Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2439 0 пікір 9 Қазан, 2012 сағат 07:54

Қымбат Сіләмбеков. Орыс отарына айналған қазақ қоғамы

«Сананы қашан да тұрмыс билейді». Бұл - шындық. Адам заманды өзі жасайды және өзі туғызған заманның құрбаны болады да жүреді. Демек, адам - тұл. Өзі тудырған заман да - тұлдыр.

Бүгінгі біздің қоғам елдік қоғам ба, жоқ әлде, ездік қоғам ба?

Менің таңқалатыным: орыс отарының осыдан үш жүз жыл бұрын жасаған ұлттық сананы улау бағдарламасының бүгінгі таңда айна-қатесіз жүзеге асып жатқаны, еш күштеу, биліксіз. Екі жүз елу жыл бойы сананы уласа да, салдарын игілігіне толық жарата алмай кетті орекеңдер. Үндістерді түп-тұқиянымен құрту үшін конкистаторлар алдымен үндістердің тұрмысымен біте қайнасқан бизондарды құртуды қолға алды (ал бізде орысекеңдер қазақтың болмысы болған текті жылқыларын тұздай құртумен болды), ал орыс отары жымысқы саясатын жүйеледі... Салдарды ұсақ мәселерден бастайықшы...

«Сананы қашан да тұрмыс билейді». Бұл - шындық. Адам заманды өзі жасайды және өзі туғызған заманның құрбаны болады да жүреді. Демек, адам - тұл. Өзі тудырған заман да - тұлдыр.

Бүгінгі біздің қоғам елдік қоғам ба, жоқ әлде, ездік қоғам ба?

Менің таңқалатыным: орыс отарының осыдан үш жүз жыл бұрын жасаған ұлттық сананы улау бағдарламасының бүгінгі таңда айна-қатесіз жүзеге асып жатқаны, еш күштеу, биліксіз. Екі жүз елу жыл бойы сананы уласа да, салдарын игілігіне толық жарата алмай кетті орекеңдер. Үндістерді түп-тұқиянымен құрту үшін конкистаторлар алдымен үндістердің тұрмысымен біте қайнасқан бизондарды құртуды қолға алды (ал бізде орысекеңдер қазақтың болмысы болған текті жылқыларын тұздай құртумен болды), ал орыс отары жымысқы саясатын жүйеледі... Салдарды ұсақ мәселерден бастайықшы...

Ең бірінші, орыс жиһангерлігі тікенектерін қадап қамал салды. Оған әрі еңбек армиясы әрі тұрақты әскер ретінде көшпенділердің жауынгерлік шеберлігін меңгерген қарақшы, қылмыскер казактарды әкеп қоныстандырды. Дәл осыдан екі мың жыл бұрын қытай басқыншылығы ғұндардың жеріне «тың игеру үшін әкеп қоныстандырған еңбек әскері» құсап. Қытай тың игеру әскері арқылы ғұндардан Өртөсті тартып алып, өзінің меншігіне айналдырды.  Орыс құрсауынан қашқан сол қашқын орыстарды қазақ қойнына басып жомарттық танытты. Ақыр аяғы сұр жылан болып өзімізді шақты. Обал-сауабы кімге?! Сол қанішер, азғын, саяси жағынан қауіпті казактар елдің шырқын бұзды. Ал қазір ше? Біздің ел бүгінде Орта Азия мен Еуропаны жалғап жатқан есірткі нарығына айналды, қылмыскерлер мен қашқындардың құз панасына айналды. Ертең олар тұрақтап қалып... еліңді аздырып... шаяндай шағып, сеспей қатырады-ау...сеспей...

