Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3205 1 пікір 22 Қазан, 2021 сағат 15:22

Бұл дефициттің соңы неге апарады?

Өткен аптада бірнеше күн Шымкентте жүргенімде жанармай бекеттерінде бензин тапшылығы қатты сезіліп жатқанын байқадым. Сосын астанадан Алматыға қарай шыққан жүк көлігін тізгіндеген жүргізушілер де ешбір бекеттен дизель таппай ойбайлап қалғанын фейсбуктен оқыдым. Одан қайбір күні Тараздан өтіп Отардағы бекетке келсем жанармайға лимит, тек 3 мың теңгеге ғана құйып бере аламыз дейді. Ол жанармаймен Алматыға жете алмаймыз ғой деп біраз жүргізуші ойбайладық та қалдық.

Тұтынушы ретінде қиын жағдайға тап болдық. Мен де, менің жанымдағы біраз жүргізушілер үшін де ең әуелі сапалы жанармай және оның жеткілікті мөлшерде болуы маңызды. Батыс-Қытай тас жолы әлі толық біткен жоқ. Жол бойындағы елді-мекендерден жанармай бекетін таппайтынымыз да белгілі. Болса да көбінің сапасы сын көтермейді.
Дизель де осындай жағдайда.

Сарапшылар дизельдің тапшылығына көрші елдерге заңсыз асырылып жатқан әрекеттер себеп дейді. Заң мен шектеулерге қарамастан айласын тауып жатқандар баршылық. Көрші елдермен бағаны теңестірмесек өз жанармайымыз өзімізге жетпегені жетпеген дегенді алға тартып отыр.

Бұл дефициттің соңы неге апарады?

Қазір нағыз шаруашылықтың науқаны. Техниканың барлығы дизельге тәуелді. Жанармай болмаса жұмыс та жүрмей тоқтап қалады. Өз жанармайымызды арзанға сатып тауысқан соң амал жоқ Ресейдің қымбат дизелін сатып алуға мәжбүр боп отырмыз…

Тезірек жанармай бағасын реттеп, тапшылық мәселесін шешу керек. Шаруа, егін, алқап, жұмыс кезек күтпейді.

Асхат Садырбай

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588