Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3626 0 пікір 4 Қазан, 2012 сағат 10:07

Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, «Жетінші арна» директорлар кеңесінің төрайымы: Таяу уақытта отандық бағдарламалардың үлесі артады

- «Жетінші арна» ойын-сауық бағдарламаларын шығару жөнін­дегі Endemol компаниясының стра­тегиялық әріптесі болып табы­латын «ВайТ Медиа» компаниялар тобымен жасаған ұзақмерзімді келісімнің нәтижесінде өзінің даму стратегиясын толығымен өзгертті. Бұл телеарнаның ұстанған бағы­тына, саясатына әсер ете ме?
- «Жетінші арна» даму стра­тегиясында ойын-сауық бағытын ұстанады. Ал Endemol және «ВайТ Медиа» компаниялары біз­дің даму стратегиямызға ла­йық­ты, қажетті бизнес порт­фо­лио­сын иеленген. Көрермен ауди­ториясының талғамын, жас ерекшеліктерін, сұранысын ес­кере отырып, әріптестеріміздің туын­дыларының арасынан отан­дық аудиторияға қажетті өнім­дер­ді контентімізге топтастырдық.
- Отандық сандық теленарықта ре­сейлік контент басым деп ойла­май­сыз ба? Ал жүз пайызға қа­зақ­стандық көрермен үшін Қа­зақ­-
станда жасалынған отандық кон­­тентке өзінділік, форматтар мен идеялардың жетіспеушілігі жайында айтарыңыз бар ма?
- Ұлттық арналардың телеви­зия­лық эфирінде шынымен де ресейлік контент үлесі басым. Бі­ріншіден, қазақстандық көрер­мендердің талғамы ресейлік аудитория талғамына жақын болуында, сондықтан ресейлік контенттер әркезде жоғары бе­-

- «Жетінші арна» ойын-сауық бағдарламаларын шығару жөнін­дегі Endemol компаниясының стра­тегиялық әріптесі болып табы­латын «ВайТ Медиа» компаниялар тобымен жасаған ұзақмерзімді келісімнің нәтижесінде өзінің даму стратегиясын толығымен өзгертті. Бұл телеарнаның ұстанған бағы­тына, саясатына әсер ете ме?
- «Жетінші арна» даму стра­тегиясында ойын-сауық бағытын ұстанады. Ал Endemol және «ВайТ Медиа» компаниялары біз­дің даму стратегиямызға ла­йық­ты, қажетті бизнес порт­фо­лио­сын иеленген. Көрермен ауди­ториясының талғамын, жас ерекшеліктерін, сұранысын ес­кере отырып, әріптестеріміздің туын­дыларының арасынан отан­дық аудиторияға қажетті өнім­дер­ді контентімізге топтастырдық.
- Отандық сандық теленарықта ре­сейлік контент басым деп ойла­май­сыз ба? Ал жүз пайызға қа­зақ­стандық көрермен үшін Қа­зақ­-
станда жасалынған отандық кон­­тентке өзінділік, форматтар мен идеялардың жетіспеушілігі жайында айтарыңыз бар ма?
- Ұлттық арналардың телеви­зия­лық эфирінде шынымен де ресейлік контент үлесі басым. Бі­ріншіден, қазақстандық көрер­мендердің талғамы ресейлік аудитория талғамына жақын болуында, сондықтан ресейлік контенттер әркезде жоғары бе­-
дел көрсеткішін көрсетуде. Екін­шіден, телеарналар үшін ресейлік жобаларды көрсету құқығы мен­шікті премьералық өнімді шығару құнына қарағанда едәуір арзанға түседі. Осыған байланысты эфир­де телеконтенттің жетіспеушілігі өзінділік, идеялар мен формат­тардың жетіспеушілігінен бұрын, ең алдымен экономикалық жағ­дайға тәуелді. Қазіргі таңда ұлт­тық ақпарат таратушылардың жарнамалық табысы тұрақты түрде ұлғаюда, осыған сәйкес телеарналардың сапалы премье­ралық контенттер шығындары да өсуде. Ал ұлттық бағдарламалар­дың таяу жылдары телеэфирдің басым үлесін иемденуіне алғы­шарттар басым.
- Cіздің көзқарасыңыз бойын­ша, Қазақстан телевизиялық кон­тенті қандай болуы керек?
- «Жетінші арна» жаңа даму стратегиясы жоғарыда аталған талаптарды біріктіре отырып, барлық әлемде танымал атанған ойын-сауық бағдарламаларын, сонымен қатар премьералық ұлт­тық контентті дамудың негізгі ба­ғыты ретінде таңдады. Осылай­ша «Жетінші арнаның» жаңар­тылған бағдарламалар кестесін, біріншіден - еуропалық танымал ойын-сауық шоулары, ал екінші­ден - ұлттық менталитетіміз бен салт-дәстүр ерекшелігімізді еске­ре отырып жасалынған, арнайы бейімделген және біртума қазақ­стандық телебағдарламалар құ­рамақ.