Екіншіден, орыс отары мектеп салуды қолға алды. Ол мектепте оқыған қазақ ертең орыс шашбауын көтеріп, сойылын соғу керек. Орыс менталитетімен сусындауы тиіс, сол менталитетті өз халқына сіңдіру керек Қазіргі таңдағы орыс-қазақ аралас мектептері сол миссионерлерден қалған саясат болатын. Бірақ орыстарға да дарынды қазақ керек Шоқандай, Ыбырайдай. Өкінішке орай, орыс зымиян саясатын асқан жіпсіме қулықпен ұлы тұлғаларымыз арқылы да жүргізді ғой. Бірақ өз білімдері мен талап-таланты өз халқына қарсы қару екенін сол тұлғалар тым кеш түйсінді ғой. Ал қазір ше? Қазір елімізде аралас мектеп те, орыс тіліндегі мектеп те көп, онда білім мен тәрбие алған қаракөздер де көп. Ал сол оқу ордасында оқыған қазақ сөзсіз орыс ділімен тәрбиеленетіні айдан анық. Қазақ мектебіндегі материалдық мұқтаждықты ескерген ата-ана өз баласын орыс не аралас мектепке білім алуға береді. Ол бала ертең, бір сөзбен айтқанда, Оралхан ағамыз ашына жазған «будан» болады да шығады. Немесе «Атау кередегі» Ерік «будандай» болып шығады. Міне, сол «будандар» өз ұлтына «атау кересін» іштіретін. Ал оны ойлап жатқан ата-ана жоқ. Тіпті, көзі ашық ағаларымыз да өз баласын орысша тәрбиелейтін болыпты. Бай-шенеуніктерге сөз айтудың өзі артық. Міне, ХІХ ғасырда миссионерлер қалап кеткен сол мектептер жүйесі әлі жойылған жоқ.

Үшіншіден, орыс та өз бойындағы кесір кеселдерді қазаққа әкеп түктеді. Нәтижесінде қазақ мақтанқұмар, жалған намыс, жемқорлық, жағымпаздық, кеудемсоқтық тәрізді кердең мінездерге бой үйретті. Пайдасыз, орынсыз төзімге, төменшектікке ұрындық.  Ал қазір осынау дерт қоғам індетіне айналып кетті. Талаптыны тездейді, тағы зорды төрге сүйрейді. Жағымпаздық нәсіпке, жемқорлық кәсіпке айналды. Намысымыз жалған мақтауға айналғалы қашан (қазақтан асқан қонақжай, жомарт, дарқан, ақ көңіл, тойқұмар халық жоқ, ал сонда өршілдік рух пен ержүректілік, қайраттылық қайда?!). Біреуді мақтаса жеті қат көкке сыйғызбайды. Ал осынау парықсыз мінез-құлықтар ертең ұлтымызға зор қайғы. Сол орыс отарында рухани ойсырауға ұшыраған аға буын да сол жағымсыз, пасық қылықтарды тәуелсіз Қазақстанның тәлімімен сусындауы тиіс жастарға да жұғысты қылып жатыр...

