Ербол Ақшолақов. Үйгентас жұрты үрей құшағында
Қытай Халық Республикасы мен шекаралас Алакөл ауданының құрамына 1997-жылы қосылған бұрынғы Үйгентас ауданының тұрғындарын ата-бабалардан мұра болып қалған, табиғаты жер бетіндегі байлықтың қайнар бұлағы саналатын елді-мекендердің бос қалуы қатты алаңдатады. Осы Үйгентас ауданына қарасты Ойжайлау жерінде болған қазақтың біртуар ұлы, әйгілі жихангез ғалым, географ- Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өз күнделігінде Шұбарағаш - Ойжайлау жөнінде былай дейді, «Чубарагаш - едва ли не лучшее месте в хозяйственном отношении во всех юго - восточной половине степи.....» (пятитомник Т1 1984г, 357стр) деп жазса, саяхатшы ғалым Янучкеевич «Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына саяхат» атты жазбаларында Шоқан бабамыздың дәл осы сөзін қайталайды. Былтырғы жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы «Үйгентас» ауданының Көкжар ауылында ашылуы жақсы жаңалық болған еді. Бірақ бұл бұрынғы Үйгентас өңірінің Қазақстан экономикасына, оның ішінде ауыл шаруашылық саласына қосатын үлесін айқындай алмайды. Үйгентас ауданы тәуелсіздігін жаңа алған республикадағы қаржы тапшылығы салдарынан 1997-жылы ықшамдалған аудандар қатарына қосылған-ды.
Қытай Халық Республикасы мен шекаралас Алакөл ауданының құрамына 1997-жылы қосылған бұрынғы Үйгентас ауданының тұрғындарын ата-бабалардан мұра болып қалған, табиғаты жер бетіндегі байлықтың қайнар бұлағы саналатын елді-мекендердің бос қалуы қатты алаңдатады. Осы Үйгентас ауданына қарасты Ойжайлау жерінде болған қазақтың біртуар ұлы, әйгілі жихангез ғалым, географ- Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов өз күнделігінде Шұбарағаш - Ойжайлау жөнінде былай дейді, «Чубарагаш - едва ли не лучшее месте в хозяйственном отношении во всех юго - восточной половине степи.....» (пятитомник Т1 1984г, 357стр) деп жазса, саяхатшы ғалым Янучкеевич «Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына саяхат» атты жазбаларында Шоқан бабамыздың дәл осы сөзін қайталайды. Былтырғы жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитеті «Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы «Үйгентас» ауданының Көкжар ауылында ашылуы жақсы жаңалық болған еді. Бірақ бұл бұрынғы Үйгентас өңірінің Қазақстан экономикасына, оның ішінде ауыл шаруашылық саласына қосатын үлесін айқындай алмайды. Үйгентас ауданы тәуелсіздігін жаңа алған республикадағы қаржы тапшылығы салдарынан 1997-жылы ықшамдалған аудандар қатарына қосылған-ды. Сол 1997-жылдың мамыр айынан бері 15 жылға таяу уақытта шекаралық ауданда тұрған халықтың жартысынан көбі жұмыс іздеп қалаларға, жан-жаққа көшіп кетті. Шамасы келмеген зейнеткерлер мен олардың немере шөберелері күннен - күнге азып тозуда. Шекара сызығын бойлай қоныстанған ауылдар қаңырап бос қалып, бүгінгі таңда тек үйінділерге айналды. Жетісудың «Жерұйығы» атанған Үйгентасқа көршілес Қытай мемлекетінің көз алартып отырғаны халықтың көңіліне үрей ұялатады, тіптен сол елден келген қандастарымыздың айтуынша, шұрайлы Жетісу өлкесін Қытай халқы мектепте оқитын оқушыларына «мынау біздің жеріміз» деп үйрететін көрінеді.
