Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3107 0 пікір 2 Тамыз, 2012 сағат 09:51

Өміржан Әбдіхалықұлы. «А» қайда?

Олимпиада ойындары қызған сайын қазақтың намысын шабақтайтын, «осы ғой енді» дегізетін жәйттер де көбейіп жатыр.

Ә, дегенде туымызды үңірейтіп тесіп тастаған әлдебір әсіреқияли ағылшын суретшісінің «өнер туындысына» тап болдық. Өзге елдерді қайдам, біз үшін бұл қорлық! Сөйтіп, тесік тудан шыққан шу әлеуметтік желілерде талқыға түсіп, ондағы жұрт жаппай қарсылық көрсетті. Артынша бұл мәселені «Ақжол» партиясының төрағасы, депутат Азат Перуашев мемлекеттік хатшының назарына қаратып және айтты.

Әзірге хатшыдан хабар жоқ. Дәл осы дөңгеленген ойығы бар туға қатысты саясаттанушы Айдос Сарым «Араша.кз» сайтына берген сұхбатында: «Мәселен, біздің Лондондағы елшілік әлем елдерінің туларын ойып экспозиция жасағандарға: «Құрметті азаматтар, сіздердің шығармашылық еркіндіктеріңізде дауымыз жоқ. Бірақ болашақта біздің не басқа елдердің рәміздерімен ойнаудың қажеті шамалы. Оны әркім әрқалай түсінуі мүмкін. Мысалы, кезінде даниялық суретшінің пайғамбарымызға жасаған карикатурасы айналып келгенде үлкен дау туғызды, қақтығыстарға алып келді. Сол сияқты жаңағыдай «өнерді» түсінетіндер де, түсінбейтіндер де болады» десе, ұйымдастырушылар оған құлақ асады деп ойлаймын», - депті. Дәл айтылған сөз. Тек елшіліктен естір құлақ табылса...

Алайда, олипмиада «қызықтары» тесік тумен тынар емес. Ағылшындарға ренжіп отырғанда, өзіміздікілердің сорақылығын көргенде кірерге тесік таппадық (әттең, Лондон алыс болды. Әйтпесе, ағылшындар ойған тудың тесігіне кіріп кетер ме едік, қайтер едік?!).

Бізді жерге қаратқан мемлекеттің «KAZAKHSTAN» атауынан түсіп қалған «А» деген әріп болды. Ауыратлетикадан Қазақстан құрамасы тренерлерінің бірінің үстіндегі футболкадағы жазу «KAZAKHSTAN» емес, «KZAKHSTAN» болып жазылғанын бүкіл әлем көрді.  Ал,  елдің атауы қате жазылған киімді киген кісінің қаперіне ештеңе кіріп шығар емес. Лондонның төрінде, айдай әлемнің алдында ой да түк жоқ, мәз болып шапқылап жүр. Тым құрығанда, киім киерде бадырайып тұрған жазуға көзі түспеді ме екен әлгі жазғанның деген ойға қалдық. Кім білсін, мүмкін оған және оның командасы мен серіктеріне мемлекет атының қате жазылғандығынан олимпиаданың қызығы қымбыт шығар...

Хош, болар іс болды. Енді осыған жауапты адамдарға келейік.

Ұшты-күйлі жоғалған «А» әрпінің дауы елге жетті. Сөйтіп, спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттік дереу «А»-ға іздеу салып, қызметтік тексерісті бастап кеп жіберді. Сөйтсек, Олимпиада киімдерін тігіп, дайындағандардың саны көп болып шықты. Яғни, аяқ киімді бірі, шұлықты келесі біреу тіккен. Әркім тіккен киімдерді агенттіктің техникалық һәм материалдық бөлімінде істейтін қызметкерлері түгел тексеріп алмаған екен. Соның кесірінен «А» «қолды болған». Бұл - жыл бойы қыруар қаражат бөлініп, қаптаған қалың адам жұмылып істеген жұмыстың «нәтижесі».

Сонымен,«А» қарпінің жоғалуына кім кінәлі болып шықты дейсіз ғой? Қоймашы кінәлі болып шықты. «Қырсық» қылғанда олимпиадашылар аттанар қарбалас сәтте бұрынғы қоймашы жұмыстан кетіп, жаңа қоймашы келе қалған ғой. Міне, сол қоймашы кілтипаны бар киімдерді спортшыларға таратып кеп жіберген. Әнұранды жаттай алмай жерге қаратып жүрген спортшылардан киімдегі жазудың қателігін неге байқамадың деп сұрау - кереңге ұрсып, соқырға жол нұсқағанмен бірдей.

Қоймашының кінәлі болып шығуы  - біздің қоғам талай куә болған осы тектес жағдайларда мемлекеттік жауапты қызметтегі лауазым иелерінің беттері бүлк етпей жасайтын бетсіз тірліктерінің бір парасы. Шенеуніктер (үлкені де, кішісі де) және шолақ бастықтар өздеріне шаң жуытпас үшін Алдар Көсені алдап соғып, Қожанасырды құм қаптырады. Қоғам солардың өтірігіне сеніп отырады. Ал, олардың өтірігін ресми билік ешқашан әшкерелеген емес! Керісінше, өтірігін шындай етіп ресми ұстанымын бір-ақ білдіреді. Сенсеңде - сол, сенбесең де сол - қоймашы кінәлі.

Сосын мемлекеттің имиджіне, халықаралық беделіне нұқсан келтіретін істер мен ел ішіндегі осыған ұқсас мәселелерді Үкімет ешқашан талқыға салып, талдап, келешекте болдырмаудың қамын жасаған да емес. Үкіметтің бар ісі - қорғансыз қоймашыны тауып, соны кінәлі деп жариялау. Сонымен іс бітті.

Айналып келгенде, мұның бәрі әрбір азаматтың, спортшының ішкі мәдениетіне, Отанға, мемлекетке деген құрметіне келіп тіреледі. Бұл тұрғыда Айдос Сарым мырзаның айтқандарымен толық келісуге болады: «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу заңның айқындығымен қатар азаматтық, адами мәдениетті талап етеді. Оның бір күнде қалыптаспайтыны анық. Бүгінгі айтылып отырған сындар, депутаттардың сауалдары, журналистердің, қарапайым азаматтардың айтып-жазғандары - осы мәдениет үшін күрестің көріністері. Талай елдер осындайды басынын өткізді. Біздер де осы жолмен келе жатырмыз».

Иә, бірақ, талай елдер басып өтіп, таптаурын болған жолдарды таптай бергеннен не ұтамыз?..

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345