Қазақстан кімдерге қарыз?
Қазақстанның сыртқы қарызы $166 млрд-тан асып кетті.
Ұлттық банктің 2021 жыл 1 қазанындағы мәліметі бойынша Қазақстанның сырқы елдерге қарызы $166 млрд-тан асқан. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,6 млрд доллорға көп.
Қарыздың негізгі бөлігі - 97,8 млрд доллорды фирмааралық қарыздар құрайды.
Бұл ретте Ұлттық Банктің міндеттемелері $806 млн-нан $3,05 млрд-қа дейін ұлғайған. Өсім 278,4% құрайды.
Басқа секторлардағы қарыз 7 пайызға, яғни 43,9 млрд доллорға өскен.
- Мемлекеттік басқару органдары – 15,9 млрд доллор;
- Банктер - 5,7 млрд доллор;
- Тау – кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру- 86,1 млрд доллор;
- Мемлекеттік басқару және қорғаныс секторының міндеттемелері- 16 млрд доллор;
- Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 13,7 млрд доллор;
- Өңдеу өнеркәсібі – 12,5 млрд доллор;
- Денсаулық сақтау, ойын – сауық және әлеуметтік қызметтер салаларында – 258 миллион доллар;
- Сумен жабдықтау – 173 миллион долларға өскен.
Қазақстанның ең көп берешек елі – Нидерланды. Ол 44,1 млрд доллорды құрап,бір жыл ішінде ол 1% - ға қысқарған. Одан әрі Ұлыбритания,еліміздің оның алдындағы берешегі 21,8 млрд доллор, халықаралық ұйымдар – 12,8 млрд доллор , АҚШ – шамамен 12,8 млрд доллор және Франция – 11,7 млрд доллор.
Сонымен қатар, Қазақстанның Ресейге берешегі 10,8 млрд доллор , Қытайға 9,9 млрд доллор, Бермуд аралдарына 9,5 млрд доллор, Жапонияға 5,5 млрд доллор және Гонконгқа қарызы 4,2 млрд доллордан асты.
Еліміздің БАӘ-не 2,4 млрд доллор, Швейцарияға 2,4 млрд доллор Германияға 2,3 млрд доллор қарызы бар.
Abai.kz