Ақлима Мұстафина. «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты»
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы Отанымыздың тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күресті. Бұл күндері Қазақстан төрткүл дүние мойындаған, өркениетті елдермен терезесі тең әрі керегесі кең дамушы елге айналды. Осының бәрі батыр ата-бабаларымыздың ерен еңбегінің арқасында жеткен үлкен жетістік. Қазақ халқы Ресей бодандығында болған жылдардың өзінде ұлы далада 300-ден астам үлкен-кішілі көтерілістер болып өтті. Осы көтерілістердің мән-мазмұны, нәтижесі еліміздің тарихы үшін өте маңызды болғандықтан Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы оңтүстік астанада Алматы қаласының әкімшілігі, жоғары оқу орындарының ғалымдары, ұстаздары және студент қауымының қатысуымен «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өткізді. Жалпы жиылысқа Қазақстан Республикасынан 15жоғары оқу орны қатысты.
Осы конференцияда қазақ жерінде болған көтерілістерді, оның мақсаты мен нәтижесін зерттеп жүрген Х.Әбжанов, Ж.Артықбаев, Қ.Атабаев, М.Әбдіров, Б.Кәрібаев, Е.Калиева, Ф.Қайырханова, К.Әлібеков, Ж.Таңатаров, С.Есқалиева, Б.Ахметбеков, М.Абсеметов, Ж.Боранбай, А.Әбілов, Т.Омарбеков, Т.Медеуов, С.Иманбаева, С.Орумбаев, С.Әмірғазин, Қ.Ерімбетова, Ж.Асылбекова, Қ.Табеев сияқты ғалымдар сөз сөйлеп, өздерінің ойларын ортаға салды.

Жиында талқыланған мәселелердің желісі бойынша «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» атты жинақ әзірленіп, басылып шықты. Аталмыш басылымда қазақ халқы тарихи баламаның екі жолын бастан кешкені туралы айтылады. Қазақстанда орын алған ұлт-азаттық қозғалыстарының жалпыұлттық идеясы отарлық езгіден құтылуға, елдің елдігін, тұтастығын сақтауға сайды. Бостандық, азаттық үшін күрес 300 жылдай уақытқа жалғасты. Арасында үзілістер болып тұрғанымен қазақ халқының ой-санасы әрқашан еркіндік пен елдікті аңсап жүрді. 1929-31 жылдары қазақтардың күшпен тәркілеу және ұжымдастыру саясатына қарсы наразылық көтерілістерінің саны 372-ге дейін жетті. Ресми деректер бойынша, көтеріліске қатысқандардың саны 80 мыңға жуық болған. Тек бір жылда ғана Қазақстанда 15-ке тарта ірі көтеріліс болып, оларға 34 мыңдай адам қатысқан. Тоталитарлық жүйеге қарсы болған осындай көтерілістер еліміздің барлық жерінде болып өтті. Себебі өкімет тарапынан болған қысым - тәркілеу кезіндегі сорақылық, астық жинау барысындағы зорлық елдің жаппай көтеріліске шығуына алып келді. Қазақстанда ауыл еңбекшілерінің алғашқы ұйымдасқан көтерілістері 1929 жылы басталды. 1929 жылы 15 мың, ал 1930 жылы 16,3 мың адам қамауға алынды. Сол уақытта республиканың барлық ауданы Азамат соғысы қарсаңында тұрды. Орысшыл биліктің қазаққа жасаған ұлтшылдық қысымы, елді бір емес, бірнеше рет аштыққа ұшыратуы, шаруалар астығы мен малын тартып алуы, күшпен, зорлықпен ұжымдастыру, жазықсыз қудалау, қамау, ату, т.б көптеген зорлық-зомбылықтар көтерілістердің шығуына басты себеп болды.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының ұлттық езгіге қарсы үздіксіз күресінің заңды жалғасы болып табылады.
«Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» атты жинақ қазақ көтерілістерінің құбылысы мен жұмбағын, тағылымы мен қорытындыларын, қозғаушы күштері мен басшыларын ғылыми, теориялық-методологиялық тұрғыдан зерттейді. Жинаққа кірген мақала авторлары негізінен жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында еңбек етеді әрі осы мәселені көптен бері ой елегінен өткізіп жүрген мамандар.
Жинақта XVIII-ХХ ғасырлардағы қазақ даласын дүбірлеткен көтерілістердің қайнар көзі, дәуірлері, қатысушылардың құрамы, көздеген мақсат-мұраты, бүгінгі азаттық идеясымен үндестігі дәйектелген. Бұрын-соңды беймәлім болып келген деректер мен құжаттар ғылыми айналымға түскенін айрықша атап өткен абзал. Айтылған ойлар, ортаға салған дерек пен дәйек ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға қызмет етсе, тарихи сананы оң қалыптастыруға септігін тигізсе, оқу-тәрбие үдерістерінде қолданыс тапса, ұлттық тарих ғылымының бүгінгі жаһандану мен бәсеке үдесінен шыққаны.
Тарихтың шындығы мен түбі шексіз-шетсіз. Уақыт өткен сайын әр ұрпақ өз жаңалығын әкеледі. Кей оқиғалар бәлен жылдардан кейін ғана айтылады. Сондықтан да бұл мәселе әлі де толық зерттеліп, зерделенуі керек. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанұлы арнайы энциклопедия шығаруды ұсынды.
Бұл жинақ Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы шығарып отырған көп басылымның соңғысы емес. Алдағы жақын уақытта да тарих саласынан ғана емес, басқа да тақырыптарда көптеген жинақ пен басылымдар жарық көрмек.
«Абай-ақпарат»