Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5293 0 пікір 29 Тамыз, 2012 сағат 06:15

Алмас Әбсадықов. Үркер – қыркүйек

Табиғатта да мінез бар: ірілі, ұсақты. Табиғаттың ірі мінездері - жылдың төрт мезгілі. Ал оның ұсақ мінездері қыс күндері тым кенеттен ақ түнек боран соғып  қаһарланып кетуі, көктемде күннің аяқ астынан суып кету, жазда қатты ыстыққа немесе ызғарлы салқынға бой беруі т.б. жатқызуға болады. Жаз айының соңына саналатын тамыздың таусылар тұсы Сарыарқаға күздің салқынын ала келді. Мінезге бай күз мезгілі өзінің келе жатқанын алдын ала «қабақ шытып» білдіргендей...

Жүрісінен жаңылмай, бағытынан айнымай келетін жылдың төрт мезгілін басым көпшілігіміздің балама ұғымдармен күтеміз. Айталық, қыс кезеңінде жаңа жылды, көктемде Наурызды, жазда жайлы заңды демалыс күндерін күтетініміз анық. Ал күзде нені күтеміз?

Кеңес дәуірінде 1-қыркүйекті, яғни жаңа оқу жылын, 7 қараша мейрамын, күзгі жаппай жиын-терімді күтетінбіз. Саясат ауып түсіп еді: күздің қара суығында келетін қараша мейрамы өшті, жеке меншіктің қолына өткен жиын-терім де жалпы халықтық сипаттан айырылды. Бірақ 1 қыркүйек ғана бұрынғы күйінде қалды. Ендеше мұнда халықтық сипат бар, дүйім жұрт мойындаған ерекше маңыз бар!

Қазақ халқының ертедегі ұғымында да Қыркүйек айының орны ерекше еді. Әңгімеміз осының төңірігінде өрбімек.

Табиғатта да мінез бар: ірілі, ұсақты. Табиғаттың ірі мінездері - жылдың төрт мезгілі. Ал оның ұсақ мінездері қыс күндері тым кенеттен ақ түнек боран соғып  қаһарланып кетуі, көктемде күннің аяқ астынан суып кету, жазда қатты ыстыққа немесе ызғарлы салқынға бой беруі т.б. жатқызуға болады. Жаз айының соңына саналатын тамыздың таусылар тұсы Сарыарқаға күздің салқынын ала келді. Мінезге бай күз мезгілі өзінің келе жатқанын алдын ала «қабақ шытып» білдіргендей...

Жүрісінен жаңылмай, бағытынан айнымай келетін жылдың төрт мезгілін басым көпшілігіміздің балама ұғымдармен күтеміз. Айталық, қыс кезеңінде жаңа жылды, көктемде Наурызды, жазда жайлы заңды демалыс күндерін күтетініміз анық. Ал күзде нені күтеміз?

Кеңес дәуірінде 1-қыркүйекті, яғни жаңа оқу жылын, 7 қараша мейрамын, күзгі жаппай жиын-терімді күтетінбіз. Саясат ауып түсіп еді: күздің қара суығында келетін қараша мейрамы өшті, жеке меншіктің қолына өткен жиын-терім де жалпы халықтық сипаттан айырылды. Бірақ 1 қыркүйек ғана бұрынғы күйінде қалды. Ендеше мұнда халықтық сипат бар, дүйім жұрт мойындаған ерекше маңыз бар!

Қазақ халқының ертедегі ұғымында да Қыркүйек айының орны ерекше еді. Әңгімеміз осының төңірігінде өрбімек.

Тіршілік көзіне, негізінен, мал шарушылығын арқау еткен қазақ халқы табиғаттың жыл мезгілдерін олардың басты сипатына қарай дәл қоя білген. Төрт түліктің өрісі, тебіндігі тарылып, жем-шөбі қолға қарап, жан-жақтан қысып тастайтын мезгілді «қыс» (қысып тастау) десе, табиғатқа жан бітіп, көк шығатын мезгілді «көктем» (көктің шығуы, жан бітуі), ал өзге мезгілдерге қарағанда малға қатысты қам-қарекеттер азайып малшының қол-аяғы кеңейетін, шаруа жайы жеңілдеп, жайланатын мезгілді «жаз», ал одан кейінгі мезгілді «күз» деп атаған. Жылдың ocы төрт мезгілін шартты түрде «алты ай қыс, алты ай жаз» деп екіге бөлген.

