Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4268 14 пікір 26 Қыркүйек, 2021 сағат 20:17

Орталық Азияда тәлібтердің "жанкүйерлері" бар

Ауғаныстанда талибтердің билікке келуі діни экстремизм айналасындағы әңгімелер мен алаңдаушылықты қайта үдетіп жіберді. Жасыратыны жоқ, көршілес аймақтарда, Орталық Азияда, тіпті Ресейде талибтерге іштей жанкүйер топтар табылуда. Әрине кім де кім дінді қалай түсінсе - өз еркі. Бірақ радикалды идеологияның ерекшелігі де сонда - елдің заңдарын, зайырлылық шарттарын, ұлттық болмысы мен дәстүрін ысырып тастап айналаға тек өз ұстанымын ғана мәжбүрлеу. Сондағысы өз ұстанымы деген көбіне арабтардікі болып шығатынын ескерген жөн. Айталық, атышулы салафизм ағымы арабтың "сәләф" (ата-баба) деген сөзінен тарайды. Мәнісі - ата-бабаның дініне оралу, оны қайта жандандыру. Алайда сөз болып отырғаны - Ибн Таймия, Әбдел Уаххаб сынды арабтардың ата-бабасы. Яғни түп тамыры Түркі, тегі Қазақтағы Фараби, Яссауи, Абай, Шәкәрім емес айдаладағы арабтардың ойшылдарына бас ию. Ал енді бұндай түсінік біздің жастардың миына қалайша жол тапты? Оның бірден-бір амалы буыны қатпаған жастардың беталбаты әлгі арабтың діни мекемелерінде тәрбие мен білім алғанында. 1990-жылдары жастарының бөгде бағытқа түсіп жатқанын тыю мақсатында көршілес Өзбек президенті Ислам Каримов осындай азаматтарын Отанға жаппай қайтаруды бұйырды. Онысы бұлжытпай орындалды да. Рас, соңынан конституцияға қайшы, адам құқықтарын шектеуші аталмыш әрекет қатқыл сынға алынды. Десе де ұлттық қауіпсіздікке басымдық берген шешім өзін ақтады. Бүгін Өзбекстанда діни экстремизм қаупі толық жойылмаса да, едәуір төмендеген және тиісті ахуал мемлекеттің бақылауында. Әрине Қазақ елі осы амалды қайталау керек дегеннен аулақпын. Десе де қатерлі идеологияның алдын алуда оның садарымен емес, себептерімен күрескен жөн. Соның ішіндегі бірі - жастардың жөн-жосықсыз сыртта діни сауатын ашу саласын бір жүйеге түсіру, мамандар сүзгіден өткізіп тиісті тізімде тек Қазақтың дәстүрлі діни ұғымымен ұштасатын оқу орындарын ғана қалдыру, ал ең бастысы - сұранысқа ие тағлымды Қазақстанның өз ішінде қамтамассыз ету сияқты шаралар қолға алыну қажет.

Расул Жұмалы

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339