Айбек Аташев. Зекет
Заман мен адамның, он сегіз мың ғаламның, күллі ризық тағамның иесі шексіз ұлық, кемшіліктен пәк, әуелгі мен ақтықтың иесі Алла Тағалаға өзі қалағандай мақтаулар болсын. Оның сүйікті әрі ардақты құлы һәм соңғы елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Тәуелсіздік таңы атып, еліміз өз алдына іргелі мемлекет болып қалыптасқалы халқымыз ежелден қабылдаған, ата-салтымызға айналдырған дініміз қайта оралды. Мұнысына Құдайға шүкір. Дініміз күн санап өркендеп, қанатын кең сермеп, халқымыз ислам қайнарларынан сусындауға қол жеткізді, яғни имандылыққа бет бұрып мұсылмандығымыз артты десек артық айтпағандық болар. Құдіретті Раббымыз бізді жоқтан бар етіп, жансызға жан берген, екі дүниені жаратып; бірін - пәни-өткінші сынақ дүние етіп, екіншісін - бәқи-мәңгілік және есеп-қисап беретін дүние етіп жаратқан, жер жүзін сіз бен бізге мекен еткен, міне осы жер бетіндегі барша мақлұқтардың ішінде ақыл-қабілетті, сөйлейтін, келбетті, көркем бейнеде қасиет беріп адам етіп жаратқан. Сол адамзат баласының ішінде сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы біз қазақ халқы рухани дүниесі бай және мұсылманшылықтың бес парызын еш назардан тыс қалдырмай ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ел екендігіміз әмбеге аян. Ислам дінінің қадір-қасиетін терең бойлап түсінген атамыз қазақ қай заманда да жоқ-жітікті, жетім мен жесірді далаға тастамаған дана халық.
Заман мен адамның, он сегіз мың ғаламның, күллі ризық тағамның иесі шексіз ұлық, кемшіліктен пәк, әуелгі мен ақтықтың иесі Алла Тағалаға өзі қалағандай мақтаулар болсын. Оның сүйікті әрі ардақты құлы һәм соңғы елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Тәуелсіздік таңы атып, еліміз өз алдына іргелі мемлекет болып қалыптасқалы халқымыз ежелден қабылдаған, ата-салтымызға айналдырған дініміз қайта оралды. Мұнысына Құдайға шүкір. Дініміз күн санап өркендеп, қанатын кең сермеп, халқымыз ислам қайнарларынан сусындауға қол жеткізді, яғни имандылыққа бет бұрып мұсылмандығымыз артты десек артық айтпағандық болар. Құдіретті Раббымыз бізді жоқтан бар етіп, жансызға жан берген, екі дүниені жаратып; бірін - пәни-өткінші сынақ дүние етіп, екіншісін - бәқи-мәңгілік және есеп-қисап беретін дүние етіп жаратқан, жер жүзін сіз бен бізге мекен еткен, міне осы жер бетіндегі барша мақлұқтардың ішінде ақыл-қабілетті, сөйлейтін, келбетті, көркем бейнеде қасиет беріп адам етіп жаратқан. Сол адамзат баласының ішінде сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы біз қазақ халқы рухани дүниесі бай және мұсылманшылықтың бес парызын еш назардан тыс қалдырмай ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ел екендігіміз әмбеге аян. Ислам дінінің қадір-қасиетін терең бойлап түсінген атамыз қазақ қай заманда да жоқ-жітікті, жетім мен жесірді далаға тастамаған дана халық. Бұған өткен тарихымыз бен ата-бабадан қалған салт-дәстүрiмiз, дiлiмiз, дiнiмiз куә. Данышпан Абай атамыз да: «Кең болсаң, кем болмайсың» - деген жүрек жарды сөзімен үлкен мағынаны меңзеген. Қаблиса жырау бабамыздың да жүрегінен шыққан мына төмендегі алмас қылыштай өлең шумақтары да бұған бұлтартпас дәлел болады:
Парызды сонан соңғы- Зекет дейді,
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді.
Бергенің береке болып ахиретте
Жұмақтың биігіне жетектейді.
Ай, мұсылмандар, жарандар,
Малыңнан зекет беріңіз,
Бірлігін Хақтың біліңіз.
Хақ жолымен жүріңіз,
Пәк болады дініңіз! деген екен.