Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2801 0 пікір 8 Шілде, 2009 сағат 08:37

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ

Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сізге Қазақстан «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы мүшелерінің атынан бірер тілек айтпақпыз.
2000 жылы Сіздің қабылдауыңызда болған Қоғам мүшелерінің өтінішіне орай, 1937-38 жж. саяси қуғын-сүргінде атылғандар құпия көмілген орынға ескеркіш  тұрғызуға Өзіңіз тікелей тапсырма беріп, сол  Жаңалық ескерткішін ашқаныңызға биыл, міне,  жеті жыл толды.  Жаңалыққа Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні Алматы қаласы мен Алматы облысы жұртшылығының өкілдері жыл сайын келіп тағзым етеді.
Осы ескерткіш орнаған жердегі «Әділет» қоғамы меншігіне берілген 15 гектар телімді қаралы-салтанатты орманды алқапқа - ашық аспан астындағы пантеонға айналдырудың мезгілі жеткен сияқты.  
НКВД ғимаратының жерасты бөлігінде атылып, денелері Жаңалықта тыншыған жазықсыз құрбандар саны 3 мыңнан асады. Онда халық шаруашылығының әр саласында еңбек еткен қарапайым еңбек адамдары, сондай-ақ Ораз Жандосов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Исаев, Темірбек Жүргенов, Сүлеймен Есқараев, Жанайдар Садуақасов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ахмет Байтұрсынов, Қоңырқожа Қожықов, Санжар Асфендиаров, Сейітқали Меңдешев, Қабылбек Сарымолдаев, Қайсар Тәштитов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Жұмат Шанин, Рахым Сүгіров, Мағжан Жұмабаев, Құдайберген Жұбанов, Зарап Темірбеков сынды жүздеген мемлекет, ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлері жатыр.

Ескерткіштің айналасына солардың есімдерін тасқа қашап  естелік-қабырға орнату қажеттігі сұранып-ақ тұр. АЛЖИР лагерінде жазықсыз жапа шеккен 7 мыңнан астам жанды (оның   179-ы қазақ әйелі, ал сотталғандардың басым көпшілігі Мәскеуден, Ленинградтан, Кеңес Одағының басқа қалаларынан әкелінгендер) еске салып тұратын естелік қабырғалар тәріздендіріп, Жаңалық ескерткішін  сүйегі сонда жатқан 3 мыңнан астам қазақстандық боздақтың аты-жөні тізілген жоқтау тақта-қабырғалар орнатумен толықтыру ләзім.
Сондай-ақ зерде кешеніне кіші архитектуралық формалар - атылғандардың мүсіндік портреттерін қойған жөн болар еді. Бұл шаруа Қазақ-Британ университеті жанындағы аллеяда тізілген репрессияланған кеңестік қайраткерлердің мүсіндерін Жаңалыққа көшірумен басталса игі, сол істің жалғасы ретінде репрессия құрбандарының ұрпақтары сонда жатқан өз әкелеріне ескерткіш-мүсін орнатпақ ойларын «Әділет» қоғамының басқарма мәжілістерінде ұдайы айтып келеді.  
Қасіретті 32-жылғы сұрапыл аштық әкелген ұлттық апатта Алматы көшелерінде аштан өлгендердің мәйіттерін осы жердегі Әли және Диханбай ауылдарының қаңырап босап қалған орындарына тасып әкеп төгіп, жүзін жапқаны мәлім, соны есте тұтып, сонау ашаршылықта көз жұмған мың-сан  құрбан рухын ұлықтайтын белгі қою да осынау зерде кешенінің мазмұнын аша түсері сөзсіз.  
Киелі алқапқа ағаш  егіп, бақ отырғызуға «Әділет» қоғамының мүшелері мен жанашырларына қоса қалың жұртшылық атсалысар еді деген ойдамыз.
Бұл күндері «Әділет» қоғамы басқармасының мүшелері Жаңалықта жатқан боздақтардың толық тізімін жасау үстінде. Оны 1996-2004 жылдары шығарылған «Азалы кітап. Книга скорби» жинақтарының үлгісімен жеке кітап етіп шығару қажет-ақ.
Біздің бұл ой-жоспарларымыз Алматы қаласы мен Алматы облысы басшылығы тарапынан түсінушілік тауып тұр.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, осы баян етіп отырған ниетімізді енді Сіздің мақұлдауыңызды сұраймыз, осынау иманды да абыройлы шаруаға  күллі жұртшылық жергілікті биліктің ұйымдастыруымен қол ұстасып кірісу үшін Сіз Өзіңіздің Елбасылық батаңызды берсеңіз екен деп тілейміз.
Тағы бір маңызды мәселе - 2000 жылғы қабылдаудан соң Өзіңіздің тапсырмаңызбен Алматыда ашылған Саяси репрессиялар тарихы мұражайына байланысты. Қызмет атқарған бір жарым жыл ішінде мұражайда мыңдаған жұртшылық өкілдері, шетел делегациялары, әсіресе оқушылар мен студент жастар болып,  белгілі дәрежеде тарихпен тәрбиеленудің өзіндік белесінен өткен еді. Алайда мұражай бізге беймәлім себеппен тез жабылып қалды. Мұражайда  репрессияланғандардың өздері мен ұрпақтары тапсырған өте құнды жәдігерліктер жинақталған болатын, қазір солар бір бөлмеде үйіліп жатқандықтан, тозып, экспозициялауға жарамсызданып кету қаупі бар.
Бұл орайда біз Алматы әкімшілігіне әлденеше рет өтініш білдірген едік, алайда осы мәселенің қала билігі тарапынан ешбір шешімін таппайтыны мағлұм болды.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, егер мұражайды бұрынғы НКВД ғимаратында орналасқан орнына қайтаруға ешқандай мүмкіндік болмаса, онда оны қаладағы басқа қоғамдық ғимараттардың біріне орналастыруға, сөйтіп, еліміздің саяси тарихы мұражайының қалың көпшілікке отаншылдықты, демократия құндылықтарын насихаттау ретімен қызмет ете бастауына қол ұшын беруіңізді Өзіңізден қатты өтініп сұраймыз.
Жақында Қоғамның 20 жылдығына орай өткізілген «Әділет»   тарихи-ағарту қоғамы: тоталитарлық тарихтан - демократиялық болашаққа» ғылыми-практикалық конференциясына қатысушылардың және олардың ішіндегі саяси қуғын-сүргін науқандарында жазықсыз жазаланған белгілі қоғам қайраткерлерінің «Әділет» қоғамына мүше ұрпақтарының бір ауыздан білдірген тілегі осыларға саяды. Солардың атынан -

Құрметпен,                                                  
Бейбіт Қойшыбаев,  «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының президенті.

Алматы,   07 шілде 2009 ж.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419