Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3350 0 пікір 28 Тамыз, 2012 сағат 07:56

Облыс әкімі Бородулиха ауданын аралады

Кеше жұртшылықпен кездесуге қатысатын лауазымды топ Бородулиха ауданында болды. Аудан орталығына кіре салысымен аймақ басшысы жылыту қазандықтарының жай-күйін тексерді.

Қылышын сүйретіп қыс та келе жатыр. Ауылдағы саусақпен санарлық көпқабатты бірнеше үйге жылу жеткізетін қазандықтарға дәл қазір қызу жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Көмір, ауызсу, тағы басқа да тұрмыстық мәселелердің анық-қанығын сұрап білген облыс Әкімі жауапты адамдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Бородулиха ауылының жұртымен кездесу барысында аймақ басшысы ауданда тез шешуді қажет етіп тұрған аса маңызды мәселелердің жоқ екендігін тілге тиек етті.

- «Тірек ауылдарын дамыту» бағдар-ламасы бойынша жұмыстар бұл ауданда тым сылбыр атқарылуда. Билік барынша көмек жасап жатыр, ары қарай ел болып, жұрт болып көшелерді абаттандыруға атсалысуларыңыз керек. Әр азамат өз ауласына ұқыпты қарағаны дұрыс, тазалық мәдениеті деген осы жерден шығады. Ауылдық әкімдік ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы жұмыс тобын құруы керек. Ол топқа аузы дуалы ақсақалдарды, ауыл ардагерлерін енгізіңіздер. Михайличенково ауылы аудандағы тірек ауылдарының қатарында және тура күре жолдың бойында тұр. Ал қашалары көзге сүреңсіз көрінеді. Бір құты бояу алып, қоршауларыңызды әрлеп қоюдың ешқандай қиындығы жоқ, - деді облыс басшысы.

Жиын барысында Жерновка ауылында салынып жатқан мектеп мәселесі, әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлерді жөндеу, егін ору және тағы басқа да тұрмыстық мәселелер талқыланды.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақ-тардың ішінде Жезкент елді мекенін шағын қалалар қатарына жатқызса, Бородулиха мен Жезкент арасындағы жол жөнделсе деген талап-тілектер де аз болмады.

Облыс Әкімінің айтуынша, шағын қала-лар қатарына жатқызылатын елді мекендер белгілі тәртіпке сәйкес таңдалынып алынады. Жезкент қаласына «Қазақмыс» компаниясы демеушілік жасайтындықтан аталмыш қатарға кіре алмайды. Жол жөндеу мәселелерінің қаржымен тікелей байла-нысты екендігі белгілі. Жиын барысында тартылып бара жатқан «Большое» көлінің экологиялық жағдайы да сөз болды. Көл айдыны суалған соң оның түбіндегі батпақтан зиянды газ бөлініп, маңайдағы ауылдардың берекесін алып тұр. Облыс басшысы экологтар мен арнайы мамандардың қызметі арқылы аталмыш мәселені назарға алатынын жеткізді.

«Новая заря» мал өсіру кешенінде болған аймақ басшысы қазір үлкен қарқынмен дайындалып жатқан 400 басқа арналған арнайы сауын алаңының құрылысымен танысты. Бұл шаруашылықта қазірдің өзінде екі мыңнан астам ірі қара өсіріледі екен. Шаруашылық директорының айтуынша, кешенде күн сайын 500 бас сиыр сауылып, үш мың литрге дейін сүт дайындалады. Өндірілген сүтті Павлодар қаласының «Фудмастер» фирмасы литрін қыста 85, жазда 75 теңгеден сатып алатын көрінеді.

- Биыл шөп мәселесі қиындық туғызып тұр, қазір қысқы қор ретінде сүрме шөп да-йындап жатырмыз. Сауып отырғанымыз симментал тұқымдас сиырлар, алдағы уақытта етті-сүтті бағыттағы асыл тұқымды мал басын көбейту ойымызда бар, - дейді шаруашылық жетекшісі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3221
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5276