«Сәттi» бағдарламасының өзі сәттілік
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ислам Даму Банкiмен серiктестiктiң негiзiнде «Сәттi» несиелендiру бағдарламасын қолға алды.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингi» АҚ еншiлес компаниясы - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ислам Даму Банкiмен жасалған келiсiм-шарттың шеңберiнде ауыл тұрғындарына шағын несиелеу жұмыстарын жүзеге асыра бастады. 2011 жылы Ислам Экономикалық форумы барысында техникалық көмек және грант бөлу туралы келiсiм-шартқа қол қойылған болатын.
Әлемнiң 50 елiнде жұмыс жасайтын исламдық қаржыландырудың өз ережелерi болады. Ол исламдық құқыққа негiзделiп, ғасырлар бойы құрастырылған кешендi исламдық құқықтануды да пайдаланады.
Исламдық қаржылай қарым-қатынастардағы көптеген қағидалардың бiрi - өсiм алушылық пен несие пайызына тыйым салу. Несие пайызын сұрауға, төлеуге немесе алуға болмайды. Ақша нақты экономикалық бағаны құрастыру үшiн ғана пайдаланады. Тек рұқсат етiлген коммерциялық қызметке ақшаны инвестициялау арқылы табыс алуға болады.
Алыпсатарлықтың нәтижесiнде тапқан табысқа тыйым салынады. Сонымен, шариғатта құмар ойындар, алыпсатарлыққа негiзделген келiсiм-шарттарды жасауға болмайды.

Шариғат бойынша коммерциялық мәмiлелердiң белгiсiздiгiне жол берiлмейдi. Мысалы, активтердi сату бойынша мәмiледе сатып жатқан активтердiң нақты сипаттауы, бағасы, активтердiң сатып алушыға жеткiзудiң мерзiмi болу керек. Сондай-ақ, лизингтiк келiсiм-шартта да лизингке берiлетiн активтердiң нақты баяндауы, лизингтiң мерзiмi, жалға беру төлемдерi туралы ақпарат болу қажет.
Барлық қызмет рұқсат етiлген мақсатқа жетуге бағытталуы керек. Қарыз алушылар шариғатта тыйым салынған қызметке тартылмау керек және одан табыс көрмеу керек. Сонымен, құмар ойындарға, алкогольдi өнiм өндiру, шошқа ұстауға инвестициялауға болмайды.
- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен Ислам Даму Банкi арасындағы келiсiм-шартқа қол қою туралы келiссөздер 2009 жылдан бастап жүргiзiлген болатын, -- дейдi қордың басқарма төрайымының орынбасары Алмас Таубаев. -- Келiсiмге сәйкес ИДБ қорға 10 млн. АҚШ долларды 10 жылға Қазақстанның ауыл тұрғындарын шағын несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бөледi. Исламдық несиелеу бойынша әдiстеменi қорда енгiзу үшiн консалтингтiк қызметтер, тренингтер, жабдықтау мен бағдарламалық қамтамасыз етуге 150 мың доллар бөлiнуде.
Тамыздың ортасында компанияның байқаушы кеңесiнiң төрағасы Адалет Джабиевтiң қатысуымен Павлодар, Ақтөбе және Шымкент қалаларында қор қызметкерлерiне исламдық қаржыландыру әдiстемесiмен таныстыру үшiн тренингтер өткiзiлмек. Аталмыш қанат қақты жоба шеңберiнде исламдық қаржыландыру ережелерi мен қағидаларын үйрету өткiзiлдi.
«Қазiргi таңда қор «Сәттi» бағдарламасын әзiрлеп, үш аймақта енгiзуде, -- дейдi А.Таубаев. - Бағдарлама бойынша екi несиелiк өнiм жұмыс жасайды, олар - «Салам» және «Мурабаха» несиелiк желiлерi. Қаржы қордың филиалдары арқылы ауыл тұрғындарына екi желi бойынша бөлiнедi. Қарыздың сомасы 1 млн. теңгеден 3,7 млн. теңгеге дейiн, қордың инвестициялық табысы 11,5 пайыздан жоғары емес, несие мерзiмi - 48 айға дейiн бекiтiлдi. Несиелердiң 50 пайызы әйелдерге берiледi. Сонымен қатар әлеуеттi қарыз алушы өз мiндеттерiн кепiлдеу үшiн несие сомасынан 10 пайызын ақшамен немесе активтерiмен жабу керек».
Оқыту тренингтер өткiзiлгеннен кейiн Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында шағын фермерлер, ауылды жерлерде қызмет жасайтын кәсiпкерлерге исламдық қаржыландырудың шарттары бойынша шағын несиелер берiле бастайды.