Жұма, 10 Қазан 2025
Деп жатыр 315 0 пікір 10 Қазан, 2025 сағат 13:53

Нобель иегері: Орыс яхталарына түкіріп өтем!

Сурет: rfi.fr сайтынан алынды.

Биылғы жылғы Нобельдің әдебиет саласы бойынша сыйлығы Мажар жазушысы Ласло Краснахоркаиға бұйырды.

Ласло Краснахоркаи – «Сайтани танго» және «Қарсылық меланхолиясы» романдарымен танымал.

«Сыйлық «апокалиптикалық қасіретке қарсы өнердің күшін қуаттайтын тартымды және терең жұмысы үшін» берілді», - делінген комитеттің баспасөз хабарламасында.

Ласло Краснахоркаи – 1954 жылы дүниеге келген. 2015 жылы ол әдебиет саласы бойынша «Букер» сыйлығын алған.

Мажар жазушысының «Сайтани танго» және «Веркмайстер гармониялары» шығармаларын негізге алып, әйгілі мажар режиссері Бел Тарр фильм түсірген. Краснахоркаи өз шығармаларында ақырзаман, революция және әлеуметтік құлдырау тақырыптарын зерттейді. Оның романдары әлем тілдеріне аударылған.

Мажар жазушысы Ласло Краснахоркай бүгінде Италияның Триест қаласында тұрады екен. Ол 2023 жылы «Tank Magazine» журналына берген сұхбатында былай дейді: «Кейде мен осы Ресейдің яхталары тұрған аумақта су жағалап жүріп, оларға түкіремін. Бұл соншалықты қырғын дүние емес, бұл күлкілі және қате екенін білемін, бірақ осылай жасасам сәл жеңілдеп қаламын. Олар Триесті жайына қалдырып, тұқым-тұяғымен құрып кетсін дегім келеді», - дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 801
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9847