Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мың бір мысал 7411 2 пікір 5 Қазан, 2021 сағат 15:36

Егеуқұйрықтар әлемі немесе әлеуметтік апат

Тарихтағы ең біртүрлі ғылыми экспериментті доктор Джон Калун жүргізіпті. Ғалым егеуқұйрықтар қоғамының құрылымын зерттей отырып, адамзат қоғамын түсіндіруді мақсат етсе керек.

Сонымен ол  азық-түлік пен жылы үй, жатын орын қамтамасыз етілген  егеуқұйрықтар жұмағын орнатыпты. Егеуқұйрық жұмағына алдымен төрт жұп егеуқұйрықты енгізеді. Бұл жерде барлығы дайын болғандықтан, бастапқыда өсу қарқыны өте тез жүрілген екен. Бір жылдан кейін егеуқұйрықтар саны 620-ға жеткен соң, көбеюі баяулай бастады. Бұл орын 3840 егеуқұйрықтың жайлы өмір сүруіне жеткілікті болса да, олардың жалпы саны 2200-ге жеткен соң өсу нөлге тоқтайды.

Содан кейін өте таңқаларлық жағдайлар орын ала бастайады.

Еркек егеуқұйрықтар ұрғашы егеуқұйрықтармен қарым-қатынасты тоқтатады, ал аналық егеуқұйрықтардың мінезі өте қатыгез бола бастайды. Ұрғашы егеуқұйрықтарда  күшіктеріне деген сүйіспеншілігі жоғалып, күшігін  емшектен ерте шығару, оларды жарақаттау секілді мінездер пайда бола бастайды. Оның салдарынан «нәрестелер» өлімі күрт өсіпті.

«Сұлулар» деп аталатын жаңа еркек егеуқұйрықтар тобы пайда болыпты. Олар ұрғашы егеуқұйрықтармен ешбір қарым-қатынас жасамайды және өздерінен басқа ешкімге қамқорлық жасамайды. Бір-бірімен ойнамайды. Өзара асыр-салып жағаласпайды. Өз аумағын, немесе ұрғашы егеуқұйрықтарды қорғау, қызғану секілді еркектік мінез-құлық көрсетпейді. Тек өзінің ғана жақсы жағдайына назар аударып, терісі мен шашын мұқият тазалап, жақсы тамақтанады екен. Әлгі «Сұлулар» арасында бір жыныстылар қатынасы пайда болыпты.

Сондай-ақ, егеуқұйрықтар жұмағындағы азық-түлік жеткілікті болса да, каннибализм феномені пайда болып, бірін-бірі жеу де көрініс бере бастайды.

1968 жылы эксперимент басталғаннан бес жыл өткен соң, соңғы егеуқұйрық өледі.

Ғалым бұл эксперимент нәтижелерін қазіргі адамзат қоғамында болып жатқан оқиғалармен салыстырыпты.

Бертінгі жылдары Жапонияда  үйден сыртқа шығуға және қыздармен кездесуге баруға қызығушылық танытпайтын, үнемі компьютер алдында отыруға бейім 20-30 жастар аралығындағы ерлердің көрініс бере бастауы туралы зиялы қауым арасына алаңдаушылық туғызып, үлкен әңгіме-шу шыққанын да құлағымыз шалған еді.

Сонымен қатар Қытай үкіметі жақында әйелдерге тән имидж көрсететін  эстрада жұлдыздарын  теледидарға шығуына тыйым салған шешім шығарды.

Біздің елде де осыған ұқсас көріністер кездесетіні жасырын емес.

Қамқорлық туралы айтар болсақ, елімізде 20-30 жас аралығында дені сау жастарды  ата-анасы жақсы күтімге алып, тегін асырап, қымбат көлік алып беріп, тайраңдатып қойғанын көптеп көруге болады.

Финляндияда ер балалар 16 жасынан тәуелсіз екендігі және олар енді ешқашан ата-анасынан ақша алмайтыны айтылды. Адам өз тамағын өзі табуы керек.

Доктор Джон Калунның айтуынша, азық-түлік табу, отбасын алып жүру  секілді  өмір сүру мақсатынан айырылғандықтан егеуқұйрықтар әлемі жойылып кетті.

Сондықтан да жастарға жалпақшешей қамқорлық, оларға бәрін жасап беріп, мұңсыз-қамсыз бейғамдықта өсіруге деген пейілімізге де мұқият қорытынды жасауымыз керек секілді.

Қазіргі қоғамда әйелдік характерге бейім, қоғамды және ұрпағын қорғау қабілеті жоқ, өмірде  мақсаты жоқ, өсек айтатын еркектер, аналық инстинкті жоқ, шамадан тыс күйзеліске ұшыраған, ашушаң, феминистік көзқарасқа  шексіз берілген желбуаз әйелдер көбейіп келе жатқаны жасырын емес.

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562