-Жаңа тартымды ТВ-өнімдерді шығару үшін әріптестер іздестіру қалай жүргізіледі?
- «Жетінші арна» бұл жағынан айрықшаланды. Біздің жаңа даму тұжырымдамамыз, тек әртарап­тандырылған жобалар кітапха­на­сына ие стратегиялық әріптес ұсына алатын, эфирге үлкен кө­лемдегі премьералық контентті орналастыруды қарастырады. Сондықтан өнім шығару, бейім­деу және контентті дистрибу­ция­лау саласында әріптестік үшін «ВайТ Медиа» және Endemol компанияларын таңдадық. Ком­паниялардың телеарна эфиріндегі үлес жиынтығы шамамен 25 па­йыз­ды құрайды. Әріптестік кө­рермендерге, әлемнің көптеген елдерінде табысты өткен ең таны­мал халықаралық ойын-сауық шоуларын, сонымен қатар жаңа ұлттық біртума және бейімделген жобаларды көрсетуімізге мүмкін­дік беріп отыр.
- Қазақстанда жаңа өнімдерді шығару инвестиция үшін тартымды болып санала ма?
- Қазақстанда телеөндіріс нар­қы даму жолында. Сондықтан премьералық ұлттық контентті инвестициялау, сөзсіз тартымды. Атап айтқанда, қазақстандық сериалдар мен бағдарламалар бедел көрсеткіштері тұрақты өсу­де. Бұл дегеніміз, әсіресе, телеар­налардың жалпы санын 10 есеге өсіретін, Қазақстанның цифрлік ақпа­рат тарату жүйесіне көшкен­нен кейінгі ұлттық контентке сұ­раныстың ұлғаятынын атап өтке­німіз жөн. Осыған байланысты біртума өнімдерді шығаруды ин­вестициялауды қазіргі уақыттан бастау қажет. Ол жағдай - кең кө­лемді жобалар кітапханасын шо­ғырландыруға, оны цифрлік ақ­парат таратуға көшкеннен кейінгі ақшалы ету құқығына мүмкіндік береді.
- Отандық теленарықта ре­сейлік контент басым деп ойла­майсыз ба? Ал жүз пайызға қа­зақстандық көрермен үшін Қа­­зақстанда жасалынған отандық контентке өзінділік, форматтар мен идеялардың жетіспеушілігі жайында айтарыңыз бар ма?
- Ұлттық арналардың телеви­зиялық эфирінде шынымен де ресейлік контент үлесі басым. Бі­ріншіден, қазақстандық көрер­мен­дердің талғамы ресейлік ауди­тория талғамына жақын бо­луын­да, сондықтан ресейлік кон­тент­тер әркезде жоғары бедел көр­сеткішін көрсетуде. Екіншіден, те­леарналар үшін ресейлік жоба­ларды көрсету құқығы меншікті премьералық өнімді шығару құнына қарағанда едәуір арзанға түседі. Осыған байланысты эфир­де телеконтенттің жетіспеушілігі өзінділік, идеялар мен формат­тардың жетіспеушілігінен бұрын, ең алдымен экономикалық жағ­дайға тәуелді. Қазіргі таңда ұлт­тық ақпарат таратушылардың жарнамалық табысы тұрақты түрде ұлғаюда, осыған сәйкес те­леар­налардың сапалы премьера­лық контенттер шығындары да өсуде. Ал ұлттық бағдарламалар­дың таяу жылдары телеэфирдің басым үлесін иемденуіне алғы­шарт­тар басым.
- Байланыс және ақпарат ми­нистрлігі цифрлік телевидениеге көшу жоспарын дәйектеді. Жоспар бойынша, Қазақстанның цифрлік ақпарат тарату жүйесіне көшуі 2015 жылға дейін жүзеге асырылуы керек. 2010 жылдың 1 желтоқ­са­нынан бастап Қазақстанның бар­лық аймақтарына ақысыз не­гізде көрсетілетін, 40 телеарна ақ­па­рат тарататын (қазақстандық және ре­сейлік) цифрлік спутниктік ақ­парат тарату жүйесі іске қосылды. Осы жайында айтарыңыз бар ма? Бұл қаншалықты тиімді және уақы­ты­лы?
