Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4033 0 пікір 18 Шілде, 2012 сағат 07:48

Айгүл Кохаева. Мемлекет бюджеті мен халық үлесі

Мемлекеттік бюджетті кім құрайды деген сұраққа кез келген адам кәсіпкерлер деп жауап береді. Ия, кәсіпкерлер, олар бюджетке салық құю арқылы мемлекеттің бюджетін құрайды. Бұл дұрыс, бірақ осы жауапты қолданып көптеген адамдар жұмыс істемейтін, біреудің қолында күн көріп жатқан адамдарды кемсіткісі келеді, керек десеңіздер «Оралмандардан мемлекетке пайда бар ма?» деген сұрақты да өте орынды деп ойлайды.

Мемлекеттің бюджетін құруын әр адамның үлесі арқылы көрсетіп берейін. Есептің ыңғайлығы үшін мемлекетте 1 млн.адам тұрады делік. Кішісі де, кәрісі де тамақ ішеді, тұрмыстық және де басқа заттарды қажет етеді, оларды өзі өндірмейді, сатып алады. Қазақстанда  16/11/ 1999 жылы қабылданған  Кұн көрістің ең төменгі денгейі  474 - 1 атты заң бар. Соған сүйеніп құрылған тұтынушының кәрзіңкесі атты кестедегі тағамдарды топтастырып 1 адамның 1 жылда  қоректенуіне  қажет шығынын анықтап көрейік. Сонда ең төменгі 2011 жылғы статистика деректері бойынша 1 айда 16072 тенге болса, бір жылда 192 864 тенгеден шығын  аспауы қажет.  Шамамен келтірген нәтижесін 1-ші кестеден көруге болады.
1-ші кесте. 1 адамның ең төменгі деңгейінде көріктенуіне қажет тағамдар мөлшері мен шығыны.

Мемлекеттік бюджетті кім құрайды деген сұраққа кез келген адам кәсіпкерлер деп жауап береді. Ия, кәсіпкерлер, олар бюджетке салық құю арқылы мемлекеттің бюджетін құрайды. Бұл дұрыс, бірақ осы жауапты қолданып көптеген адамдар жұмыс істемейтін, біреудің қолында күн көріп жатқан адамдарды кемсіткісі келеді, керек десеңіздер «Оралмандардан мемлекетке пайда бар ма?» деген сұрақты да өте орынды деп ойлайды.

Мемлекеттің бюджетін құруын әр адамның үлесі арқылы көрсетіп берейін. Есептің ыңғайлығы үшін мемлекетте 1 млн.адам тұрады делік. Кішісі де, кәрісі де тамақ ішеді, тұрмыстық және де басқа заттарды қажет етеді, оларды өзі өндірмейді, сатып алады. Қазақстанда  16/11/ 1999 жылы қабылданған  Кұн көрістің ең төменгі денгейі  474 - 1 атты заң бар. Соған сүйеніп құрылған тұтынушының кәрзіңкесі атты кестедегі тағамдарды топтастырып 1 адамның 1 жылда  қоректенуіне  қажет шығынын анықтап көрейік. Сонда ең төменгі 2011 жылғы статистика деректері бойынша 1 айда 16072 тенге болса, бір жылда 192 864 тенгеден шығын  аспауы қажет.  Шамамен келтірген нәтижесін 1-ші кестеден көруге болады.
1-ші кесте. 1 адамның ең төменгі деңгейінде көріктенуіне қажет тағамдар мөлшері мен шығыны.

өнім түрлері

кг/жыл

орташа бағасы тенге

тенге/жыл

ет өнімдері

45

1300

58500

үн өнімдері

120

120

14400

жармалар

20

150

3000

cүт тағамдары

100

150

15000

көк-өніс

100

150

15000

майлар

5

300

7500

чай-кант

30

200

6000

сусындар

50

150

7500

тұмыстық заттар

1

65964

65964

толық шығын = 192864

Енді осы қажеттілікке сай 1 млн адамдарға лайықты өндірісті жобалап көрейік. Мысалы, 45 кг етті әр адам жылын жесе,  1 млн. адам жылына 45 млн. кг ет өнімін тұтынады. Сонша етті  беретін өндірісте тек 200 кг тартатын ірі қара малдар өсірілетін болса, онда 225 мың мал басын соғымға жібереді, яғни 2250 отар (1 отарда 100 бас делік) малы болуы керек. Келесі жылға сонша етті тағыда өсіріп шығару үшін, мал саны екі есе, 4500 отар болуы қажет. 1 отарға 4 қызметкер жұмыс істесін, сонда 18 000 адам малды бағуға жұмылады.  1 отарға 1 гектар жер жеткілікті болса, онда 4500 гектар жерді пайдаланды. Енді тұтынған еттің салықтарын есептеп көрейік.

