Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 942 0 пікір 17 Қыркүйек, 2021 сағат 10:34

Бесінші басымдық: Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында 7 негізгі басымдыққа тоқталды. Соның бесіншісі «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру» деп аталады.

Алдымен, «экожүйе» дегенге түсінік беріп көрейік. Ғалымдар бұл сөзді «тұрақты күйге ұмтылатын, өзін-өзі реттейтін жүйе» деп тұжырымдайды. Адамдардың іс-әрекеті экожүйені өзгеріске әкелетін күшті фактор. Әсіресе, қоғамның дамуы, яғни қалалардың өсуі, өндіріс орындардың көбеюімен адамдардың экожүйеге әсері күшейе түскен. Сондықтан ел Президенті назар аударған «тиімді экожүйе қалыптастыру» мәселесі экожүйенің өзгеріске ұшырауымен байланысты. Ал еңбек нарығындағы тиімді экожүйе – мәселелерді шешудің жолдарын іздеуді талап етеді.

Соңғы екі жыл көлемінде пандемия салдарынан қашықтан жұмыс істеу тәсілі қарқын алғаны белгілі. Әсіресе, білім беру саласы осы әдістің қиыншылықтарына тап болды. Еліміздегі цифрландыру мен автоматтандыру үдерісі заман талабына ілесе алмады. Тың серпінге ие болған сала жаңа мамандықтарға деген сұранысын айқындады. Осыған орай, Президент жаңа кәсіптерді игеру арқылы ғана бәсекеге қабілетті болатынымызды баса айтты. Ал жаңадан қабылдауды қажет ететін «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң біліктілікті тану мәселесін түбегейлі реттейді.

«Жаппай цифрландыру үдерісі интернет-платформалар негізінде жұмыспен қамтудың жаңа үлгісін алып келді. Такси жүргізушілері, курьерлер және басқалар – осының жарқын мысалы. Бұл сала әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамту және салық салу тұрғысынан мемлекеттің қолғабыс етуіне мұқтаж болып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Шын мәнінде, интернет-платформалардың дамуы көптеген саланың жұмысына оң ықпал етті. Қазір кез келген адам сауда, тасымал, банк қызметінде цифр­ландырудың тиімділігін көруде. Ал әлеуметтік сала мен медицина, зейнетақымен қамту мәселесінде цифрландыруды әлі де болса жетілдіруде қажет етеді. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға байланысты жасалған қадамдардың бірі.

Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауда «Заң да, қоғам да, адамдардың сана-сезімі де өзгеруге тиіс» деген жолдар бар. Алдағы уақытта әзірленіп, қабылданатын жаңа Әлеуметтік кодексте барлық әлеуметтік мәселелер назардан тыс қалмау жағы қатаң тапсырылды. Басымдықтар негізінде бірнеше бастамаға тоқталған Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын көтерумен қатар жалақы мәселесіне ерекше тоқталды. Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру миллионнан астам адамға, еңбеккерлерге жанама әсер ететіндігін атап өтті. Жалақы мәселесінде бюджеттен қаржыландыратын мұғалім, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлерден басқа да сала мамандарының табысын көтеру қажеттігін айтты.

Ел дамуының шешуші кезеңіне қадам басқан елімізде жүйелі өзгерістер мен реформалар жасауға қажетті заңнамалық негіз қалыптасты. Сондықтан ел-халық мықты мемлекет болу үшін күш-қуатты берекелі бірлікке, ынтымаққа бекемдеген жағдайда ырысымыз артатыны сөзсіз!

Нышанбай Нұрболат, саясаттанушы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407