- Цифрлік спутниктік ақпарат тарату жүйесінің іске қосылуы Қазақстанның 2015 жылға дейін жоспарлап отырған цифрлік ақ­парат тарату жүйесіне көшу бағ­дарламасының бастамасы деп ой­лаймын. «Цифрлікке» көшу ірі телеарналардың эфир ширегін
25 пайызға кеңейтеді. Дегенмен республикамызда телевизиялық сигналды қабылдау әркелкілігі бүгінгі күннің өзінде ұлттық ақпа­рат таратудың дамуын тежеуде. «Қазақстандық телекоммуни­ка­циялар» акционерлік қоғамының DVB-S2 MPEG4 спутниктік фор­матына көшуі бұл мәселенің ше­шімі болмақ, атап айтсақ 40 ре­сейлік және қазақстандық теле­-
ар­налар, оның ішінде біздің ар­намыз бүгінгі күні шекаралық аймақтарға да жетімді. Бұл те­леарналардың өз сигналдарын та­ратуда жұмсалатын шығын кө­лемін азайтып, кешенді цифрлік ақпарат тарату жүйесіне көшкенге дейін өз аудиториясын неғұрлым кеңейтуге мүмкіндік жасайды.
- Журналистерге берген сұх­ба­тыңызда, телеарнаның жаңа кес­тесі 80 пайыз премьералардан тұ­рады. Олардың арасында Endemol компаниясының көпке танымал The Money Drop британдық шоуы бар. Сондай-ақ көрермендерге «ВайТ Медианың» «Нағыз өмір» атты докудрамасы мен Endemol-дың әлемге танымал жобалары - SupersizeSuperskinny, WipeOut USA, ExtremeMakeover: HomeEdition, SnogMarryAvoid және тағы басқалардың қазақстандық нұсқа­лары ұсынылатын болады» деген едіңіз? «Тым батысшыл-ресей­шіл» болып кетті деген сыннан қо­рық­пайсыздар ма?
- Жоғарыда айтқандай отан­дық телеөнім шығарушылары әлі де болса шетел контентіне бәсе­кеге тұрарлықтай дәрежеге жет­кен жоқ. Арнамыз ұсынып отыр­ған Endemol компаниясының көп­ке танымал The Money Drop британдық шоуы қазақстандық көрерменнің көзайымына айнал­ды. SupersizeSuperskinny, WipeOut USA, ExtremeMakeover: HomeEdition, SnogMarryAvoid бағдар­ламалары сапалы дубляж жаса­лып, сұранысы жоғары бағ­дар-
­ламалар қатарына енді. Жаңа мау­сымда арнамыздың контент қорын әлем көрермендері сүйіп көретін бағдарламалармен қатар, атап айтқанда отандық жобалар-
ды ұсынуға аса мән бер­дік. Ал­ғаш­қы қазақстандық доку­драма жанрын­да түсірілген «По­бег из аула» сериалы, «KZландия» жо­басы өз жалғасын тапты. Жо­ба­лардың екінші маусымы алғаш­қысынан әлдеқайда өзгеше, жаңа қырынан көрініс тауып көрер­мен­нің талғамынан шығатынына үміттіміз. Осы маусымдағы тың жобаларымыз - «АЙНА on-line» жобасы мен «Қуырдақ» әзіл-сы­қақ шоуы. Ал тың жобаларымызды бағалау көрермен еншісінде.
- Сіз басшысыз. Ал басшы идея­лардың генераторы. Асылбек Ықсан «Айқынға» берген сұх­батында «Қазақстандық телеар­налардың басым көпшілігі жобаны жерсіндіру, халықтың танымы мен табиғатын ыңғайлау деген мүлдем жоқ. Тікелей көшірме жасай салады» деген еді. Сіздерде жаңа жобаларды талқылау, эфирге жол­дама беру жағы қалай шешіледі?
- Әлемдік телеиндустрияда «бейімдеу» деген түсінік бар. Әлем халқы сүйіп көретін, бір­не­ше елде сәтті өтіп, аудитория сұ­ра­нысына ие болған жобаларды бейімдеу бүгінгі нарыққа тән заңдылық. Осы заңдылыққа сай, әлемнің 12 елінің телекөрер­мен­де­рінің көзайымына айналған Endemol-дың The Money Drop британдық шоуын қазақстандық көрермен талғамына бейімдеп ұсындық. ТМД елдерінің теле­кө­рермендерінің сүйіп көрер «ВайТ Медиа» компаниясының ең сәт­-
ті жобаларының бірі «Фабрика звезд» музыкалық шоуын қазақ­стандық аудиторияға бейімдеп, көрермен бағалауымен талантты жастарға отандық эстрадаға шы­ғуына жолдама бердік. Отыз жыл­дан астам көрермен үшін ең таң­даулы бағдарламаның бірі атанған әйгілі «ЧТО? ГДЕ? КОГДА?» зияткерлік ойынын отандық біл­гір­лерді топтастыра отырып, кө­рермендерімізге бейімдеп ұсын­дық. Қазақстандық зияткерлердің алғырлығы мен тапқырлығы кө­рер­мен назарынан тыс қалмағаны да анық. Жаңа маусымда Endemol компаниясының әлемнің 35 елін­де бейімдеген әйгілі Strictly Dancing халықаралық форматын «Звезд­ные танцы/ Жұлдыздар би шашуы» жобасын қазақстандық көрерменге сый-тарту етпекпіз. Отандық телевидение, эстрада, өнер майталмандары қатысатын әсерлі шоу апта сайын көрер­мен­дерімізді ғажайып би әлемінің қыр-сырымен тәнті етпек. Жаңа маусымдағы сый-сияпатымыздың бірі - әлемнің 22 елінде ұсыны­лып отырған канадалық Un gare, une fille форматынан бейімделген «Марат и Жанна» сериалы. Се­риалдың басты рөлдерін есімдері белгілі Сергей Погасян мен Ғайни Құдайбергенова сомдайды. Жаңа маусымда «Знаки» атты отан­дық мистикалық жоба ар­намыздың эфир тізбегінен орын алды. Жоба жүргізушісі Венера Нығматуллина.
