Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
2536 0 пікір 2 Қыркүйек, 2021 сағат 12:56

Түркіменстан оқу жылын қазанға шегерді

Түркіменстанда жұқпалы аурулардың алдын алу үшін мектептер 1 қазанға дейін тоқтатылды, ал елде ресми түрде COVID-19 жұқтырғандар жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ашхабадтың бірқатар мектептерінің мұғалімдері, 1 қыркүйекте мектептерде тек бірінші сынып оқушыларына арналған салтанатты шара өткізгенін жазды. 

Мұғалімдер сонымен қатар білім беру ұйымдарына тек бірінші сыныптан алтыншы сыныпқа дейінгі оқушылар шақырылғанын хабарлады. Олар осы аптаның соңына дейін оқып, 1 қазанға дейін демалысқа шығады. Жетінші-он бірінші сынып оқушылары оқуды 1 қазаннан бастайды.

Елдің орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері оларға оқудың басталғаны туралы кейінірек хабарлайтыны айтылуда.

Коронавирустық инфекцияның ресми жағдайлары болмағанына қарамастан, былтыр жазда Түркіменстанда маска режимі, қауіпсіз қашықтық және сауда, қоғамдық тамақтану мен көліктің жұмысына шектеулер енгізілді. Осы жылдың сәуірінде кейбір шектеулер алынып тасталды. Алайда күзде ол шектеулер қайта күшіне енді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2090
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4960
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4180