Сенбі, 23 Қараша 2024
1696 0 пікір 4 Шілде, 2021 сағат 19:06

Анталияға бір аптада 300 мың турист барған

Түркия билігі коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантиндік шектеулерді босатып, коменданттық сағатты алатынын мәлімдеді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы мәлімдеме жасап, карантиндік шектеулер алынатынын, Түркия әлем туристері үшін қайта ашылатынын айтты. Бұл туралы Түркияның Туризм және мәдениет министрлігі хабарлады.

«Президентіміз Режеп Тайып Ердоған 1 шілдеден бастап бірқатар карантиндік шектеулер алытанынын мәлімдеді. Пандемияға байланысты жарияланған коменданттық сағатты алды. Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Алғашқы аптаның өзінде Анталияға 300 мыңнан көп турист келді», - деді Түркия Республикасы Туризм министрлігінің өкілі.

Айта кетейік, осыған дейін, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анталияға жасаған сапары барысында елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын, бірқатар карантиндік шектеулер жеңілдетілетінін мәлімдеген.

Осыдан кейін Түркияның Туризм және мәдениет министрлігі шетелдік туристерді қабылдау үшін «Қауіпсіз туризм» жобасын жариялаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379