-Сіздің телеарнаның жаңалық­тар бюросы жаңалықтарды беру форматы, сюжетті сөйлету жағы­нан БАҚ-қа үлкен серпіліс алып келді. «Нысана» бағдарламасының нысанаға дөп тигенін көзіқарақты көрермен біледі. Алдағы уақытта саяси астары бар бағдарлама да­йын­дау жоспарда бар ма?
- Қазақстандық қауымға жа­ңа­лықтар ұсынуда арнамыздың ұстанған даму стратегиясындағы басты бағыттарды назарға алдық. Олай дейтініміз - біріншіден, жаңалықтар ұсыну форматы жаңашаланды, екіншіден, жаңа­лықтар тізбегінде өзектілік пен ақиқатты алға тұттық, еліміздің өңір­лерінде тілшілер қосыны мен алыс-жақын шетелдерден арнайы арнамыз үшін, қазақстандық кө­рермен үшін ең соңғы жаңалықты оқиға орнынан тікелей жеткізетін стрингерлерді тарттық (Ресей, Гру­зия, Қырғызстан, Израиль). Әлемдік маңызды іс-шараларды тікелей көрермендерімізге жет­кізу мақсатында арнайы тілші­лерімізді әлемге маңызды жаңа­лықтарды іс-шара орнынан жеткізу мәселесін де қарастыр­дық.
«Нысана» қорытынды сарап­тамалық-ақпараттық бағдарла­масы - қазақстандық телеин­дустрия­да және көрермен ал­дын­да өз орнын алған бағдарлама. «Нысана» бағдарламасының шы­ғармашылық тобының шеберлігі халықаралық, республикалық байқаулардан да жоғары баға­ла­нуда. Бір ғана бағдарламаның шы­ғармашылық тобының жет­-
кен жетістіктері ауыз толтырып айтар­лықтай. Шығармашылық топтың қандай да бір байқауға қатысуына арна басшылығы тара­пынан ұдайы жағдай жасалынған. Мысалы, «Нысана» бағдарлама­сының тілшісі Айнұр Омар 2011 жылы «Сорос Қазақстан» қайы­рым­дылық қоры ұйымдастырған журналистер арасындағы байқау­дың Гран-при жүлдесінің иегері. Жан дертіне шалдыққандар мәсе­лесін қозғаған «Бөлмедегі бөлек әлем» материалы байқауға ұсы­нылған материалдар арасында жеңімпаз атанып, тілшіміз қазақ­стандық дәрігерлер делегациясы құрамында Литваға тәжірибе алмасуға жолдама алды. Радиоло­гия және онкология институты ұйымдастырған байқауда «Өмір сүруге құқылы» атты материалы­мен жеңімпаз атанып, ақшалай сый­лықпен марапатталды. «Ны­сананың» нысанасын дәлдеп жүр­ген тілшілеріміздің бірі Ми-рас Мұ­­қашев ағымдағы жылы АҚШ-тың халықаралық дамуды қолдау агенттігі ұйымдастыруы­мен қазақстандық журналистер арасында өткізген байқауының бас жүлдесін қанжығасына бай­лады. «Құрт ауруымен күрес» та­қырыбындағы тілшіміздің мате­риалы жүзден жүйрік атанды. Бағдарламаға ағымдағы жылда енгізілген жаңашылдық - «Ілмек» рубрикасының көрермен назары­на ұсынылуы. Айдар жүргізушісі Илхам Ибрагим аптаның шулы-даулы, резонансты ақпарларын ілмекке іліп, көрермен талқысына ұсынуда. «Нысана» отандық са­раптамалық бағдарламалар ара­сында тұрақты алдыңғы үштік қатарында бағалануда, қазақтілді сараптамалық бағдарламалар ара­сында көш бастап тұрған, көрер­мен қауымының асыға күтер, са­палы әрі тартымды бағдар­ла­ма-
­ның бірі екені даусыз.
- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053