбіләзовты министр лауазымына тағайындағаны да қателік болғанын айтады.

- «Олар мемлекеттің азын-аулақ ақшасын, керісінше, жымқыра бастады. Көбі жемқорлықпен ұсталды. Оны Лондон соты халықаралық алаяқ деп танып, соттады. Мен оған алғашқыда кешірім жасадым.

Оның банкке қайта оралып, ақшасын қолды етуі басты қателік болды. Миллиардтаған ақша жымқырды. Бұған қоса, тапсырыс беріп, өзінің серіктесін өлтірді. Біз бос сөз айтып отыр демеуі үшін бұл істі америкалық ФБР-мен бірге тергедік» ,- деді экс-президент сұхбатында.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379