Горбачев: Сәтсіздікті мойындау керек еді
КСРО -ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев Ауғанстандағы жағдай туралы мәлімдеме жасады.
"Сәтсіздікті ертерек мойындау керек еді. Енді сабақ алу және ең болмағанда мұндай қателіктерді қайталамау маңызды. Бұл алғашқы сәттен бастап сәтсіз бастама болды, бірақ Ресей оны бірінші кезеңде қолдады. Бұл көптеген түсініксіз геосаяси жоспарлармен қолұстасып жатқан бағдарламаның бірі болды. Қоғамның сипатын байқамастан демократияландыру жұмыстарын жасамақ болды",- деді КСРО-ның экс-президенті.
Горбачевтің бастамасымен кеңес әскерлерінің шығарылуы басталды. Ол КСРО -ның Ауғанстанда болуын саяси қателік деп санады. Горбачевтің өзі Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару туралы шешім көптеген талқылаулардан кейін қабылданғанын, бұл бағытты КСРО-ның саяси және әскери басшылығы да, ең бастысы, халық қолдағанын айтты.
Abai.kz