«Қазақстандық Швейцария» аталып кеткен аймаққа туристер неге неге келмейді?
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «қазақстандық Швейцария» деп бұрыннан аталып кеткен аймаққа туристердің бармайтынына таңғалуда.
Ол бұл кінәны мемлекеттік қызметкерлерден көріп, олардың облыстағы туристік тартымдылық саласында дұрыс жұмыс істемейтініне сенімді, деп жазады «Время» газетінің бүгінгі нөмірінде шыққан «Туристов - на Алтай, чиновников - к ответу» атты мақаласында газет журналисі Евгений Фоминых.
Жақында облыс әкімдігінде болған кеңесте Бердібек Сапарбаев шетелдік қонақтардың бұл аймақтан айналып өтетініне ерекше таңғалды.
«Неге бұлай жұмыс істеудеміз? Көршілес жатқан Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен салыстырсақ, тек биылғы жылы ғана оған миллионнан астам турист барды! Ал бізге жарты мыңнан аз шетелдік азаматтар келді. Бұл өте ұятты жағдай!»
«Қазақстандық дамыту және индустрия институты» АҚ басқармасының төрағасы Азат Ахмеров облыс әкімін қолдады.
«Шетелдіктер үшін визаны алу және кеденнен өту бойынша проблемалар әлі де бар. Аймақтың табиғи ресурстары Алтай өлкесі немесе жыл сайын жүздеген мың турист баратын Моңғолиядан кем түспейді. Алайда қызмет көрсетудің төмен сапасы мен білікті кадрлардың жоқтығынан биылғы жылы Шығыс Қазақстанға небары 500 адам келді!»
Аймақ тартымсыздығының себебі ретінде мемлекеттік қызметкерлердің нашар жұмысы атап өтілді.