Төртіншіден, шоқындыру саясаты. Орыс жаһилдігі «ажырық соғысын» үш рет бастамақ болды. Бірақ қазақтың бағы бар екен. Орыс революциясы, І дүниежүзілік соғыс, одан кейінгі қазақ ұлт-азаттық көтерілісі тәрізді аласапырандар патшаның екіжүзді саясатын тас-талқан етті. Әйтпесе, жүрек түкпіріне ислам пәлсапасын түптей алмай жүргенде, православ пәлсапасын игеріп кетер ме едік? Алайда шоқындыру шырғалаңы басталмай тұрып-ақ, түркі тектестердің текті ұрпақтары да шоқынып кеткен еді. В.И.Тевкелеев (Тәуекелдің ұрпағы) өзімізге қарсы елшілік қылды. «Державин, Карамзин (Қарамырзаның тұқымы), Тургенев (Түргеннің тұқымы), Бекетов (Бекет), Менделеев (Меңделінің ұрпағы), А. Ахматова (Ахмет ханның  ұрпағы)» (Т. Жұртбай. «Сүйерсің, жүрек, күйерсің...»), ақын Н. Гумилев пен түркі тарихын зерттеген Л. Гумилев тәрізді орыстардың мақтанышына айналған ұлы тұлғалар да бар. Бірақ осынау аңғырт халықты Алла рухани нәубеттен сақтады. Батыс «қандай да бір пиғылды көздесе де крест жорығы тарихи қажеттілік еді» деп өзін ақтап алады. Ал мынау орыстың «ажырық жорығын» ақбас тарих «қажеттілік» деп таппады. Әйтпесе, діл тұрмақ, дінінен айырылған мақұрым мәңгүрттің нағыз өзі болар едік. Бірақ та кешегі күнге дейін орыс саясатына көнбеген Абайды «діншіл» етіп шығарып та намысымызды қорлады. Ал қазір ше? Діл тұрмақ, ұлттық қасиетіңді қақыратып тастайтын түрлі дүниетанымы дүмше діндер қазақты дуалап алды. Мұсылман да емес, православ-хрисиан да емес, буддист, католик те емес, ертең өз халқына қарсы қару кезейтін кәззап болып шыға келеді. Ал қазір Абайдай тұлғаларды «діншіл» етудің қажеті жоқ, себебі сол қайраткерлер өзі өзге дінге құлық қойған. Сонда анау орыс сомдамақ болған ғазауат соғысы еш күштеу, шабыссыз жеңіске жетіп кеткені ме? Апырай ә, орысың сан соқты, себебі қазір оның отары емеспіз, батыстың ойыншығымыз ғой.

Бесіншіден, отар қазақты іштен шіріту үшін орыс тәрбиесімен тәлім алған қыздарды да пайдалануды ойлады. Қазақ қыздарына арнап мектеп те тұрғызды. Тұңғышын Ыбырай орыстың бұл сұмпайы саясатын сезбей тұрып салдырған еді. Сонымен, орысша тәрбие алған қыздар өз отбасын да орысқа бейімдеу керек, себебі санасы уланған. Біріншіден, ол туған баласын орысша тәлімге баулиды. Балаға тәрбиені көп сіңдіретін ана екені өзі де түсінікті. Одан кейін «қырық айласымен» ерін де еліктіріп әкетуі керек. Міне, қолдан жасалған «будан» өз тұқымына төтеп берді. Ал бүгін ше? Отбасының ошағы саналатын ана өз ұлтының тәрбиесіне олақ болса, одан тәрбие көрген бала қайдан оңады ғой дейсіз. Тасбауыр, ел мұңына керең болып өседі ғой. Баланы ұлтжанды етіп өсірудің өзегі ұлттық тәрбие танымда емес пе? Тозаңға аунап жүрген тентектерді еркелетіп, «мәмбәсиін» беріп, ертегі тыңдатып, ұлттық тәрбиені сіңдіретін қарияларымыз да дүниеден көшкен. Олардың ізгі жолын олақ келіндер келіп бұзды. «Будандар», шынымен, көбейді. Ата-ананың ұрыс-керісін естіп, мәдениеттен мақұрым кино, ойын, ән-клиптарға құмартқан ұрпақ та мүгедек болары хақ. Ал байлыққа, сән-салтанатқа масайраған сұлуларымыз өзге тегі бөлектердің түтінін түтетеді. Қыз бала да ұлтты көбейтудің ұйытқысы (еврей дәстүрі бойынша, ұлттың негізі) емес пе? Ал өзгенің өркенін өркендеткен ұлтымыздың ұрпағы да бізге жат болып саналады. Біздің санатта жоқ. Ұлттық қасиеттің тіні үзілді деген осы!