Елім, жерім деп соққан жүрегі бар әр қазақстандық азамат мұндай жағдайға жол беруі мүмкін емес. Тарихта өшпес із қалдырған осынау киелі жердің азып - тозып бос қалуы елімізге үлкен қауіп тудырады. Біз, Алакөл ауданындағы, Үйгентас аймағының тұрғындары, Елбасымыздың 2006-жылғы 26-тамыздағы № 167 «Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясы» жарлығымен мұқият таныспыз, онда айтылған басшылық бағыттардың қатарынан «Шекаралық аймақтардағы ірі елді - мекендердің әкімшілік маңызын арттыру мен абаттандыру» деген сөзді оқып қатты қуанған едік. Бұдансоң осы 2006-жылдың 25 - қыркүйегінде ҚР Үкіметінің осы бағыттағы қаулысы шығып, шекаралық аймақтың өркендер күні жақындап қалды, Үйгентас ауданы қайта ашылып, шалғай елдімекен жанға толып, қорамыз малға толып, алаңсыз өмір сүретін болдық деп қуанған едік. Міне, содан беріде алты жылдай уақыт болды. Осы шараның кешеуілдеуін «әлемдік дағдарыстың» кесіріне баладық. Бүгінгі Қазақстан әлемдік дағдарысқа төтеп берген, экономикасы дамыған мемлекет екенін таныта білді. Бірақ Үкімет қаулысынан халыққа жылулық әлі күнге сезілер емес. Ал шекаралық ауылдар күннен - күнге қаңырап, аймақтар иесіз қалуда. Сөзім дәлелді болу үшін аудан тарағаннан бергі 15 жылдың ішіндегі деректерге жүгінсем; «Жоңғар қақпасы» деген атпен тарихта қалған жердің батысында орналасқан Үшбұлақ ауылындағы - 640 орындық мектепте бүгінгі күні не бәрі 176 бала ғана білім алуда, ал алдағы жылдары оқушы саны мүлдем азаю қаупі бар. Ауылдағы 120 орындық балабақша, сәулетті мәдениет үйі, кітапхана, спорт кешендері, тағы да басқа әлеуметтік маңызы бар нысандар толық істен шыққан. Шекара бойындағы таға бір үлкен ауылды мекен - Лепсі, ондағы 1176 орындық мектепте небәрі 163 оқушы ғана білім алуда, мектеп ғимаратының бір бөлігі ғана қалған, ал қалған бөліктері істен шығуда. Ауылдағы басқа әлеуметтік салаға тиесілі ғимараттардың ту-талақайын шығарып кірпішін бұзып әкеткен. Осындай шекара бойында Көкжар, Шынжылы, Майқан, Шымбұлақ, Айпара, Изенді т.б. ауылдар жер бетінен жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Аудан таратылғаннан кейінгі 15 жылда аудан халқы 47000-нан 23000-ға дейін азайды, яғни51,1 %- қысқарып отыр. Ауылды мекендер саны 29-дан 19-ға, мектептер саны 28-ден 14-ке, балабақшалар 17-ден 1-ге дейін азайды, ал оқушылар саны 6822-ден 3868 оқушыға кеміді. Тек қана шекара аумағындағы ауылды мекендер ғана емес, бұрынғы аудан орталығы Қабанбай ауылының ахуалыда құлдырауда. 1997 жылы Қабанбай ауылындағы үш орта мектепте 2585 бала дәріс алса, бүгінгі күні 1026 оқушы білім алуда. Аудан орталығындағы жеті балабақшаның орындарында тек үйінділері қалып, бүгінгі таңда жалғыз 140 орындық балабақша кайта қалпына келтірілді. Алакөл ауданына қосылғаннан кейінгі 5-6 жылда шалғайдағы ауыл тұрғындары басқа түскен қиындыққа мойымай, «кіндік қаны тамған жерді» тастап кетуге қимаған еді. Соңғы жылдары сағы сынып, үміті сөнген замандастарым күн-көріс қамын іздеп шартарапқа кетуде. Туған жерді тастап кетудің негізгі себептері - жұмыссыздық. Жыл он екі айдың жеті айы қыс. Әр айсайын 1,5 тонна көмір, оның әр тоннасы 20,000 теңгеге сайады. Зейнеткерлердің жыл бойында алған зейнетақылары тек отын суға кетіп отырады. Әр-түрлі жұмыстарымен шалғайда орналасқан аудан орталығына барып - қайту 300 шақырым, оған барып қайтуға кемінде 4-5 мың теңге қажет, сонда үйгентастықтар алған зейнет ақыларын қайда жеткізеді?! Әр отбасындағы зейнеткерлердің зейнет ақысы күн көріске жетпейді, тек жұмыс іздеп қалаға кеткен балаларының табысынан үміт күтумен болады. Аудан бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 1030 адам. Оларға аудандық бюджетте төлемақы ретінде қаралған каржы 28,318 мың теңге. Бұл сома 1030 жұмыссызға үш айға қаралған қаражат, ал қалған 9 айға қалай күн көруге болады?! 2012 жылдан бастап бұл қаржы мамандығын өзгертуге жұмсалса, оның отбасы немен күн көрмек ?! Үйгентас ауданы Алакөл ауданына қосылғанға дейін экономикасы дамыған елді мекеннің бірі болған, және келешегінен көп үміт күттірген аймақтың бірі еді. Мен жоғарыда келтірген дәлелдерге 2012 жылы өткен ҚР-ның Парламентіне Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде Алматы облыстық Мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде тіркеліп ауылдарды аралап жұртпен кездесіп тілдесу барысында көз жеткіздім. Бұған тағы бір қосатын дәлел 1990 жылдың соңындағы мына деректер мысал болады: 350,000 бас қой, жеке меншіктегі ұсақ мал басын есептемегенде, 30,000бас ірі-қара мал, оның 16,000-ы сауын сиыр, 20,000 бас шошқа, оның 5000 аналық, 11,000 бас жылқы, оған қоса жылына егістік жерлерден 40,000 тонна астық және мал шаруашылығына қажетті өнімдер өндірілген.