Күз «күзеу»(күзек) деген сөздің қысқарған түрі. Күз - шаруа үшін қаурыт мезгіл.  Күзеуге (күзекке) шығу - көшпелі қазақтың қыстауға қонар алдында жайлайтын қонысы. Бұл тірлік Хакім Абайдың «Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы немесе «Ерте барсам жерімді жеп қоям» деп//Ықтырмамен күзеуде отырар бай» деп келетін өлең жолдарында айқын бейнеленген.

Күзеудегі қам-қаракет - мал баққан шаруа үшін маңызды. Күзгі қоныста мейлінше мол отыру - қыстаудағы жайылымды жердің шөбін сақтау, үнемдеу болып табылады. Мұндағы сақтық қыс ұзап кетсе қолдағы жем-шөпті көктемге дейін жеткізуден туындаған. Ал егінмен айналысқан диқан үшін күз мезгілі - көктем айларында егіп, жаз бойы тынымсыз баптап-күткен егінінің шығымын жинап, қамбаға құятын кезі. Қамба астыққа толса, қыстың ұзақтығы да,  қаһары да аса  қорқынышты емес.

Күз маусымының алғашқы айы - қыркүйек.  Малшы шаруа тіршілігінде бұл айдың маңызы ерекше. Себебі қыркүйекте маңызды науқан жүреді. Ол - болашақ төлдің басын көбейтуге сеп болатын күйек алу науқаны. Науқан шамамен 40 күнге созылатын боғандықтан «қырық күйек» атанған. Қос сөздің кіріге бірігуінен  алғашқы бөлік-«қырық» сөзі қысқарып, «қыркүйекке» айналған («Қырық» саны өзге де жыл мезгілінде бар. Халқымыз жаз айындағы ерекше ыстық мезгілді-жем-шөптің «ұзарып өсіп толатын»(Абай), жеміс-жидек, егіннің пісіуіне қолайлы мезгілді «қырық күн шілде» деп атайды).

«Қырық» санының жыл мезгілдеріне қолдануы да табиғат аясынан шыққан. Айталық, күз мезгілінің бастауын аспан жұлдыздарының, соның ішінде Үркер жұлдызының қозғалысына байланысты анықтаған. Түлік күйекке түсер айда Үркер жұлдызы көке өрлеп туады.

Халықтың астрономиялық түсінігі бойынша, жаз бойы аспан бойынан көрінбей жерде жатып, жем-шөптің көп болуына септігін тигізген Үркер тамыз айынынан бастап біртіндеп көкке көтеріле береді. «Үркер туса - таң суыйды, Сүмбіле туса -су суыйды» дегендей, күздің алғашқы белгілері орын ала бастайды. Осылайша шаруа үшін «алты ай қыстың» басы басталады. Үркер 40 күнде көкке биік өрлеп шығады. Алты ай қыстың (180 күн) 40 күнін қыркүйек алса, 56 күнін (айдың жерді бір айналып өтуі 26 тәулікті құрайды) қыстың басы-қараша мен желтоқсан («Қараша мен желтоқсанмен сол-екі ай// Қыстың басы: бірі ерте, бірі жай»), одан әрі 90 күнін нағыз қыс алады. Мұны сандық есепке салатын болсақ ол мынадай болып шығады: 40+56+90 = 186. Халық арасында қыстың соңындағы артық 5-6 күн «Отамалы» немесе «Киіктің оты», болмаса «Құралайдың суығы» деп аталады.

Күйек дер кезінде жүргізілсе, «алты ай қыстан» аман шыққан төрт түлік көктемнің қолайлы шағында (күн жылынып, көк тебіндеп шыға бастаған тұс) төлдеп, жаңа туған төл тез аяқтанып кетеді. Сондықтан халқымыз Үркер айынан үлкен үміт күткен. Басқаша айтсақ, күздің басында көрінетін Үркер - әрдайым жаңа үміт айы. Қазіргі күз мезгілінің жаңаша ай атауларымен белгілегенде ол қыркүйекке тура келеді. Демек, қыркүйек - үміт айы.