Алтыншыдан, біздің жерімізге орысқа неге керек болды? Әрине, орыстың өз құлық құмары бойынша шексіз кеңістікке ұмтылады. Әлі де солай, қолынан келсе, қонышынан басып қалғысы келеді (кеңес керегесі қаусай бастағанда М. Горбачев Қазақстанның 5 облысын тың игеру тұсында Ресейден алып бере салғанбыз деп арандатты емес пе? Жапонияға да аралдарын бермей, таласып отыр...). Жері шексіз үлкен, бірақ әлеуметі нашар. Байлығы шексіз мол, әлеуеті төмен. Бірақ сол «түгі жоқ, бірақ бай» қазақ жерін орыстар ХІХ ғасырдан бастап тонады ғой. Қане шыққан мүйізі! Өз игілігін игере, оқсата алмай жүріп, өзгенің еншісіне сұғанақтық қылады. Мәселе онда емес, мәселе орысекеңдердің шексіз өктемдік пен үстемдікке ұмтылуында. Бірақ байлықты да пайда көрді. Сонымен орыс жиһангерлігі байлағымызды тонады ғой, рухани байлығымызды да тәрк етті ғой шексіз билікке ұмтылам деп. Бірақ,      Ф. Энгельс: «Басқа халықтарды езіп отырған халықтың өзі де еркін бола алмайды», - деген көрегендігі дәл келді. Орыс жиһангерлігі де рухани дағдарысқа ұшырады. Сонда қазақ та, орыс та ұта алмағаны ғой. Жә, орыс бір нәрседен ұтты, ол - біздің ұлттық рухымыздың өшуі еді. Ал қазір ше? Сол тонау үрдісі жүріп жатыр, қарышты қарқынмен жүріп жатыр... жүріп жатыр... Дәл аңқау қазақтың аңғырттығын кешіп, тонын тобығына дейін шешіндірттіп тонатып жатқан ел жоқ. Жылдық өнімнің  86%-і шетелдің шертигендерінің шөншегінде кетсе, қалған пайыздың пәленшесі өзіміздің көкелеріміздің жез қазанын майласа, қалған-құтқаны халыққа «садақаға» беріледі. Сонда да сол садақаға халқымыз біраз байыды, ең бастысы қарын тоқ, көйлек көк. Ал енді ойлаңызшы, сол шетелдің етегін майлаған еншімізді өзіміздің  қарымымызға алсақ, мүлдем шекеміз шылқып, шекпеніміз шетінен шойын шенге айналады екен-ау. Міне, байлық деп осыны айт! Мүмкін сол мезетте ғана бағанағы тоя алмай жүргендердің жүрегі айнитын болар.

Ал енді өзіңіз салмақтаңыз, ездік қоғам ба, елдік қоғам ба? Құм ішінде құмыққандай үніміз жасық, елім деген еміреніс ентіккен, дауылпаз рухымыз дүбәра болды да қалды, ұлттық сана бастауынан суалған, ұлттық қадір-қасиетіміз күңгірттенген, көмбіс өгіздей күн кешкен елге айналдық. Себебі «біздің ұлттық санамыз табиғатымыздан да қатты бүлінген» (Темірхан Медетбек). Кенезесі кеуіп сор басқан, баршын жайлауың ібіліс аунағандай бүлінген, «малайдың ерініндей, құлдың табанындай тілінген» алқапты, жіліктелген орманды елестетсеңіз, біздің де санамыз сондай суалып, сарқылған сартап даладай. Табиғат үйлесімі түзелер-ау, ал халықтың рух-жады ше?

Сонымен, қазақтың мінезін шенедік, орыстың өкіметін сөктік. Орыс-орыс деп орыс ұлтын меңзеп отырғаным жоқ. Орыс деп шексіз өктемдікке ұмтылған орыс өкіметін айтып отырмын. Әйтпесе, сол орыс өкіметі өз халқына да қарамайтын. Кезінде қазақ зиялылары да сол орыс өкіметіне қарсы шыққан. Төрт жүзге жуық көтеріліс жасаған жанкешті қазақ та орыс өкіметіне қарсы қару көтерді. Жә, бұл -өткеннің тағдыры. Біз бүгінгі тағдырымызды түгендеуді ойлайық...

Қымбат Сіләмбеков,

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-дың 2-курс студенті

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407