Аудан көлемінде бірнеше мыңдаған суғармалы алқап болды, одан қант қызылшасы, жүгері, көкөніс және көп жылдық шөптерден өнім алды. Аудан ашылса жұмыссыздық жойылып мемлекет тарапынан бөлінген қыруар қаржы босқа кетпес еді. Оның үстіне қаншама қалада жұмыс іздеп отбасын асыраудың қамын ойлаған маман кадрлар туған жеріне оралар еді. Олар тұрақты жұмыс орны табылып, Қазақстан экономикасының дамуына, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге үлес қосар еді. Аудан көлемінде арзан электр қуатын алуға болатын ағыны қатты тау өзендері де баршылық, олар: Лепсі, үш Тентек өзендері. Мұнымен қоса әлі игерілмеген қаншама мыңдаған гектар жерді суғармалы алқапқа айналдырып, қазіргі күні туындап отырған азық - түлік қауіпсіздігін толық шешуге болар еді.
Алатау бөктеріндегі 200-ден астам дәрілік шөптер қоры Республика фармацевтикасының сұранысын қанағаттандырарына сенім мол. Аудан аймағында сақталған алманың «арғы» атасына бүкіл әлем көз тігуде. Тау бөктерінде орналасқан бірнеше мыңдаған гектар жердегі алма, өрік, алмұрт т.б. жеміс жидек таусылмас мол байлық көзі. Бал арасын дамыту арқылы жанға шипалы өнім алу мүмкіндігіде баршылық. 1990 жылдары аудан бойынша сапалы 500 тоннаға дейін бал алынған. Жылдан - жылға Үйгентас аймағына ат басын бұрған туристтер саны көбейуде. Оған себеп мұнарлытау, көрікті шың құздар, күркіреген өзендер, таза ауа, көркем табиғат, аң мен құс т.б. табиғат кереметтері қызықтырады. Онымен қоса Ұлы Жібек жолындағы Қойлық қаласынан 40 шақырымда орналасқан Тентек өзенінің жоғарғы сағасында «Үйгентастың» құпия тастар үйіндісінің жұмбақтарын ашу әркімді қызықтырары сөзсіз. Лепсі өзенінің бойындағы «Сақтар қорғанында» қазба жұмыстары басталыпта кетті, алғашқы нәтижелерде бар. Міне, осындай Жетісу өңіріндегі «Жерұйық» атанған бұрынғы Үйгентас ауданының Алакөл ауданына қосылып, өзінің тарихи орнын жоғалтып бара жатқаны өкінішті-ақ. «Жау жоқ деме, жар астында» - дейді дана халқымыз. Шекаралас қытай - алып ел. Олардың шекарасы мықты тасқамал. Кім топырағын басты, не мақсатты көздейді, бүге-шігесіне дейін зерттеп біледі. Қазақстан қытайдың алдында бейне бір иесіз қалған үй ғой. Сондықтанда бізді алаңдататын жайтқаңырап бос қалған шекаралық аймақтардағы байлыққа толы жеріміз, онда туып өскен «кіндік қаны» тамған халық. Менің адами түсінігімде дүниедегі ең асыл қазына ол - адамзат, және оның туған жері.
Президент Назарбаев былтырғы, яғни 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты халыққа арнаған жолдауында «Ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай екі есе, ал 2020 жылға қарай төрт есе өседі. Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады». «Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады» деген еді. Алыс шалғайдағы стратегиялық маңызы бар шекаралық аймақтағы халық сол Жолдаудың нақты нәтижесін күтіп отыр.
ЕрболАқшолақов,
Алматы облысы, Алакөл ауданы.
«Абай-ақпарат»