Қыркүйекте көңілдегі үміт отының оянуы қазақтың ертедегі мал шаруашылығымен айналысқан тіршілігінің бір парасы еді. Ал қазіргі күнде қалай? Бұл күнде де қыркүйектің үміт айы ретіндегі маңызы одан әрі арта түскендей. Себебі  қазақтың  қам-қарекетіне оқу-ағарту ісі еніп, өзге жұртпен араласып, бәсекеге түсе бастаған уақытта (Абай, Ыбырай, Алаш зиялыларының заманы) және кешегі кеңес үкіметінің жаппай сауаттандыру, сондай-ақ әрбір азаматқа тегін білім беру саясатының гүрілдеген (жақсы мағынада риязы көңілмен айтып отырмыз - автор) кезеңінде күз мезгілінің алғашқы айы жаңа оқу жылының басталуымен, яғни Білім күнімен айшықтала бастады. Халық санасында бұл жаңа үміттің отын оятты. Ол - адам өмірінің жалғасы бауыр еті баласының біліммен қаруланып, ержеткенде өмір тіршілігіндегі қиындықтарды оңай жеңе алады, саналы азамат болады деген үміт еді.

Оқу, білім алу - адам тіршілігінің қай саласында болмасын маңызды орын алатыны бұл күнде жалпақ жұртқа мәлім, анық ақиқат. Баласын орта мектепке жетелеген ата-ана, арнайы орта және жоғары оқу орындарына шәкірт-студент атанған жасөспірімдердің көңілдерінде үміт отының алауы жанатыны анық. Шәкірт көңіліндегі алғашқы қоңырау, алғашқы ұстаз, студенттік кезең деген ұғымдар да - сол үміттің салдарынан туындаған қымбат түсініктер.

Шекаралары шектес елдермен ғана емес, бөлек құрлықтағы (материктегі) жұртпен бәсекеге түсіп, ақыл-ойдың ілгерлігімен озық көшке ілесуді қалайтын, реті келсе оза түсуді (50 озық елдің қатарында болу) мақсат еткен тәуелсіз Қазақстанға Қыркүйектің- жаңа оқу жылының басталуы аса маңызды болуы тиіс. Данышпан Абай көрсеткен адам баласының бір-бірінен озғандығын айқындайтын төрт (ақыл, ғылым, ар, мінез) белгінің бірі ғылымның бастау бұлағы - білім. Еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы азаматтарының білімінің өрісіне тікелей байланысты. Кең өрісті білім ғылымды дамытып, қоғамды өзгертпей, өркендетпей қоймайды.

Жұмыр жер бетінде білім-ғылым, өнер, дәулет жолында бәсеке бәйгесіне бел шеше кірісіп кеткен ұлт пен ұлыстардың тартысында шаң қауып қалмас үшін ертедегі ата-бабаларымыз «Қыркүйекті» қалай науқанға айналдыра біліп, оған көп үміт артқанындай, біздер де бір адам баласының өзгеден қалып қоймауына жәрдемдесетін білім алуды жаппай бастайтын «Қыркүйекті» маңызды мақсатты жүзеге асыруға кірісудің басы деп есептеуіміз қажет-ақ.

Жылдың ірі мінезді мезгілі ретінде айнымас бағытымен қайта келген Қыркүйекті білім алудағы бәсекенің аламан бәйгесі жарияланды деп санап, үміт отын алаулатып, ордалы жұртқа тиісті үлесімізді ойып аламыз деп серт бере кірісуіміз бізге өте қажет! Жалпақ әлемнің жаһандануы кезеңінде елімізге бұйырған тәуелсіздіктің, азаттылықтың баяндылығы да ілім-білімнің тереңдігіне байланысты болып отырғаны - шығар күндей анық!

...Үміт еткен, достарым,

Сендерге бердім батамды.

Алтынсары баласы (Әлихан Бөкейхан Ы. Алтынсаринды осылай атаған-автор) Ыбырайдан қалған бұл өлең жолдарын «Баталы жұрт арымас» деген ата-бабамыздың сеніміне салып, дәтке қуат етіп алып білім бәйгесіне жарау аттай кірісейік, қадірлі оқушы, қымбатты шәкірт!  Білім күні құтты болсын, қымбатты бапкер-ұстаздар!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279