Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3004 0 пікір 23 Мамыр, 2012 сағат 07:22

Қажымұқан Ғабдолла. Ең соңғы мүмкіндік...

Әр нәрсенің шеті мен шегі болады. Бұл - табиғи заңдылық. Табиғилықтың тепе-теңдігі бұзылса, айталық, табиғатта катаклизмдер орын алады: сұмдық жер сілкінуі, топан су қаптауы, орасан өрт шалуы, зор дауыл соғуы ықтимал. Мұның қай-қайсысы да адамға жеңіл тимейді. Кісі қазасы болуы мүмкін немесе материалдық шығындарға ұшырап, жұрттың тізе бүгіп қалуы кәдік.

Жаратқан Иеміз пендесінің сабыры мен шамасын шектеулі жаратқан. Адам алып тауды көтеріп кете алмайды. Зәулім көкке қырандай заулап ұшуға қауқарсыз. Бірақ, Хақ Тағаламыз топырақтан жаратқан пендесіне ақыл-парасат пен сабырды молырақ нәсіп еткенге ұқсайды. Адамның шыдамы мен төзіміне таң қаласың. Сенгіштігінде де шек жоқтай көрінеді...

Мысалы, бүгінгі қазақ билігінің осыдан 20 жыл бұрын халыққа жалынып-жалпайып, өтініп-сұранып, ант суын ішіп: «Айналайын, халқым! Енді 2-3 жыл ғана шыдасаңдар, ел қатарына қосылып кетеміз, еліміз бен жеріміздің қойын-қонышы қазына-байлыққа лықа толы. Ешкімнен кем болмаймыз! Сәл сабыр қылыңдаршы!» - дегенін бәріміз білеміз, ұмытқамыз жоқ.

Сабыр қылдық. Сендік. Көндік. Қиындық та көрдік. Арада жиырма қыс өте шықты...

Ақылман Абай айтқыш қой, былай депті:

Құйрығы - шаян, беті - адам,

Байқамай сенбе құрбыға.

Жылмыңы - сыртта, іші - арам,

Кез келер қайда сорлыға...

Менің халыққа жаным ашиды; ақкөңіл, аңқылдақ қазағым үшін жүрегім шаншиды: осынау жиырма жыл бойы билік алдауын қоймайды, біз алданудан танбаймыз...

Алдау мен алданудың арты құрдымға тіреді. Мақтану мен ақталудың соңы сор болып жабысты. Ойлы жазушы Лев Толстой: «Адам өзіне-өзі неғұрлым көп мәз болса, оның бойында мәз боларлық нәрсе соғұрлым аз болады» деген... Жауырды жаба тоқып, тоқмейілсіп жүріп, бауырды құрбан еттік...

...Тірі қалған жазықсыздардың өздеріне жалған жала жабылып, жапа шекті... Тағы шыдап бақтық. «Әділдік жеңер!» деп дәметтік. «Билік ойланар!» деп үміттендік...

«Баяғы жартас - бір жартас...» Ешкім айылын жияр емес, халыққа ештеңесін қияр емес...

Бірақ, шыдамның да шегі болады. Сол шекараға тірелдік. Сол шекке шекеміз тиді. Мөрі мен төрі бардың ең соңғы мүмкіндігі қалды, ол - жазықсызды ақтау, әділдікті жақтау; кінәліні жазалау, қоғамның қоқысын тазалау...

Басқа жол жоқ!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1550
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3344
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6172