1 млн.адамға 45 млн.кг ет сатылды.

  1. 12% қосылған құн салығы түскен табыстан төленеді.

58500*0,12=7020 (млн.тенге) = 48 млн.$ .
Қалғаны 58500-7020=51480 млн.тенге.

  1. Жүмыскерлердің жалақысынан салық төлейміз. Малшыларға әр айда 40000 тенге жалақы төлеу қажет болсын.  Барлығыны жылына   40000*18000*12=8 640 млн.тенге төленеді.

10% пенсиялық төлем =864  млн.тенге
3% соц.толем:
(8 640- 864) *0.03 млн.тенге =233,280 млн.тенге
10% Жеке табыс салығы:
(8640-864-233,280-180*16,072)*0.1 млн.тенге= 407,1168 млн.тенге
Жалақыдан шегерілген төлемдер:
(864+233,280+407,1168) млн.тенге=1 504 396 800 тенге.

  1. Корпоративті  салық 20% таза табыстан төленеді.

Әр малдың өсіміне 50 000 тенге шығардық дейік, оның ішінде күтім, жем, сату, жеткізу, тағы да басқа шығындар бар болсын. Сонда:
225 000* 50 000 = 11 250 млн.тенге
Жұмысшылар жалақысы 8 640 млн.тенге
Тұскен ақшадан қалғаны = 51 480-11 250 - 8 640= 31 590 млн.тенге
31 590*0,2=6 318 млн.тенге - корпоративті салық.
Қалған табыс 25 272 млн.тенге.

  1. Жер салығын төлеу қажет. 100 тенге  0,001 гектар үшін.

4500 /0,001*100=  450 млн тенге
Қалған табыс 25 272 - 450 =  24 822 млн.тенге.

  1. Болашаққа инвестиция - ол келесі жылға тағы да 225 000 мал басына 50 000 тенгеден шығару қажет. Яғни 11 250 млн.тенгені өсімге жібереді.

Таза табыс 24 822  - 11 250 = 13 572 млн.тенге = 92 000$ бір жылдағы пайда.

  1. Бюджетке (пенсиямен бірге)  пайда:
  2. 6 318 000 000  - корпоративті салық.
  3. 1 504 396 800  - жалақыдан төлемдер;
  4. 7 020 000 000   - қосылған құн салығы;
  5. 450 000 000  - жер салығы;

13 942 396 800  тенге жалпы  бюджетке төлемдер  95 млн. $.
58 500 000 000 -  елдің жеген етіне төлегенінің.
24 % кем дегенде құрайды!

Осы жерде жұмысшы жалақысын көтерсе, елдің тұтынған еттің мөлшерін көбейтсе, қосымша салықтарды дұрыс ескерсе,  басқа тағамдардың үлесін осылай есептеп алса, бюджетке қайтатын қаржы көлемі аса түседі де, алғашқы елдің тамағына шығарған шығынының 50%  аса бюджетке қайтатынын дәлелдеуге болады. Шағын амалмен есептегеннің өзінде 24% қайтатынын көрсеттік.

Тұжырым

Жәй ғана бір тағамды 1 млн. адам тұтынғанның өзінде 100 млн. $ ға дейін бюджетке пайда келтірді, 18 000 адамға жалақысын, болашақ пенсияға салымын, еттің  тағы бір жыл өндірісіне, қосымша инвестиция жасайтын қаржы көзін тудырып берді. Елімізде адам саны 1 миллионнан 17 есе көп тұратынын ескерсек, бұл сандарды тағы да 17-ге көбейтуге болады, үйткені тамақтану нәрестеден бастап, қартқа дейін қажет.  Сонда 1 млрд 7 млн доллар қаржы бюджетке айына 4 кг ет жеген адамдар арқылы түседі.  Өндіріс өседе, ел жұмыспен қамтылады.

Салықтардың 18 түрі бар. Біз тек 4 түрін ғана алып елдің тұтынған етінен 24 пайызын бюджет салымы болып қайтатынын көрсеттік. Осы жерде есептелмеген салықтар, мысалы,  көлік, мүлік, тағы да басқалары  салымдарды көбейте түседі.  Мысалы, арақ ішіп, темекі тартқан адамдар  өндіріске және бюджетке аса пайдасын келтіреді, үйткені, бұл өнімдерге акциз салығы қосылады. Акциз салық көлемінің өзі 50 % дейін болуы мүмкін. Бірақ, ден саулығына келтірген зиян арқылы бюджеттен медициналық қымбат емді қажет етеді, кейін. Бұл бүгінгі пайданың болашақ зиян шығыны деп аталады. Экологияны бүлдірген өндірістер де  болашақ зиян шығынын әкеледі. Сонымен қатар осы жерде әр адамның тұтынуға шығарған қаржысының мемлекеттің болашақ өсіміне айналғанын көрдік.

