Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3311 0 пікір 16 Қыркүйек, 2012 сағат 22:41

Кеңес одағы кезіндегі «қызықтар» мен шыжықтар

Бәрімізге бала кезден жақсы таныс «Победа» автокөлігі енді құрастырылып жатқан. Жаңа машинаны «Отан» деп атау жоспарланады. Бұдан құлақтанған Сталин мысқылдап тұрып былай деп сұрапты: «Иә, Отанды сонда қаншаға сатпақсыңдар?». Осыдан кейін жаңа көліктің аты іле-шала «Победа» деп ауыстырылады.

**************************
Кеңес Одағында дәретхана қағазы әдеттегідей тапшы болды. Оны сатып алғысы келгендер ұзын-сонар кезекке тұратын. Қолы жеткендер көптеп қарпып қалуға тырысады. (Ол кезде бір адамға тауарды шектеп беретін). Дәретхана қағазының жиырмаға жуық орамасын алған кейбір «қолы ұзын» адамдар оны жіпке тізіп, мойнына асып алатын. Сосын қуанышы қойнына сыймағандар әлгі тізбегімен бүкіл көшені басып өтетін. Бұған ешкім таңғалмайды. Бар болғаны «қайдан алдыңыз?» деп сұрайтын.

*************************

Кеңес одағы енді ғана еңсе көтерген жылдары қылмыс істеп қойған әскерилерден еңбек жасақтары құрылады. Бұларды орысша «заключенные красноармейцы» деп атады. Ал құжатта қысқартып «з/к» деп қана жазатын.  Кейін Беломорканалдың құрылысы басталғанда бұл қысқарған сөз ««заключенный каналоармеец» деген мағынаға ие болады. Осы «з/к»-тен кейін «зэк» деген бәрімізге белгілі сөз шықты.

1936 жылы бүкіл Кеңес одағының газеттерінде кішкентай қыздың Сталиннің қолында гүл ұстап тұрып түскен фотосуреті жарияланды. Әлгі фотосуреттің астында  «Жолдас Сталинге  біздің бақытты балалық шағымыз үшін үлкен рахмет!» деген жазуы болды. Кейін осы суретті плакатқа да басып шығарып, мүсіндер де жасайды. Ал Сталиннің қолында тұрып суретке түскен қыздың есімі Энгельсина екен (Энгельстің құрметіне қойылған). Бурят-моңғол автономиясының министрлерінің бірі болған оның әкесін 1937 жылы жапон тыңшысы деген жаламен қамауға алып, артынан атып тастайды. Қазақстанға жер аударылған шешесі де көп ұзамай белгісіз жағдайда көз жұмған. Кейін жетім қалған шынашақтай қызды ағасы асырап алыпты. Кеңестік «Бақытты балалық шақтың» кейбір қыры осындай болатын..

*************************

1945 жылғы 24-маусымдағы жеңіс парады кезінде әскерилер  бір итті өздерімен бірге алаңнан көтеріп алып өтеді. Әлгі ит Сталиннің үстіне ілген шинелінде жатты. Бұл  ұрыс алаңын минадан тазалаған саперларға талай мәрте көмектескен арнайы үйретілген ит болатын. Аты Жолбарыс екен. (Құжатта Джульбарс деп жазылған). Еуропаның жерінде өткен соғыстың соңғы күндерінде 7468 мина мен 150 снаряд осы Жолбарыстың көмегімен табылады. Сосын Мәскеуде өтетін жеңіс парадына азғантай уақыт қалғанда Жолбарыс ауыр жараланып, әскери иттермен бірге жеңіс шеруіне қатыса  алмайтын болып қалады. Бұны естіген Сталин итті өз шинеліне салып қызыл алаңмен алып өтуді  бұйырған екен.

Дайындаған Жолымбет Мәкішев.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385