Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4812 8 пікір 25 Желтоқсан, 2021 сағат 03:44

Қазақстан барлық жағынан Ресейге бағынышты

Елордадағы ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимаратын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалына тарту ету туралы шешімді мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев жария етті. Былай қарағанда екі ел арасындағы достықтың көрінісі ретінде паш етілген бұл жаңалық байбалам салатындай, назар аударарлықтай көрінбеуі мүмкін.

Ал іс жүзінде осы мәлімдемені елдегі ең жоғарғы лауазымның бірі, тікелей президентке ғана бағынатын, президентке ішкі және сыртқы саясаттағы іс-қимыл жөнінде ақыл-кеңес беретін тұлға - мемлекеттік хатшының жасауы іс жүзінде Қазақстан барлық жағынан Ресейге бағынышты екенін анық көрсетті.

Қазақстан аграрлы-индустриялық ел екенін ескерсек, аграрлық саланың ең жоғарғы органы - АШМ ғимаратын, атағы қандай дардай болса да бөтен мемлекеттің университетінің филиалына беруді басқаша қалай түсінуге болады? Халқының 43 пайызы ауылда тұратын, Батыс өңіріндегі жұрт жұттың аз ақ алдында тұрған елдегі биліктің ауыл шаруашылығына деген көзқарасының сиқы осы!

Бұл жағдай 1905 жылы басталған, іс жүзінде қазақты өз жерінен түбегейлі көшіріп, тіпті ұлт ретінде жойып жіберуге бағытталған Столыпин реформасын еріксіз еске түсіреді. Сол реформа орыс-казактарға миллиондаған гектар қазақ жерін тегін тарту етті. Жергілікті ұлтты жерінен айырды, қазақ өз елінде туған жерінен ұлтарақтай жерді келімсектерден сатып алуға, жалға алуға, ал оған шамасы жетпегендер үндістер секілді шөл, шөлейт жерлерге босып кетуге мәжбүр болды. Мешіттер, тарихи орындар отаршылар әскерінің казармасына, атқорасына айналды.

Біздегі биліктің бар қызметі қазақтың қаны мен жанының символы - жермен тығыз байланысты ауыл шаруашылығы министрлігін осындай бейшара халге түсіруі осындай тарихи параллель жүргізуге мәжбүрлейді.

Дәнеш Байболатов

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300