Сонда, еліміздің әр адамы тек тұтынушы болғандықтан өндірістің өркендеуіне қатты ықпал етеді. Сонда оралмандардың пайдасын осыдан көруге болады. Олар емес, тіпті елімізге қыдырып келген әр бір туристтен пайда бар. Олар қаржыны сырттан алып келіп, біздің өндірген заттарымызды қолданады.  Сол арқылы экономикаға пайдасын келтіреді. Сонымен бірге, бізде басқа елге барғанда олардың бюджеттеріне үлес қосымыз.

Бюджетке үлкен үлесімін қосатын еліміздің кенін игеру саласы. Жер мен кен елге ортақ  екенін ескерсек, бұл түсімдерде де әр адамның меншігі бар. Сондықтан, бюджетті дұрыс қадағалау әр адамның қалтасынан шығарып берген қаржыны билік қалай жұмсап жатқаны деген мәселе екенін түсінген жөн. Оны жәй ысырып қоюға болмайды. Үйткені, елдің басымды бөлігі тамағына шығаратын қаржысын өздері ауырлығына қарамай, маңдай терін төгіп, еңбектеніп тауып жатыр. Сол тапқанымыздың жартысына дейін мемлекеттік бюджетке әр қайсымыз құйып жатырмыз. Елден жиналған ақша - көл. Сол көл кім үшін жұмсалып жатыр? Оған біздің балаларға болашағын қамтамас етіп жатыр ма? Сол қаржыға әскер, тәртіп сақшылары, ден саулық, білім, билік саласындағы мамандар күн көріп отыр. Ал солар біздің ақшамызға күн көріп отырып, қызметтерін дұрыс істеп жатыр ма? Әкім, депутат, сот,  Президенттің өзі біздің арқамызда отыр, оларға алдымызда шіренуге бола ма?

Жоқ! Еліміздің күші мен байлығын құрайтын халқы! Сондықтан барлық азаматтар ел болып биліктен бюджетті дұрыс жұмсауын қадағалаумыз қажет. Ел өз құқысын білмесін деп осындай ақпаратты елге түсіндіру билік үшін тиімсіз. Олар елді құл, өздерін бастық етіп көрсеткісі келеді. Сондықтан олар салық есебін елге түсініксіз қылып көрсетеді, мысалы, әр адамның тұтынудың қосалқыларын қарастырғанда әр адамның төлейтін салығы 0,2 пайыз деп қана көрсетеді. Ал бұл тек жеке басының мүлігі, немесе көлігі ғана болуы мүмкін.

Келесі мақалада бюджетке қанша қаржы түсті, қайдан, қалай есептелді, қалай бөлісті деген сауалдарға жауап беремін. Бұл жерде де көп жасырылған ақпараттар бар. Ел мұны толық білмесе, мемлекетіне толық ие бола алмайды. Бір ғана айтып кететін жәй, 2011 жылы елден түскен салық көлемі бойынша әр адам, жаңа туған сәбиден ертен қайтатын қартқа дейін кем дегенде 70 000 тенге заттарын тұтыныппыз!

ҚР Қаржы министірі Болат Жамишевтің айтуынша 2012 жылғы бюджеттің құрамында 97,3 % салықтан түскен қаржылар. http://allbanks.kz/news/view/V-dohodah-byudzheta-Kazahstana-na-2012-god-97-zanimayut-nalogovie-postupleniya

2012 жылынында жиналатын салық ішінде 37,5% корпоративті табыс салығы, 30,3 % - қосылған құн салығы (бірден сатып алынғанда төленетін салық), 977 млрд тенге болды, оның үлесі 2013 жылы - 1 061 млрд тенге, 2014 жылы - 1 198 млрд тенге болады деп жобалап отыр.

Ал табиғи және басқа ресурстардан бюджетке түсетін қаржы 2012, 2013, 2014 жылдарда 210 млрд тенге болады деп жобалайды қаржы мекеме.

2012 жылы халқаралық сауда және шет елдегі операциялардан түсетін салық көлемі 781 млрд тенге (ал 2013 жылы - 820 млрд тенге, 2014 жылы - 878 млрд тенге) болады деп жобалайды қаржы министірі.

Салықтан тыс бюджетке түсетін қаржы көзі ол жалға берген «Байконур» толемдері және жалға берген әскери полигондардың төлемдері.

Соның арқасында бюджетке 2011 жылы 4 971 700 000 000 тенге түскен! / http://www.minfin.kz/index.php?uin=1296016981 / Қазақ елі оны сезінді ме? Сезінбесе, неге сезінбеді? Осыған жауапты келесі мақалалардан табасыздар!

  1. http://mojazarplata.kz/main/dohody-minimum/Prozhitochnyj_minimum/minimalnaja-potrebitelskaja-korzina

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1514
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5837