Шәріпхан Қайсар. Әр қазақстандық сыртқа - 7422 доллар қарыз
Халықаралық Ақша Қоры (ХАҚ -МВФ) сарапшылары әр қазақстандыққа шаққандағы мемлекеттік қарызды есептепті. ХВҚ мемқарыздың үлкендігіне орай елдердің рейтингін түзді. ҚР Ұлттық банктың жылдық есебіне сәйкес, 2011 жыл үшін Қазақстанның сыртқы жалпы қарызы $ 123,8 миллиард болыпты. Статагенттік қисабына сүйенсек, елде адам саны - 16 млн. 680 мың 100. Яғни, орташа есеппен алғанда әлгі жалпы қарызды адам санына бөлсек, адам басына $ 7422 берешек мөлшері шығады.
Рейтинг көрсеткішінде Жапония «тұрғын басына шаққандағы мемқарыз» бойынша алдына жан салмайды. 2011 жылғы қорытынды бойынша әрбір жапонға 105,5 мың доллар мемлекеттік қарыздан келеді. РИА Новостидің хабарына қарағанда, бұл елдің жалпы қарызы - 13,5 триллион доллар.
АҚШ болса, екінші орындағы Ирландиядан сәл кейінде. Әр америкалықтың мойнына АҚШ-тың 49,8 мың доллар қарызы аяздай батуда. Ресей бұл кестеде 99-орында екен. Әрбір ресейлікке шаққанда - 1247 доллар ғана мемқарыз.
Көбінесе, ел неғұрлым байыған сайын, соғұрлым өмір деңгейі жоғары болады да, мемлекеттік қарыз да сонша көлемді келеді. Бұл әлеуметтік міндеттеме мен ауқымды макроэкономикалық програмдардың іске асуы қосымша қаржыларды талап етіп, ел бюджетіне сыйыспай жататындығымен түсіндіріледі. Ал, қосымша қаржы тек қана қарыз базарында ғана болатыны белгілі.

Дегенмен, мемқарыздың болмауы елдің дамығандығын білдіре бермейді. Мәселен, Мадағасқар жан басына шаққандағы 26 доллармен рейтингтің ең соңында тұрса, ал, Либерия (41 доллар) мен Демократиялық Конго республикасы (69 доллар) Ливерияның алдына түскен. Бұл елдердегі мемқарыздың аз болуы , олардың жеке ресурстарының осалдығынан емес, олардың қарыз тартатын жағдайының жоқтығынан болып отыр.
Қазақстан болса, қарыздар елдер кестесінде 88 орынды иеленуде. ХАҚ есебі бойынша, дабыл қағар сәт мемлекеттік қарыздың үлкендігіне қатысты емес, оның елдегі Ішкі Жалпы Өнімге арақатысына қатысты көрінеді. Ендеше, «одақтас» ресейдің ІЖӨ-мен салыстыра қарасақ, біздің қарызымыз дабыл қағуға тұрарлық екені аян.
«Абай-ақпарат»