Сенбі, 23 Қараша 2024
4128 0 пікір 8 Шілде, 2021 сағат 13:04

Қазақстандықтардың негізгі қоғамдық құндылықтары не?

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстандықтардың негізгі қоғамдық құндылықтары» тақырыбында сауалнама жүргізді. 

Оған 2021 жылы 25 маусым және 3 шілде аралығында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) тұратын, 18 жастан асқан 1100 адам қатысты.Қатысушылардың 53%-ы ер азамат, 47%-ы әйел. Зерттеуде Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмерлерінің абоненттік қоры пайдаланылды. Іріктеу ықтималдығы 95%, статистикалық көрсеткіш қателігінің шекті мөлшері 3%-дан аспайды.

DEMOSCOPE сауалнамасы мәліметтеріне сүйенсек, тұрақтылық пен отбасы – қазақстан халқы арасында жоғары бағаланады. Қазақстандықтардың үштен бірі үшін қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп (33%), ұлттық және отбасылық дәстүрлер (33%), білім, ғылым және мәдениет (33%) маңызды.

Негізгі құндылықтар қатарында: айналадағы адамдардың қолдауы мен өзара көмек  (24%); әлеуметтік әділеттік пен құқықтардың теңдігі; ынтымақ пен патриотизм (22%); діни және рухани құндылықтар;  еңбекқорлық пен қоғам алдындағы жауапкершілік (22%) секілді нұсқалар да аталды.

Сауалнама қатысушыларының 14%-ы жетістік, мансап және тоқшылықты бірінші орынға қояды.

«Зерттеу қорытындысына қарап, пандемия кезінде халық қауіпсіздікті  отбасылық құндылықтармен қатар жоғары бағлайды деген қорытынды жасауға болады. 

2020 жылы жаздағы қатаң карантин шаралары кезінде, елде дәрі-дәрмек жетпей халық дүрбелеңге түскен қысылтаяң шақта, барлық аймақта дерлік коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар, еріктілер, белсенді азаматтар жұмыла кірісті. Респондентердің 65%-ы пандемия кезінде дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қоғамға сіңірген еңбегі елеулі болды дейді. Сонымен қатар, 26% қазақстандықтың пікірінше, ҮЕҰ, еріктілер мен жанашыр адамдардың атқарған еңбегі қыруар болды. 22% азамат мемлекет пен жергілікті басқару органдарының жұмысын атап өтті»,- делінген зерттеу қорытындысында.

Ал, небәрі 6% қатысушы бизнестің жасаған жақсылығын еске алды.

«Қазақстандықтардың өзара көмек көрсетуді де басым құндылықтар қатарына жатқызғаны бекер емес. 44% қатысушы пандемия кезінде ерікті болып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге әзір. Олардың 12%-ы ауруды жұқтырып алу қаупі төмен болса, ерікті болудан бас тартпас едім деп жауап берді. Қатысушылардың төрттен бір бөлігі ерікті болғысы келмейді. Себебін олар денсаулығын қатерге тіге алмаймыз деп түсіндірді. Сонымен қатар, 16% қатысушы ерікті болуға уақытым жоқ деді. Ал, 9% азамат әлеуметтік мәселелерді мемлекет шешуі керек деп есептеймін деп жауап берді»,- деді бюро.

Зерттеу аясында Қазақстанда азаматтық қоғамның қай институты басқаларға қарағанда өнімді жұмыс жасайтыны да анықталды.

«Сауалнама қатысушыларының бестен бірі еріктілер қозғалысын, 16% БАҚ-ң қоғамдағы рөлін, 10% саяси партияларды атады. Сонымен қатар, 7%  кәсіподаққа дауыс берсе, 6% Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ), 3% бастамашыл топтардың қызметін таңдады. Қатысушылардың 40%-ы бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. Себебі, халықтың көбі азаматтық қоғам ұйымдарының қызметінен хабарсыз»,- дейді. 

Сонымен қатар, респонденттерден Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуына не кедергі екені туралы да сауал қойылды.

«Үштен бірі экономикалық тұрақсыздықты негізі кедергі деп санайды. 22% халық азаматтық қоғам туралы білмейді деп жауап берді. Мемлекет пен қоғам арасында серіктестік қарым-қатынастардың болмауы (12%), Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарын бақылауда ұстауы (7%) азаматтық қоғамның дамуына кедергі келтіреді»,- делінген бюро хабарламасында.

Ал,  6% респондент азаматтық қоғам институттарын мемлекетке төнген қатер ретінде көрсететін ішкі насихатты кінәлады.

«DEMOSCOPE сауалнама қорытындысын түйіндесек, халық тәуелсіз демократиялық, біртұтас мемлекетті дамытудың негізі саналатын азаматтық қоғам институттарының рөлі туралы жетік білмейді.  Қазақстандықтардың өзара көмек пен қолдау, әлеуметтік әділет пен құқықтардың теңдігі, ынтымақ пен патриотизм секілді құндылықтары азаматтық қоғамның негізгі идеяларымен сәйкес келеді» ,- дейді мониторинг жүргізу бюросы.

Айта кетейік, 2017  жылы жүргізілген «Дүниежүзі бойынша құндылықтарды зерттеу» деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың 93,5%-ы отбасын бірінші орынға қойған. Екінші орында – жұмыс (49,2%).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381