Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2894 0 пікір 11 Шілде, 2012 сағат 06:33

Сәкен Алдашбаев. Зарлама деп жоғарыдағыларға айт!

Жыл сайын мектеп бітірушілердің тестіне дейін оқушының зересін, ұстаздың зығырданын қайнатып, мазасын алып бітетін билік тесттен соң халықпен төбелеспесе де жұдырық түйіп, керісетіні бар. Содан соң келеді де ұстаздардың жалақысын көтереміз деп жар салады. Жар салғанда мұғалім бейшараның жалақсы содан кейін іле-шала көтеріліп жатса, арман не, бір жыл, бір жарым жылдан соң барып тиын тебен қосылған болады.  Енді, міне, тағыда 2011-2020 деген бағдарлама жақсы болды. Осыны желеу етіп желпілдеп жүрміз бәріміз.

Аталған бағдарлама бойынша ұстаздардың біртіндеп жалақылары көтеріліп, мәртебелері арта бермек деп жарияға жар салынғаны сол екен, қарапайым халық төбелеріне жай түскендей зәре-құты қалмай  жағасын ұстады. Тіпті бұлайша жерден жеті қоян тапқандай сүйеншілеуін жаман ырымға балап та үлгерді көпшілігі. Айлықтарына ақша қосылғанға «неге алақайламайды?» дерсің, мына жұрт. Бірақ оның сыры басқада жатыр. Яғни, осы кісілердің ісінен бұрын сөзі жарқ еткен бойда қара базар да қарап қалмай, әр тауарына үстеме қосып шыға келеді. Айталық 30 мың теңге алатын жас ұстаздың айлығына 30 пайыз қосылып, 39 алатын болса, тамақ, киім, коммуналды қызмет ақылары қымбаттап, әлгі 9 мыңды екі-үш есе етіп қайырып алады. Яғни, базар қымбаттаған соң салық та өседі де Үкіметтің қалтасына қайта оралады.  Содан жүректері шайлығып қалған ба бір мұғалім жеңгеміз «ойбай, Жұмағұловтың мына жырын саудагерлер естімесін, жай сөйле, зарламаңдар» деп аузымызға қақпақ бола беріп еді. Оны жақтырмаған ағамыз:

«Мұны неге бізге айтып отырсың, оны ана Жұмағұловыңа, «Хабар», «Қазақстан» телеарналарына айт» деп дүңк еткізді. Жеңгемнің де жүйкесі жұқарған-ау: «Мен қалай айтам, бірдеңе десең құртады ғой бұл» деп қарсы жауап қатты да қатып қалды.

Құрметті оқырман қауым,  бұл бір үйдегі құпия әңгіме емес,  мұғалімдердің жалақысы кезеті рет өсетіні туралы «жырды» өлген адам да еститіндей болды емес пе? Сөйтіп мұғалімдерге ақша қосылады екен деп қазірдің өзінде қара базар қызметкерлері алақанын ысқылап отыр. Ал, оны жоғарыдағылар білмейді деу қате болар. Өйткені бұл талай рет айтылды да, көрсетілді де.

Дегенмен қосылатын азғантай ақшаның сүйіншісі ел ішін азан-қазан етіп жібереді.

Қанша мықты болсада тасқа соққан маңдайдың ауырсынуын білетін уақыт болды ғой. Сондықтан зейнетақы мен мұғалім, дәрігерлерлер айлығына қосылатын үстемақыны ағам айтпақшы «зарлап» жарнамаламай-ақ қоюларыңызды сұрар едім...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377